Атом құрылысы
Автор: raim nagidullaev • Октябрь 8, 2021 • Лекция • 1,630 Слов (7 Страниц) • 451 Просмотры
ДӘРІС 3
Атом құрылысы
Дәрістің мақсаты: Атом құрылысының кванттық моделін терең ұғыну және оны периодтық заңмен байланыстыра білуді қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
- Электронның және радиоактивтілік құбылысының ашылуы.
- Атом құрылысының күрделілігі.
- Атом құрылысы жөніндегі алғашқы теориялар.
- Атом құрылысының кванттық теориясының негіздері. Электронның кванттық сандары.
- Электронның энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерге, орбитальдарға орналасу реті. Энергияның минимум болу шарты. Элементтердің электрондық формулалары. Валенттік электрондар.
- Атом құрылысының кванттық теориясы тұрғысынан элементтердің периодтық заңы. Периодтық заңның қазіргі заманғы анықтамасы.
1811 ж ағылшын ғалымы Джон Дальтон элементтер кішкене ұсақ бөлшектерден - атомдардан тұрады деген гипотезаны ұсынған. ХІХ ғасырдың соңына дейін атом бөлінбейтін бөлшек деп есептелінген. 1897 ж ағылшын физигі Джон Томсон теріс зарядталған бөлшек - электронды ашып атом құрылысының бірінші теориясын (1904 ж) ұсынған. Томсон бойынша: “Атом біркелкі тығыздықпен орналасқан оң зарядтардан тұратын сфераны құрайды. Электрондар осы оң зарядтар арасында еркін қозғалыста болады. Оң зарядтар мен электрондардың мөлшері бір-бріне тең, сондықтан атомның заряды жок.”
Электрондар барлық заттарда болады. Электрондар зат жанғанда жалынында болады, затты қыздырғанда, жарық және рентген сәулелерімен сәулелендіргенде бөлінеді. Металдардың электрөткізгіштігін электрондар қамтамасыз етеді. Электр тоғы – электрондардың бір бағыттағы қозғалысы.
Дальтонның теориясын экспериментті түрде 1907 ж ағылшын физигі Эрнст Резерфорд тексерген. Ол үшін ол әдейі құрастырылған приборда жұқа алтын қаңылтыршаны α-бөлшектермен атқылап. α-Бөлшектердің басым бөлігі өзінің траекториясын өзгертпей қаңылтаршадан өтіп кеткен, тек өте аз бөлігі кейін қайтқан, яғни қаңылтаршаның өң зарядтарымен соқтығысып траекториясын 180о - қа өзгерткен. Резерфорд тәжірибе нәтижелеріне есептеулер жүргізу арқылы оң зарядтың диаметрі 10-13 см екендігін анықтап, атом құрылысының екінші теориясын – планетарлық теорияны (1911 ж) ұсынған. Резерфорд бойынша: “Атом оң зарядталған ядродан және теріс зарядталған электрондардан тұрады. Атом құрылысы күн жүйесіне ұқсас: ядро күн тәрізді атомның қақ ортасында орналасқан, өте аз көлемді алады. Атомның массасы ядроның массасына тең. Электрондар планеталар тәрізді ядродан алшақта айналып жүреді.”
1920 ж Резерфордтың шәкірті Чэдвик α-бөлшектердің траекториясының әртүрлі элементтердің ядроларымен соқтығысуы нәтижесінде өзгеруін зерттеу арқылы ядроның заряды элементтің периодтық жүйедегі реттік номеріне тең екендігін анықтады. Ядроның заряды протондардың санымен және элементтің реттік номерімен мынадай байланыста:
ядро заряды = протондар саны = элементтің реттік номері
Ядро оң зарядталған протондардан және нейтрал бөлшек – нейтрондардан тұрады. Протонның массасы нейтронның массасына тең:
m (протон) = m (нейтрон)
Ядродағы протондар мен нейтрондардың массаларының қосындысы элемент атомының массасына тең:
m (атом) = m (ядро) = [pic 1]m (протондар + нейтрондар)
Атомның массасына электрондар үлес қоспайды, себебі электронның массасы өте аз шама:
m (электрон) = [pic 2] m (протон); m (электрон) = [pic 3] m (нейтрон)
Атом электронейтрал бөлшек, себебі - ядро заряды электрондар санына тең:
протондар = ядро = электрондар = элементтің реттік
саны заряды саны номері
...