Терпендік дәрілік препараттар
Автор: zhuldizaya • Апрель 17, 2023 • Эссе • 424 Слов (2 Страниц) • 260 Просмотры
Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім Министрлігі
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
«Химия және фармацевтикалық инженерия» кафедрасы
ЭССЕ
Тақырыбы: Терпендік дәрілік препараттар.
Орындаған: Асқар Жулдызай
Тобы: ХТ-20-9K1
Қабылдаған: Атырханова Қ.К.
Терпеноидтар - олардың оттекті туындылары (спирттер, кетондар, альдегидтер, карбон ышқылдары). Көптеген терпендердің құрылысы изопренді фрагменттердiң бiр-бiрiмен «басы-аяғы>> принципі бойынша жалғасқан. Терпеноидтардың құрамындағы көміртек саны әр уақытта 5 еседен құралып отырады: 10,15,20,25 және т.б. Жалпы формуласы: (C5H8)n.
Терпендер және олардың дәрілік препараттарын талдау Терпендер - құрамында 2,3 немесе бiрнеше изопрен калдығынан тұратын көмірсутектер (2-метилбутадин-1,3)
H2C = C - CH = CH2
Классификациясы
а) құрамындағы изопренді фрагменті бойынша:
1) (C5H8)2 - монотерпендер;
2) (С5Н8)3 - сесквитерпендер;
3) (С5Н8)4 - ди немесе битерпендер;
4) (С5Н8)6 - уштерпендер;
5) (С5Н8)8 - Тетратерпендер;
6) (С5Н8)n - политерпендер.
б) құрылысы бойынша
1) ациклді
2) полициклді (моно, би, три т.б.).
Физикалық қасиеті
Ментол, терпингидрат ак кристалды ұнтақтар, валидол - сұйықтық. Терпеноидтардың барлығының (терпингидраттан баскасы) - өздеріне тән өткір иісі болады. Иістің терпендердін құрылысына байланысты болатыны зерттелген. Мысалы: құрамында 10 көміртегі атомы бар терпендердің иісі өзгеше Ментол мен бициклдi терпен-камфорының иісі бір-бірінен өзгеше, екеуі де циклдi, бiрақ ментол спирттер қатарына жатады, ал камфора-кетондар қатарына жатады. Терпингидраттың иісі жоқ, бірақ концентрлі күкірт қышқылымен әсер еткенде, терпенеолдың иісі шығады (МФ Х басылымы бойынша өзі екендігін осылай анықтайды). Ментол – камфорамен қосылғанда эвтектикалық қосылыс түзеді, мұны дәрі дайындағанда ескеру қажет. Сулы ментолдың құрамында неоментол коспасы болуы мүмкін, себебі неоментол сұйқтық. ментолдың құрылысындағы 3 ассиметриялык көміртегі атомына байланысты 4-кеңістік, цис, транс изомерлері, оңға және солға бұратын изомерлері және рацемат түрі кездеседі. Ментол ұшқыш, балку температурасы 41-440 С. Бұл топтағы дәрілік препараттар суда ерімейді, органикалық еріткіштерде, майларда ериді. Сондықтан ментолдың спирттік және майдағы ерітінділері жағар май түрінде, аэрозоль түрінде колданылады.
...