Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Каталитикалық риформинг өнімдерінен арендерді бөлу

Автор:   •  Май 10, 2023  •  Курсовая работа  •  4,699 Слов (19 Страниц)  •  283 Просмотры

Страница 1 из 19

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

                                     Жаратылыстану факультеті

                     Кафедра «Химия және химиялық технология»

                                    Студенттің өзіндік жұмысы

«Кәсіпорын экономикасы және өндірісті ұйымдастыру» пәні бойынша

Тақырыбы: Каталитикалық риформинг өнімдерінен арендерді бөлу

                                                           Орындаған: МХӨТ-301 тобының

                                                           студенті: Тулеуов Рустам

                                                           Тексерген: аға оқытушы Бекетова Г.К

 

     

                                                            АҚТӨБЕ-2023ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. ПРОЦЕСТІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР

3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР

3.1 Капиталды салымдар және амортизациялық   аударымдар есебі

3.2 Өндірісті ұйымдастыру және жұмыс уақыт балансын анықтау

3.3 Жобаланатын өндіріс негізгі және қосымша жұмысшылар санын есептеу

3.4 Жұмысшылар жалақысының жылдық қорын есептеу

3.5 Өнімнің өзіндік құнының есептелу калькуляциясы

3.6 Жобаланатын өндірістің рентабельділігі

4.  ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

5.  ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ        

 

КІРІСПЕ

           Мұнай – әртүрлі химиялық қосылыстардан және негізінен көмірсутектің әртүрлі массалы күрделі қоспасынан тұратын, айрықша иіске ие, табиғи майлы жанғыш сұйықтық. Осы мұнайдан адамның өміріне қажет көптеген заттар, соның ішінде техникалық құнды өнімдер: бензин, керосин, лигроин, дизель отыны, мазут, мотор жанармайы және тағы басқа алынады.                          

         Сондай-ақ мұнайдан көмірсутекті газдар, құрғақ газдар, химиялық өндіріске қажет шикізаттар, синтетикалық каучук, жасанды талшық, пластмасса, жуғыш заттар, бояғыштар, созылғыш материалдар және тағы басқа өнімдер шығады.

        Біздің елімізде дүниежүзінде мұнай қоры мен мұнай өндіру бойынша алғашқы орындарды иеленеді. Мұнайды тек өндіріп қана қоймай оны өңдеуде өте өзекті мәселесі болып табылады.       Елімізде үш мұнай өндеу зауыттары бар. Олар Атырауда, Павлодарда және Шымкентте орналасқан. Бірақ-та бұл үш зауыт елімізді керек өнімдермен толық қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі талқылануда.

       Бензиннің каталитикалық риформингі қазіргі мұнай өңдеу және мұнай химиясының ең маңызды процесі. Қазіргі уақытта каталитикалық риформинг тікелей жүретін бензиндерді каталитикалық жаңартудың ең кең таралған әдісі болып табылады. Каталитикалық риформинг қондырғылары барлық дерлік, отандық және шетелдік мұнай өңдеу зауыттарында бар.

      ҚР мұнай өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңызды бағыттарының бірі – жоғары сапалы отындарын алу мен жергілікті мұнай шикізатынан жоғары октанды бензинді өндіру. Соңғы жылдары елімізде отандық мұнай өңдеу зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті орын алады.

      Қазіргі кезде каталитикалық риформинг мұнайдың өңдеу процестері мен мұнай-химия өндірісіндегі жетекші және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Бұл процестің барысында бензин фракцияларының сапасын жақсарту мен күкіртті және аса жоғары күкіртті мұнайлардан ароматты көмірсутектерді ала аламыз. Соңғы уақытта жеңіл көмірсутектерден отынды газ алу мақсатындағы каталитикалық риформингтің жаңа түрі жасалуда. Кез келген өнімдерді өндіру мүмкіндігі шикізат ретінде тек қана тура айдаудың бензин фракцияларын емес, сонымен қатар мұнай өнімдерінің басқа түрлерін қолдануға жол ашты.

...

Скачать:   txt (69.7 Kb)   pdf (281.3 Kb)   docx (795.7 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club