Химиялық байланыс және молекула құрылымы
Автор: shprehen_0667 • Октябрь 4, 2023 • Лекция • 1,063 Слов (5 Страниц) • 235 Просмотры
Дәріс 4.
Химиялық байланыс және молекула құрылымы.
Химиялық байланыс және молекулалардың кұрылысы мен құрылымы. Коваленттік байланыстың сипаттамалары мен қасиеттері. Донорлы-акцепторлы байланыс. Толық гибридтену тұжырымы бойынша молекулалардың кеңістіктегі пішіні. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі туралы түсінік.
Мақсаты: кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру:
а) химиялық байланыс теориясын және оны әртүрлі қосылыстардың құрамын, құрылымын және қасиеттерін болжауды меңгереді;
ә) химиялық байланыстардың негізгі түрлері туралы мәліметтерді жинақтап қорытындылайды;
б) химиялық байланыстарды сипаттайтын әдістерді меңгереді;
г) кез-келген жай және күрделі қосылыстардың физика-химиялық қасиеттерін химиялық байланыс теориясы тұрғысынан сипттауды меңгерді.
Химиялық байланыстың (ХБ) түзілуі –атомның тұрақтылығы жоғары электрондық қабатқа (8 немесе бірінші периодтың элементтері үшін 2) ие болуға және минимальды энергиямен сипатталатын күйге келугеұмтылуы. [pic 1][pic 2]
ХБ негізгі параметрлері – жеке атомдардан құралған заттың құрылымын сипаттайтын оның ұзындығы, беріктілігі және валенттік бұрышы.
Химиялық байланыс түзілу кезіндегі күштің негізінен электрлік табиғаты болады. ХБ түзілуі байланысатын атомдардың электрондық бұлттарының қайта құрылуымен бірге жүреді. Өзара әрекеттесуші атомдардың арасындағы электронды тығыздықтың таралу сипатына байланысты ХБ негізгі төрт типін бар: коваленттік, иондық, металдық және сутектік.
Химиялық байланыстың типтері
ХБ типі | ЭТ айырмашылығы | ХБ түзілу тәсілі | Мысалдар |
Коваленттік полюссіз байланыс | 0 | Байланыстырушы электрон бұлты екі атомның ядросына салыстырмалы симметриялы орналасқан | Электр терістілігінің мәндері бірдей бейметалдар атомдарының арасында пайда болады Н2, О2, Сl2 және т.б. |
Коваленттік Полюсті байланыс | < 1,7 | Байланыстырушы электрон бұлты ЭТ жоғары атомға қарай ығысқан | Электр терістілігінің мәндері әртүрлі бейметалдар атомдарының арасында пайда болады NH3, H2O, HCl, H2S, HBr |
Иондық байланыс | > 1,7 | Жалпы электрон жұбы толығымен электртерістілігі жоғары атомға ауысады, сол атом теріс ионға, ал келесі атом оң ионға айналады. | Металдар мен бейметалдар атомдары арасында пайда болады NaCl, BaCl2, CsF |
Металдық байланыс | - | Металл торындағы металдың оң зарядталған иондары мен бос электрондар арасында электрстатистикалық тартылу нәтижесінде түзіледі. | Табиғаты бойынша коваленттік байланысқа жақын, бірақ одан айырмашылығы – электрондардың ортақтасуы екі атомның ғана емес, бірден көп атомдардың арасындыа болады. Металдарға тән. |
Сутектік байланыс | - | Құрамына сутек атомы және электртерістігі жоғары элемент атомы кіретін молекулалар арасында пайда болады. | Байланыс заттардың молекулаларын ассоциаттарға біріктіреді, заттардың молекулалық массасы артады және қасиеттері өзгереді. |
Молекуладағы атомдардың қосылу реті заттың құрылымдық формуласын көрсетеді. Құрылымдық формулада бір сызық бір химиялық байланысты көрсетеді. Тек зарядтары қарама-қарсы атомдар ғана бір-біріне көрші бола алады.
Ва(ОН)2 барий гидроксиді | NaHCO3 натрий гидрокарбонаты |
O-2 H+1 H+1 O-2 [pic 3][pic 4] Ba+2 C+4 = O-2 [pic 5][pic 6][pic 7] [pic 8] O-2 H+1 Na+1 O-2[pic 9][pic 10] |
Атомдық орбитальдардың гибридтенуі
...