Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сіздің экономикалық мінез-құлқыңыз әрқашан ұтымды бола ма?

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Эссе  •  376 Слов (2 Страниц)  •  271 Просмотры

Страница 1 из 2

Сіздің экономикалық мінез-құлқыңыз әрқашан ұтымды бола ма?

   

    Қоғамдағы әр тұлға өз алдына жеке индивидуалды тип болғаннан кейін, өзіне тән экономикалық мінез-құлқы болады. Экономикалық мінез-құлық дегеніміз – жеке адамдар мен белгілі бір топтардың экономикалық тұрғыда шешім қабылдау процесі. Адамдар әр түрлі жағдайда таңдау жасай отыра өздерінің жеке қанағаттанушылықтарын максималды нұсқасын сараптайды. Экономикалық мінез-құлқын ұтымды пайдалана алатын адамда – өзіндік бақылау бар деген сөз. Яғни, өзіне не керек екендігін жақсы білетін тұлғаларды жатқыза аламыз. Неліктен дұрыс таңдау жасау қабілетінің болуы маңызды? Өйткені адам баласы робот емес, ол – эмоцианалды. Сыртқы ортаның әсеріне ұшырап, ақылға қонымсыз, дұрыс емес шешім шығару қаупін бәсеңдету үшін – тұрақтылық маңызды деп есептеймін.

    Ғылыми тұрғыдан алғанда,  қандай да бір ғылым саласы болмасын адамды зерттеуге арналатыны бәрімізге анық.  Экономика, антропология, әлеуметтану, саясаттану, биология деген секілді ғылымдар. Яғни, менің ойымша, адам ерекше жаратылыс болғандықтан әртүрлі мінез-құлықтарды, модельдерді өз бойында қамти алады.

    Мысалға алатын болсақ, Адам Смит, Дж.С. Милль, К.Маркс, Рикардо сияқты атақты ғұламалар экономика саласында баға жетпес құнды деректер, еңбектер қалдырып, өздерінің ойын жеткізгенін білеміз. Менің пайымдауымша, осы кісілердің тұжырымдамаларының ортақ бір ойы, ол – «Экономикалық адамның мінез-құлқы байлыққа бағытталады». Бұл жерде «байлық» дегенді ақша ретінде емес, жай ғана адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін игілік ретінде қарастырғанымыз жөн деп санаймын. Себебі әрбір адамның бойында алдыға ұмтылу, жақсы өмірге қызығу, байлыққа талпыну, бейімделу секілді қасиеттер орын тебеді. Сонымен қатар, әр адамзат баласы өзі үшін еңбек етеді.

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (49.9 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club