Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Индустрия майлары

Автор:   •  Январь 21, 2019  •  Курсовая работа  •  11,595 Слов (47 Страниц)  •  604 Просмотры

Страница 1 из 47

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................................

       1.Технологиялық бөлім

1.1. Процестің шикізатына сипаттама.............................................................................

1.2.Депарафиндеу процесінің мақсаты............................................................................

1.3. Процестің технологиялық сызбасы..........................................................................

1.4.Негізгі қондырғылар....................................................................................................

1.5.Кристализация процесінің теориялық негіздері.......................................................

1.6.Технологиялық режим нормалары.............................................................................

  2. Есептік бөлім

2.1. Материалдық баланс..................................................................................................

2.2. Жылулық баланс.........................................................................................................

  3.Еңбекті және қоршаған ортаны қорау

3.1.Қауіпсіздік техникалық ережелері.............................................................................

3.2.Еңбекті қорғау  шаралары...........................................................................................

3.3.Қоршаған ортаны қорғау  шаралары.........................................................................

   Қорытынды

   Қолданылған әдебиеттер…………………………………..…………………………..

Кіріспе

             Мұнай майлары сұйық, жоғары қайнаушы, қажетсіз қоспалардан тазартылған фракциялар қоспасы. Көп сатылы синтез жолымен органикалық қосылыстардан ашылған синтетикалық майлардан айыру үшін, мұнай майларын кейде минералды деп атайды. Мұнайдан алынған минералды майларды бөлу әдісіне қарап, дистиллятты, қалдық және қосынды, яғни дистиллятты мен қалдық компаненттерді араластырумен алынатын деп бөледі.

          Мұнай майларының міндеті-әртүрлі қозғалушы механизмдердің, станоктардың, қозғалтқыштардың, машиналардың қатты беттерінің бір – бірімен үйкелісуін азайту және осының нәтижесінже, олардың тозуын болдырмау. Маймен майланғанда, металл беттерінің бір – бірімен үйкелісі тұтқыр сұйық қабаттарының бір – бірімен үйкелісімен алмасады. Май молекулаларымен майланушы металл бетінің материалының бір – біріне жабысу күші май молекулаларының бір – бірімен жабысу күшінен көп болғандықтан, металл бетінде майлаушы материалдың берік қабаты түзіледі. Мұндай қабаттың болуы құрғақ үйкелуіне болдырмайды, себебі сұйық май қабаттар арасындағы үйкелу коэффициенті құрғақ үйкелу коэффициентінен бірнеше он рет төлем, сондықтан майды майлаушы есебінде пайдалану нәтижесінде, үйкелу күшін жеңуге кететін энергетикалық шығын азаяды. Тағы да майлаушы майлар үйкелуші беттерді салқындатушы да міндетін атқарады. Депарафиндеу әдісіне байланысты, майларды былай бөледі: тазаланбаған (мұнайды тура айдаудан кейін алынған), сілтімене, қышқыл – сілтімен, қышқыл – контактпен, талғанды және адсорбциясы тазаланған, гидрокрекингтен өткен деп.Мұнай майларының пайдалану шеңберіне байланысты, оларды майлаушы және арнайы деп бөледі. Майлаушы майларды индустрия және мотор майлары, темірді жұқа жазатын станостың майлары, вакуум, цилиндр, энергентика, трансмиссия, білік, прибор, гидровлика майлары деп одан әрі тағы бөледі.Индустрия майлары әртүрлі өндіріс құрал – жабдықтарын майлауға арналған. Индустрия майларының барлық маркаларындағы сан 500С кинематикалық тұтқырлық мәнін көрсетеді.                                        Пайдалану орнына байланысты: майлайтын және арнайы деп бөледі. Майлайтын майларға индустриалды және мотор майлары, станок майлары, вакуум, энергетика, трансмиссия, гидравлика майлары, т.б. деп бөледі. Индустриалды май әр түрлі өндіріс құрал жабдықтарын майлауға арналған.      Индустриалды май топтары:

            1.И сериялы (И-5А, И-8А, И-12А) тігін машиналарын, металл кесетін станоктарды бақылап, өлшеу приборларын майлауа қолданылады;

            2.Жоғары жылдамдықты механизмдерге арналған майларды (ИГП-4, ИГП-6 және т.б.) әр түрлі станок құрал-жабдықтарын, тісті – бұрамалы беттерді майлауда қолданылады,

            3.Гидравликалық жүйелеу үшін автоматтандыру жүйелерін, редукторларды майлауға қолданылады;

            4.Л және Т сепаратор майлары.

Майлайтын майлардың өте маңызды тобын карбюратор, автотрактор, дизель және ұшақ қозғалтқыштарының мотор майлары құрайды.

...

Скачать:   txt (97.5 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (4.3 Mb)  
Продолжить читать еще 46 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club