Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бұйымға арналған жаға мен әрлеу бөлшектерін құрастыру

Автор:   •  Июнь 3, 2019  •  Курсовая работа  •  4,139 Слов (17 Страниц)  •  1,620 Просмотры

Страница 1 из 17

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

          2.1 Жобалау мақсатында үлгі – аналогтарды талдау.

          2.2 Сырт киім ассортимент үлгілерінің коллекциясы

          2.3.Үлгінің техникалық эскизі. Үлгінің сыртқы түріне көркемдік-техникалық шешімдік сипаттама

          2.4Бұйымға конфекциялық карта жасау

          2.5Үлгінің конструктивті ерекшеліктерін талдау

     2.6 Бұйымның базалық және модельдік конструкциясын дайындау (М 1:4)

  1.  Бұйымға арналған жаға мен әрлеу бөлшектерін құрастыру

           2.8 Үлгіні өндірістік процесске жіберу үшін бөлшектердің лекалоларын дайындау және безендіру. Лекал спецификациясы

           2.9 Бұйым бірізділігі

           3.0 Бұйымда кездесетін ақаулар

            ІІІ. Қорытынды


   І. Кіріспе

    Киімді әркім өз бетінше таңдайды,  таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі-әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты , киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу- қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.Сонымен қатар   киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар.

      Бұйымды жобалау бірнеше сатылардан өтеді. Атап  айта өтетін болсақ...

  • үлгі-аналогтарды таңдау;
  • үлгі коллекциясы;
  • үлгінің техникалық эскизі және оған сипаттама;
  • конфекционды карта;
  • конструктивті ерекшеліктері;
  • бұйымның БК және МК-сын сызу;
  • әрлеу бөлшектері;
  • лекало дайындау және безендіру. Осы атап айтқан  талдауларға кішкене сипаттама бере кетейін.

   Үлгі-аналог - бір базалық негізде (бірдей конструктивтік элементтер, бөлінулер, силуэт, пішін) дайындалынған, түрі мен  тағайындалуы бір, тек декоративтік элементтері және материалдары ерекшеленетін киім үлгілерінің қатары.

     Киім ассортименті дегеніміз -  тұтыну сұранысын қанағаттандыру үшін өнеркәсіпте өндірілетін әр түрлі мақсаттар мен мақсаттарға арналған өнімдер жиынтығы.

     Бұйымды  жобалау  кезеңінде  негізгі  матаны  суретші  болашақ  бұйымның  стильдің  композициялық  және  конструктивтік  шешіміне  байланысты  таңдайды. Бұл  таңдауда  негізгі  болып  материалдың көркемдік  колористикалық  бейнеленуі, бетінің  фактурасы  және  қолға  ұстағандағы  қабылдануы  болып  табылады.  

Лекало оригиналдар – бұйымны базистік өлшемнің үлгісіне толық сәйкес келеді және ол конструкциясының  сызбасын көшіріп, әрбір қиындысына қажетті технологиялық қосымшаны қосады.

Лекало – эталондар – лекало оригинал арқылы градацианың көмегімен қажетті өлшемдер мен бойларға жасалады. Оларды жұмыс лекалолардың сапасын тексеру үшін жасайды.

Жұмыстық лекалолар – лекало эталондар бойынша жасайды, олар матаның шығынын анықтау барысында, мата жаймаларын орындауға арналған.Тігін бұйымының негізгі бөлшектері (артқы бой,алдыңғы бой,жең,шалбар,белдемше артқы және алдыңғы жартысы) негізінде жасалған бөлшектер – туынды деп аталады.

    Алдағы уақытта бұйымды құрастыру барысында  осы мәліметтерге толық сипаттама берілетін болады.

2.1  Жобалау мақсатында үлгі-аналогтарды талдау.

      Модель – аналогтар дегеніміз бір базалық негізде (бірдей конструктивтік элементтер, бөлінулер, силуэт, пішін) дайындалынған, түрі мен  тағайындалуы бір, тек декоративтік элементтері және материалдары ерекшеленетін киім үлгілерінің қатары. Модель - аналогтарды талдаудың негізгі мақсаты бұйымның мақсатына неғұрлым сәйкес келетін оңтайлы конструкциялық, технологиялық параметрлерді таңдау (техникалық тапсырмаға сәйкес), сондай-ақ осы киім түрі үшін қолайлы негізгі принциптік техникалық шешімдерді әзірлеу болып табылады.

...

Скачать:   txt (54.1 Kb)   pdf (702.1 Kb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club