Атом құрылысы
Автор: Dinara1223 • Март 10, 2022 • Реферат • 9,219 Слов (37 Страниц) • 921 Просмотры
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Химиялық инженерия және биотехнология жоғарғы мектебі
Реферат
Тақырыбы: Атом құрылысы
Орындаған: Бексеит Айгерім
Тобы: ХТ-20-10к1
Қабылдаған: Қыдыралиева Азиза
Шымкент 2021жыл
І ТАРАУ
АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫ
Соңғы өткен екі ғасырда ғалым - физиктер бірқатар ғылыми жаңалықтар ашып , олардың басым көпшілігін тәжірибеден өткізіп , жалпы адамзаттың зат құрылысы жайлы түсінігін тереңдетумен қатар , атом құрылысын да нақтылай түсті .
Олардың арасындағы аса маңыздыларын тізбелесек
- катодтық сәулелердің ашылуы ( Массон , В.Крукс ) :
- 2 радиоактивтілік күбылысы ( А.Беккерель ) ;
- 3. фотоэлектрлік эффект - пормен ( А.Г.Столетов ) ;
- 4. a . B , Y- сәулелердің табиғатын айқындау ( Э.Резерфорд ) :
- 5. атомдардың ядросын байқау , көру ( ЭРезерфорд ) ;
- 6. электронның массасы мен зарядын анықтау Дж.Томсон , Р.Милликен ) ;
- 7. элемент нөміріне тең , ядроның зарядын айқындау ( Г.Моли ) ;
- 8. протонның ашылуы ( ЭРезерфорд ) ;
- 9. нейтронның ашылуы ( Дж.Чедник ) ;
- 10. ядролық синтездің іске қосылуы және т.б.
Атомның химиялық реакцияға түсу қабілеті , оның физикалық және химиялық қасиеттері атом құрылымымен анықталады . Атомдардың электрондық және ядролық күрылысын білу , зерделеу химиялық факторларды кереметтей тиімді жүйелеуге мүмкіндік беріп , оны түсінуді де , дамытуды да жеңілдетті
$ 1. Атом құрылысының күрделілігі жайлы түсініктің дамуы
1805 жылы ағылшын ғалымы Джон Дальтон зат кұрылысы жайлы болжал ( гипотеза ) түжырымдайды . Ол бойынша заттар материяның ең кіші бөлшектерінен тұрады және де олар әртүрлі болып , əртүрлі элементтерге сәйкес келеді . Ол бұл бөлшектерді атом ( гректің аftomos - бөлінбейтін ) деп атайды . Бұл болжал - гипотеза реакцияларға қатынасатын заттардың салмақтық сан араларындағы қатынастарға өте қарапайым түсінік берді . Мұнан кейінгі химия мен физикадағы ғылыми жұмыстар Дальтонның атомистикалық болжалының дұрыстығын дәлелдеді және ол атомдық теорияга қалыптасты .
XIX ғасырдың бірінші жартысында талантты ағылшын ғалымы М.Фарадей , сұйық және газ арқылы электр тогы өткен тұстағы процестерді зерттей келіп , электрлік жекеленген заряд бөлшектері түрінде болады дегендей ойға келеді . Бұл бірліктегі зарядтардың шамасы бертін келе анықталады .
Катодты сәулелер – ол теріс зарядталған бөлшектер ағымы . 1891 жылы Джонстон Стоней бұл үғымды тереңдете түседі де электрдің бірлік заряды үшін электрон ( гректің elektron - янтарь ) аталуын ұсынды.
1904 жылы Дж.Томсон ( Кембридж университеті ) атом құрылысының үлгісін ( моделін ) ұсынды , оған сәйкес диаметрі 0,1нм шамасында болатын барлық көлемі бойынша бірдей тығыздылықта оң зарядталған сфера сияқты деп елестетуге болады , Электрондар осы сферада оң зарядты бейтараптай отырып , бейне бір қалқи жүзіп " жүреді .
Бұл дәлелдемелер атом құрылысы жайлы түсініктің дамуы үшін алғышарт болды да атом құрылысының планетарлық ( немесе ядролық ) үлгісін ұсынуға мүмкіндік береді ( ЭРезерфорд ) :
1. Атомның ортасында оң зарядталған ядро орналасады , ол атом ішіндегі кеңістіктің болмашы ғана бөлігін алады ( ядро радиусы 10 - 101 м ) :
2. Атомның барлық оң заряды мен күллі массасы дерлік оның ядросында шоғырланған ,
3. Атом ядросы протондар мен нейтрондардан тұрады .
4. Ядро айналасында тұйық орбита бойынша электрондар айналып жүреді , ол күн жүйесінің планетасына уксас және атомның электрондық клуызын түзеді ;
...