Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негіз
Автор: Aikunim1 • Февраль 22, 2024 • Эссе • 1,644 Слов (7 Страниц) • 131 Просмотры
[pic 1]
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Химия және химиялық технология факультеті
«Философия» пәні бойынша
№1 БӨЖ
Тақырыбы:
Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы түсінік жазу
Орындаған:
«Наноматериалдар және нанохимия» мамандығының
2-курс студенті
Өтешова А.Н.
Тексерген:
PhD Философия докторы,
Философия кафедрасының аға оқытушысы
Балабекұлы Д.
Алматы, 2024
Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы түсінік жазу
Жоспар
-Кіріспе
-Негізгі бөлім
Бақыт туралы түсініктері
Әл- Фараби және Аристотельдің бақыт туралы түсініктері
-Қорытынды
Бақытты болуға ұмтылу адамга жаратылысынан сіңген табиғи кұбылыс, дін әрқашан бұл мәселені адамгершілік заңды аттамай, ешкімге зиянын тигізбей шешуге тырысады. Казіргі уакыт туралы Н.Л.Сейітахметова: «XXI ғасыр - постмодернисттік секуляризм және діннін кайта өрлеу кезеңі, калай? демей, не үшін? деп сурақ коятын уакыт. Ол бізді ортағасырга жогалган сенім мен махаббатымызды кайта табуға үміттендіреді.» дейді [1].
Діннің қайта өрлеуі дегеніміз - жаппай дінге кіру емес, сенім нормаларына сай емір суру деген сөз. Қайта өрлеу - мүмкіндіктердің, сенімнің болуынын, тұрмыс қызығын сезінудің, яғни руханилык денгейінің өсуі. Діннің адамның дүниетанымына әсерін калай бағалауға болады? Философтар дін қорам мен жеке тұлгаларга белгілі бір кызметтер ұсынады деп тұжырымдайды:
1. Дін дүниетаным негізі болгандыктан адамға әлем кұрылымын түсіндіріп, оның осы әлемдегі орнын аныктап, өмір мәнін көрсетіп береді.
2. Дін адамдарға үміт, рухани қанағаттану, тірек болады.
3. Белгілі бір дінге сенген адам іштей өзгереді, шындық пен жақсылыққа сенеді.
4. Дін қоғам мен жеке адамныңда рухани өмірін сактап, әсер етуші фактор, ол халықтың мәдени мұрасын сактаушы.
Ислам - тек дүниетаным емес, адамгершілік жайлы ғылым, ол Қазақстан, Орта Азия, Шығыстағы көптеген елдердің адамгершілікте дамуына әсер етуде. Исламдык этикалык ой исламдық өмірбейнесін аныктайтын, ислам дін ретінде пайда болғалы өмір сүріп келеді. Бірақ бұл ойдың теологиялык-этиқалык жүйеде калыптасуына көп уакыт керек болды, алдымен мусылмандардын кайнар көздерінін негізі болып табылатын Құран мен Суннада бейнеленген мусылмандардын моральдік нормалары кұрастырылды. Исламдық этикалык ой Құран мен хадистердегі жазбаларга сүйеніп, мұсылман коғамына кажетті тәрбие принциптерімен қанататтандырды.
Құрандағы моральдік жазбалар карапайым өмірдегі барлык жағдайды: отбасы катынастарын, туыстар арасындагы катынастарды, басқа діндегі адамдармен қарым-қатынасты, сауда-саттық пен тоқумен айналысуды камтыған. Ислам жазбалары бойынша бақытты тек құдайга сыйыну аркылы, тек соны тыңдау арқылы табуға болады. Сондықтан да жазбаларға сүйеніп, мұсылмандар өз жолдарын тандайды. Бұл мұсылман ойының нақ ортасы және ислам жолын қуушылардың рухани өмірінде маңызды рөл атқарды. Мұсылман нағыз адам болу үшін таза, өз ісіне адал, сөйлеген сөзіне мұқият болуы керек. Сонда ғана ол Алла алдында, адамдардын алдында сыйлы болады. Діни сезім адамнын ішкі сезімін кеңейтеді, оған жаңа күш береді. Дін - өмірге сеніммен карауға, жеңілтектіктен арылуга әкелетін, адамды жеңіл әрі куанышты жағдайға жеткізетін күш. Адамды бақытты кылатын басты нәрсе - өзінің менмендігімен күрестен туған махаббат, себебі нарыз махаббатка өз құмарлыгын жену аркылы жетеді, құмарлыктан құтылган адам руханилыққа жақындайды. Сондыктан адам өмірінің мәні Аллага ұқсас рухани адам болу болып табылады. Ортағасырдағы
...