Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Катилитикалық риформинг процесі туралы жалпы мәлімет

Автор:   •  Май 21, 2018  •  Курсовая работа  •  4,592 Слов (19 Страниц)  •  1,810 Просмотры

Страница 1 из 19

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.....................................................................................................................

4

1

Әдеби шолу..............................................................................................

1.1

Каталитикалық риформинг процесі туралы жалпы мәлімет.......................................................................................................

5

1.2

Каталитикалық риформинг процесінің қондырғылары. Катализаторды регенерациялау...............................................................

10

1.3

Катализатор қабаты қозғалмайтын каталитикалық риформинг қондырғысының технологиялық жүйесі..................................................

14

1.4

Реакторға жалпы сипаттама.....................................................................

15

1.5

ЛГ-35-113/300-95 каталитикалық риформинг қондырғысы.................

17

2

Технологиялық бөлім...............................................................................

18

2.1

Каталитикалық риформинг қондырғысының материалдық және жылулық тепе-теңдігі................................................................................

18

2.2

Негізгі аппаратқа есептеулер жүргізу.....................................................

21

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................

23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................

24

ҚОСЫМША..............................................................................................................

КІРІСПЕ

Каталитикалық риформинг – күрделі химиялық жүйе, оның ішінде әртүрлі реакциялар біріктірілген, олар жанармай фракциясының көмір – сутегілік құрамын түбегейлі түрде және сол арқылы олардың антидетонациялық қасиетін айтарлықтай жақсартуға септігін тигізеді.

Каталитикалық риформингтің негізгі мақсаты бензиннің октан санын көтеру, таза ароматикалық көмірсутектерін (бензолды, толуолды, ксилолдарды) алу. Жоғары октанды бензтн үлесі жалпы автокөлік бензинін өндіру көлеміне шаққанда негізінен осы каталитикалық риформинг процесі есебінен 80-85% жетті. Сонымен қатар гидрлеу процестеріне сутекті газ (СГ) алу.

Каталитикалық риформингтің тағы бір ерекшелігі – бұл үрдіс кезінде алынған сутегінің артық мөлшері арнайы алынатын сутегіден арзан. Оны мұнай өңдеудің гидротазалау және гидрокрекинг тәрізді басқа да процестерде пайдалану өндіріске экономикалық жағынан тиімді. Сондықтан каталитикалвқ риформинг процесінің негізгі мақсатты бағыттарының бірі ретінде сутекті газ өндіру болып табылады.

Каталитикалық риформингтің өсуінің тағы бір себебі – химия өндірісінің (жасанды каучук, жуғыш заттар, жасанды талшықтар, пластмассалар, т.б.) моноциклді ароматикалық көмірсутектерге мұқтаждығы.

Курстық жобаның өзектілігі: Каталитикалық риформинг бүгінгі заманның мұнайды өңдеудің және мұнай химиясының өте мәнді процесі болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігі автокөлік жанармайының жоғары октандық негіздік құрамын, мұнай химиялық синтез үшін ароматикалық көмірсутектерін және құрамында сутегі бар газды - техникалық сутегін мұнай өңдеудің гидрогенизациялық процесінде пайдалануға қызмет атқарады.

Курстық жобаның мақсаты: бензиннің октан санын жоғарылату мақсатындағы мұнайды екіншілік өңдеу процесі каталитикалық риформинг процесін жобалау.

Курстық жобаның міндеттері:

1. Әдеби шолу жүргізе отыра, каталитикалық риформинг процесінің жұмыс барысын талдау;

2. Каталитикалық процесстің жүру параметрлері мен технологиялық сызбасын қарастыру;

3.Алынған мәліметтерге байланысты технологиялық есептеу жүргізу.

1 Әдеби шолу

1.1 Катилитикалық риформинг процесі туралы жалпы мәлімет

Қазіргі уақытта риформингті өндірісте екі маңызды мақсат үшін қолданады: мотор отындарының октан санын көтеру үшін және ароматтық көмірсутектерді алу үшін. Бірінші жағдайда шикізат ретінде лигроин фракциясы немесе тікелей айдалған бензиндер қолданады. Алғашқы айдау  бензинінен бөлек  каталитикалық риформинг шикізаты ретінде  екінші өңдеуден шыққан өнімдерді – кокстеу,термокрекинг және гидрокрекинг бензиндерін пайдаланады. Жоғары октанды  бензин үлесі жалпы автокөлік бензинін өндіру көлеміне шаққанда, негізінен, осы каталитикалыұ риформинг процесі есебінен 80-85%-ға жетті. Риформинг нәтижесі кезінде октан саны  35-40- тан 80 - 90- пунктқа дейін көтеріледі. Ал екінші жағдайда тар (жіңішке) мұнай фракцияларын риформингке ұшыратады, оның құрамында парафин және нафтенмен бірге ароматтық көмірсутектер алады. Бензол, толуол, ксилолдар алғанда мынадай шамада қызатын фракциялар алады: бензолға 60-85 °С, толуолға 85-105-110 °С, ксилолдарға 110-130-135 °С дейін. Кең фракцияны 62 – 140°С риформингтеу кезінде ароматты көмірсутектер қоспасы алынады.

...

Скачать:   txt (69 Kb)   pdf (495.4 Kb)   docx (254.9 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club