Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негіз
Автор: nurlankyzymerei • Июнь 25, 2024 • Эссе • 834 Слов (4 Страниц) • 104 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті «Заң»
СӨЖ
Тақырыбы: Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе
Орындаған: Қуаныш М.Н
Тексерген: Досжан Балабекұлы
Алматы, 2024ж
Бақыт ұғымы әркімнің таным-түсінігінде әртүрлі жағдайда қалыптастырылады. Әрбір адам «бақыт», «бақытты болу» ұғымдарын өзінше таразылап, өз таным-түсінігі мен алға жету үшін ұмтылған мақсаттарына байланысты топшылайды. Шынымен, бақыт дегеніміз не? Бақытты болу адам өмірінде қандай маңызға ие? Бақыт өмірдің мәні ме?
Адам саналы өмір сүріп, өмірдің әртүрлі өткелінен өткен сайын, танып-білген, көрген, көкейге тиген, көкжиегі кеңейіп, түйсінуі мен пайымдаулары арқылы жетіле береді.
Бақыт, бақытты болу – әр адамныі арманы. Ол ішкі әлемінде бақытқа жету үшін жасайтын өз әрекеттерін жүйелеп, бақытқа бастайтын жол іздеп, бақытты болуға ұмтылады.
Бақыт бұл – абсолюттік игілік. Қаншама жанның бақыт туралы ізгі ойлары мен бақытқа бастаған қадамдары арқылы біртұтас қоғамның бақытқа бастаған қадамдары арқылы біртұтас қоғамның бақытқа ұмтылу, бақытты ғұмыр кешу идеялары тұтасып, қоғамдық көзқарас, қоғамдық даму, ортақ әрекеттерді қалыптастырады. Бұл туралы ұлы ғұлама Әбу Насыр әл Фараби сонау заманда былай түсіндірген. Бақытқа ие болу, ұмтылу үшін адамдарға екі түрлі нәрсе қатар жүретінін айтады. Оның бірі – игілік болса, екіншісі – зұлымдық. Адамдар өзі ойлап, қиялында дамытып, іс-әрекетінде ұмтылатын бақытқа түрлі жолмен жетеді. Ол адамның ой-санасына, алған тәрбиесіне, көкірегіндегі пайымына байланысты. Біреулер бақытқа игілікті істер жасау, айналасын да бақытқа жеткізу, бақытты, дамытушы орта қалыптастыру арқылы жетсе, бәзбіреулер оңай олжа табу, ақша мен байлық, мансап пен атақ, жалған абырой үшін зұлымдық әректтер арқылы қол жеткізеді.
Әл - Фараби бақытты әр адамның өміріндегі алға қойған мақсаты ретінде түсіндірген , оның дүниетанымы бойынша адам осы дүниеге бақытқа жету үшін келген . Адам шынайы бақыттың не екенін біліп , оны өзінің өмірлік мақсаты етіп , соған ұмтылып отыруы кажет . Бақыт – көп мағыналы ұғым . Оның басты түсініктері : 1. Бақ - дәулет ; 2.Қуаныш , рахат ; 3. Жақсылыққа жету , даналық ; 4. Өмірден өз орнын табу .Осы түсініктер бір сәтте адам өмірінде болса ол адамды бақытты десек те болады.Бірақ бақыт түсінігін әркім ірқалай түсінетінін де естен шығармаған жөн.
...