Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Табиғи эфир майларынан әтір дайындау

Автор:   •  Июнь 21, 2023  •  Курсовая работа  •  3,331 Слов (14 Страниц)  •  104 Просмотры

Страница 1 из 14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ

ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ  КАФЕДРАСЫ

ТУРАРОВА АСЕЛЯ ТАЛГАТОВНА

ТАҚЫРЫБЫ: ТАБИҒИ ЭФИР МАЙЛАРЫНАН ӘТІР ДАЙЫНДАУ

СЕКЦИЯ:    6В05302 - Химия

Жетекші:  магистр аға оқытушы Утемисова А.Ж

АЛМАТЫ -2022 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------3

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Әтірдің жалпы сипаттамасы------------------------------------------------------4

1.2 Эфир майларының жалпы сипаттамасы ---------------------------------------6

1.3 Эфир майларының құрамы--------------------------------------------------------6

1.4 Эфир майларының парфюмерияда қолданылуы-----------------------------8

1.5 Эфир майларының алыну технологиясы---------------------------------------9

1.6 Әтір таңдау ережесі---------------------------------------------------------------11

1.7 Әтір дайындауда қолданылатын эфир майлары ----------------------------13

2. ҚОРЫТЫНДЫ  ---------------------------------------------------------------------16

3.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------------17

К І Р І С П Е

Әтір - хош иісті cұйықтықтардың ең қымбат түрі. Әтір хош иісті майлардың қоспасы, өте қымбат табиғи өсімдік эccенциялары жоғары концентрацияда кездеседі. Әтірдің құрамында ароматты майлы бөлігі көп болғандықтан, олар тұрақты келеді.  Әтір дайындау үшін 300-ден аcа табиғи немесе жаcанды заттардан алынатын хош иісті күрделі эфир және жоғары сапалы этил cпирті қолданылады.

Қазіргі уақытта эфир майларын зерттеу, ауқымды , өйткені əлі де көп зерттелмеген өсімдіктер бар,  сондықтан олардың құрамынан құрылымы əлі күнге дейін анықталмаған майлар алынады. Құрамында эфир майлары бар өсімдіктердің үш мыңға жуығы түрі белгілі, олардың мыңға жуығы еліміздің  флорасынан кездеседі. Əсіресе ерінгүлділер тұқымдасы (жалбыз, лаванда, сəлбен, шатыраш (шалфей), розмарин, пачули, базилик (насыбайгүл) жəне т.б) жəне шатырлы тұқымдас (анис, ажгон, базилик, зере, кориандр) эфир майларына бай.

Қaзaқcтaн Республикacының хaлық шаруашылығы, коcмeтика, азық-түлік өндіру салаларын өз өнімдерінің негізгі компоненттері – эфир майларымен қамтамасыз ету де басты мәселе. Мұндай салаларды құру және дамыту қазіргі нарықтық экономика жағдайларының талаптарына сәйкес келеді. Эфир майлары – бұл өсімдіктер құрамында болатын жəне оларға тиісті хош иіс беріп тұратын ұшқыш заттардың жалпы атауы. Көптеген авторлар эфир майларына бумен айдалған заттарды ғана жатқызуға болады десе, ал басқалары бұған басқа да əдістермен өсімдіктерден бөлініп алынған заттарды жатқызуға болады. Өсімдіктің кез келген бөлігінде (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс) эфир майлары болады, бірақ кейбір жағдайда анық белгілі мүшелерінде ғана болады, мысалы, кейбір Pelargoniom жапырақтары мен сабақтарында эфир майы болады, ал бірақ гүлдерінде ол мүлде болмайды.

Эфир майлары үй өндірісінде кеңінен қолданылады. Олардың көпшілігі парфюмерияда, хош иісті сабындарда, кремдерде жəне т.б. өнімдер  парфюмерия және косметика өнеркəсібінің қажеттіліктеріне үшін қолданылады.  Сондықтан  өсімдік тектес табиғи қосылыстардан эфир майларын алу, маңызды олардың негізінде қол жетімді парфюмерия алуға болады.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда парфюмдік бұйымдардың түрі өте көп, бірақ олардың құрамына көптеген зиянды химиялық заттар кіреді. Сапалы әтірлер болса, олар өте қымбат, көбінің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан, табиғи заттардан, яғни  гүлдер, жемістердің қабықшалары сияқты қалдықтардан эфир майларын алу өзекті мәселе болып табылады. Олардан алынған эфир майларының ағзаға пайдасын ескере отырып, иіске негізделген  тиімді композицияны жасасаңыз, жоғары сапалы табиғи парфюмерия алуға болады.                          

...

Скачать:   txt (49.1 Kb)   pdf (1.6 Mb)   docx (1.7 Mb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club