Биотехнология. Генді алу жолы
Автор: Meruert98 • Ноябрь 12, 2018 • Реферат • 1,911 Слов (8 Страниц) • 1,379 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Инженерлі- технологиялық факультеті
Стандартизация және биотехнология кафедрасы
[pic 1]
Тақырыбы: Биотехнология. Генді алу жолы
Орындаған: 2 курс студенті, БТ-703
Көлбаева Меруерт
Тексерген: Корабаев Жумабай
Зейнелович
Семей, 2018
Биотехнология
«Биотехнология» атауын ең алғашвенгр Карл Эреки 1919 жылы тірі организмдердің көмегімен өндірілетін жұмыстарды анықтау үшін қолданған. 1986 жылы шығарылған Биологиялық энциклопедиялық сөздікті, өндірістегі биологиялық процестерді және тірі организмдерді қолдануды айтады. Европалық биотехнология одағы (EFB) осы күнгі биотехнологияны табиғаттану ғылымдрын ( биологияны, химияны, физиканы) және инженерлік ғылымдарды ( мысалы электрониканы биоөнеркәсіптегі биожүйелерге қолдану деп біледі, ал Европалық комиссия (EC) – биологиялық қауымдастықты қажетті өнімдермен және қызметтермен қамтамасыз ету деп толықтырады.
Биотехнология алғашқы кезеңде негізінен микробиологияның және энзимологияның жетістіктеріне сүйенсе, ал соңғы 20 – 25 жылда ол өзінің дамуына итеруші күшті қарқынды дамып келе жатқан биологиялық ғылымдардан алды, олар: вирусология, молекулалық және клеткалық биология, молокулалық генетика.
Бүгінгі ХХІ ғасырға ұмтылған биотехнология ғылыми – техникалық прогрестің алдыңғы қатарынан орын алады.
Ген инженериясының әдістерінің ашылуы биотехнология деген ерекше өндіріс түрінің дүниеге келуіне ықпал жасап отыр. Биотехнология дегеніміз микроорганизмдердің және таза белоктардың (ферменттердің) жүргізетін биологиялық процестерін халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайдалану.
Мал шаруашылығында алдағы 10 – 15 жыл ішінде биотехнологияның алға басу (процесі) гендік, клеткалық және эмбриогенетикалық инженерияның дамуымен анықталмақшы.
Ген инженериясы молекулалық биологияның жаңа саласы. Ол лабораториялық әдіс арқылы генетикалық жүйелер мен тұқымы өзгерген организмдерді алу жолын қарастырады. Ген инженериясының пайда болуы генетиканың, биохимияның, микробиологияның және молекулалық биологияның жетістіктерімен байланысты. Бұл атаудың екі түрі қолданылады: «генетикалық инженерия» және «ген инженериясы». Соңғы кезде «генетикалық инженерия» жалпылама түрде қолданылып жүр, ген инженериясы да осының ішіне кіреді.
Молекулалық биология ғылыми жетістіктерінің нәтижесінде пайда болған ген инженериясы организмнің бағалы қасиетін сақтап қана қоймай оған жаңа әрі саналы қасиет те бере алды. « Инженерия» деген атау құрастыру деген мағынаны білдіреді. Яғни ген инженериясы дегенді ген құрастыру деп түсіну қажет. Ген инженериясының дәуірі басталмай тұрып 1969 жылы Г. Корана нуклеотидтерді белгілі бір жүйемен орналасқан ДНҚ синтезінің методологиясын жасап берген. Жекеленген дербес амин қышқылы – ашытқының аланиндік тРНҚ – ның бастауыш жүйесі ашылғаннан кейін Г.Корана химиялық жолмен осы РНҚ – ның көлемі 77 полинуклеотидтен тұратын кодтың бөлігін синтездеді. Кейіннен 1979 жылы осы лабораторияда ішек таяқшасының тирозиндік тРНҚ – сы синтезделді және ол Т4 бактериофагының құрамына енгізіліп, бактерияның клеткасында жұмыс істеді.
Ген инженериясының дүниеге келген уақыты 1972 жыл деп есептеледі. Сол жылы Т. Берг алғаш рет пробиркада үш түрлі микроорганизмнің ДНҚ – ларының фрагмент – терінен жаңа гибридтік ДНҚ құрастырды. Бірақ маймылдың рак вирусының, бактериофагтың және ішек бактериясының гендік ДНҚ – ларынан құрастырылған ол гибридтік ДНҚ – ның клетка ішінде ойдағыдай жұмыс істей алатындығы тексерілмеді, себебі құрамында рак вирусының нуклеин қышқылы болғандықтан ғалымдар тәуекелге бармады.
Клеткада жұмыс істей алатын гибридтік ДНҚ – ны 1973 – 74 жылдары С. Коэн мен Г. Бойер құрастырды. Олар басқа организмнен бөліп алған ДНҚ фрагментін (генін) бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Ол плазмидадағы бөтен гендердің алғаш рет жаңа организм ішінде жұмыс істей алатынын көрсетті. Соның артынша – ақ дүние жүзінің көптеген лаборатоияларында жұмыс істей алатын әр түрі плазмидалар алынды. Совет елінде ондай бөтен гені бар плазмида академик А. А. Баевтың басшылығымен жасалды.
...