Мырыш хлоридін алу жолы
Автор: Janna Baurzhan • Декабрь 5, 2018 • Практическая работа • 2,639 Слов (11 Страниц) • 1,753 Просмотры
Қазақтан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
Факультет: “Жаратылыстану’’
Кафедра: “Экология және Химия”
Оқу тәжірибесі
Тақырыбы:“Мырыш хлоридін алу жолы”
Орындаған: 5В0111200 химия мамандығының
I курс студенті Шәймерден Ж.Б
Қабылдаған: Техн.ғ.к., ХҚТУ профессоры Жылысбаева Г.Н
Жоспар
Кіріспе
I.Теориялық бөлім. Мырыш хлориді
1.1. Мырыш хлоридінің физикалық қасиеті
1.2. Мырыш хлоридінің химиялық қасиеті
1.3. Мырыш хлоридінің алыну әдістемесі
1.4. Мырыш хлоридінің қолданылуы
II.Тәжірибелік бөлім
Лабораториялық жағдайда мырыш хлоридін алу әдістемесі
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Мырыш
Атом құрылысы. Мырыш – IV-периодта, IIB - топшада орналасқан d - элемент.
+30 )2)8)8)10) 1s22s22р63s23р63d104s2
Табиғатта таралуы. Мырыш ерте заманда жез түрінде белгілі болған, таза түрі 16 ғасырда алынған. Жер қыртысындағы мырыш шамамен 0,01% мөлшерде кездеседі. Табиғатта қосылыс түрінде полиметалды сульфид кендерінің құрамында кездеседі. Негізгі минералдары: сфалерит (мырыш алдамышы) және вюрцит, смитсонит, каламин, цинкит. Біздің елде мырыш кендері Шығыс Қазақстанда, Оралда және Сібірде бар. Сфалерит жер асты суларында, полиметалл кендерінде кездеседі. Қазақстанда Жезқазғанда өндіріледі. Сондай-ақ, Испанияда, Мексикада, Канадада, Австралияда, Германия, Польша, Чехия мен Ресейде де өндіріледі.
Мырыштың физикалық қасиеттері. Мырыш - көкшіл тартқан күміс тәрізді металл. Қалыпты температурада мырыш морт болады, ал 100-150°С-та иілгіш, жайылғыш, созылғыш күйге келеді, ал 200°С-тан жоғары температурада қайтадан морт болады.
Мырыштың химиялық қасиеттері. Ауада мырыштың сырты оксидпен немесе негізді карбонатпен қапталады. Ол қабыршық оны әрі қарай тотығуынан қорғайды. Мырыш сумен рекцияласпайды, себебі оның сыртын бірден түзілген гидроксид қорғап тұрады. Мырыш амфотерлі қасиет көрсетеді. Ол қышқылдарда да, сілтілерде де ериді.
Zn+2HCl→ZnCl2+H2↑
Zn+NaOH→Na2ZnO2+H2↑
Қышқылдарда еру процесі, мысалы азот қышқылының концентрацияларына байланысты азотта әртүрлі тотығу дәрежелеріне дейін тотықсызданады.
4Zn + 10HNO3 → 4Zn(NO3)2 + NH4NO3 + 3H2
4Zn + 2HNO3 → 4Zn(NO3)2 + NH3↑ + 3H2O
Zn + 4HNO3 → Zn(NO3)2 + 2NO2↑ + 2H2O
Мырышты өнеркәсіпте алу. Мырышты алудың барынша кең таралған екі әдісі барː
1) пирометаллургиялық әдіс; әуелі мырыш концентратын алу мақсатымен кенді байытады. Сосын ауада күйдіріп байланысқан мырышты оксидке айналдырадыː
2ZnS+O2→2ZnO+2SO2
Қыш мойнақтағы ZnO көмірмен 1300-1400°С кезінде тотықсызданадыː
ZnO+C→Zn+CO
2) гидрометаллургиялық әдіс, ол мырыш оксидін күкірт қышқылмен өңдеуге негізделгенː
ZnO+H2SO4→ZnSO4+H2O
Мұнан кейін қоспадан тазаланған H2SO4 электролизге ұшыратады.
Мырыштың қолданылуы. Қалыпты жағдайда мыпрышқа ауадағы оттек те, су да әсер етпейді, сондықтан негізгі масса және болат бұйымдардың қорғаныш қаптамаларына жұмсалады. Мырыш көп мөлшерде гальвани элементтерін дайындауға жұмсайды. Металдық мырышты гидрометаллургиялық процестерде күміс, алтын, кадмий және т.б көптеген бағалы металдарды ерітінділерінен бөліп алу үшін тотықсыздандырғыш ретінде қолданады. Өндірілетін мырыштың көп мөлшері қазіргі техникада кеңінен қолданылатын оның құймаларын алуға жұмсалады.
...