Сары майдың пайдасы
Автор: gulmarzhum18 • Июнь 8, 2018 • Реферат • 5,124 Слов (21 Страниц) • 1,044 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Факультет: Жаратылыстану
Кафедра:Химия және химиялық технология
Оқу тәжірибесі бойынша есеп
Орындаған: Жанабергенова А.Б_________
Жетекші:Дузелбаева С.Д_______________
Досанова Б.Б_________________
Каф.меңгерушісі:Сұлтамұратова З.Б______
Ақтөбе 2018жыл
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Жаратылыстану факультеті
Химия және химиялық технология кафедрасы
Химия мамандығының 1 курс (2семестр )студенттерінің
оқу тәжірибиесіне арналған
Күнделігі
Ақтөбе 2018жыл
№ р/с | Практика бөлімінің нөмірі № | Көлем, сағат | Күні | Тапсырма этапының аталуы/ Практикалық жұмыс тақырыбы | Мазмұны |
1 | 1 | 5 | 04.06.2018 | Құжаттарды рәсімдеу және қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаж. | 1.Құжаттарды рәсімдеу. 2.Қауіпсіздік техникасы бойынша инструктажбен танысу. |
2 | 2 | 5 | 05.06.2018 | Дәріс сабағы: Химиялық зертханадағы құрал-жабдықтар,олардың жұмыс істеу принципі. | 1.Химиялық зертханадағы құрал-жабдықтар,олардың жұмыс істеу принципімен, схемасымен танысу.
|
3 | 3 | 5 | 06.06.2018 | Сары майды ветеринариялық-санитарлық сараптау | 1.Сары майдың пайдасы 2.Сары майдың жасалу технологиясы |
4 | 5 | 07.06.2018 | Сары май өнімінің сапа көрсеткіші | Сары майдың ветеринариялық, санитарлық сараптау | |
5 | 5 | 08.06.2018 | Есеп дайындау | Дәріс материалдары мен жасалған зертханалық тәжірибелер бойынша есеп беру |
Сары май-жоғары сіңімді және жақсы дәмді концентрленген майлы сүт өнімі. Сары май құрамына сүт майы, су, аз мөлшерде белокты және минералды заттар, сүт қанты, А, D, Е, К, В тобы витаминдері бар. Сары майда 60-98% май бар. Оның сіңімділігі 95-98%, балқу температурасы-28-350С. 100г майдың калориялығы 780 ккал. Сары майда 16-35% ылғалдылық және 1-13% құрғақ майсызданған сүт қалдығы бар. Сүт майы құрамындағы төмен молекулалы май қышқылдары (май, капрон, каприл қышқылдары және т.б.) 8-13% құрайды.Май құрамына тіршілікке қажетті полиқанықпаған май қышқылдары (арахидон, линол, линолен) бар, олар организмдегі қалыпты көмірсу-май алмасуын қамтамасыз етеді. Физиологиялық норма бойыншаадамтәулігінебасқамайдысанамағанда 15 г сары май тұтыну керек.
Сары майдың бірнеше түрі шығарылады. Тұщы сары майды пастерленген, ашымаған кілегейлер, ал қышқыл дәмді сары майды —қышқыл сүт бактериясын ашытықан, пастерленген кілегейлен әзірлейді. Тұщы және қышқыл дәмді сары майды тұздан да, тұзсызда дайындайды. Вологда майын жоғары температурада (95—98°С) пастерленген кілегейлен әзірлейді, сонда оның жағымды жаңғақ дәмі шығып, хош иістеніп тұрады. Ал әуесқойлық майын пастерленген ашыған кілегей алады. Онда 77 — 78 %-тен кем болмайтып май және құрамында еріген ақуыз бен көмірсулар, сондай-ақ минерал тұздары бар 20 %-ке дейін су болады. Шаруа (крестьянское) майын ашыған немесе ашымаған кілегейлен әзірлейді. Бұл майдың құрамында 71,5—72,5% май және еріген ақуыздар мен көмірсулар, минерал тұздары бар 25%-ке дейін су болады.
...