Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лексикологияның зерттеу обьектісі мен салалары

Автор:   •  Май 2, 2018  •  Реферат  •  10,977 Слов (44 Страниц)  •  12,583 Просмотры

Страница 1 из 44

Лексикологияның зерттеу обьектісі мен салалары

Жоспар

1. Лексикологияның зерттеу объектісі

2. Лексикологияның салалары

3. Сөз туралы түсінік

Тірек түсінік: Лексикология – сөз жайлы ғылым. Сөз, сөз мағыналары, сөз түрлері. Этимология, семасиология, лексикография, фразеология.

Тілдің сөз байлығын, яғни лексикасын зерттейтін саланы лексикология деп атайды. Сөздің мағыналық, дыбыстық жағы, шығу төркіні, даму тарихи, қолдану ерекшелігі, жасалу жолы, өзгеру жүйесі т.б. жақтары бар. Бұл оның күрделі категория екендігін көрсетеді.

Лексикология – гректің «лесис» сөз және «логес» ілім деген сөзінен жасалған термин. Қазақ лексикологиясы қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік қурамын, оның дамып, баю жолдарын, фразеологияны, олардың түрлерін зерттейді және қазақ тілі лексикасының осы замандағы қалпын, оны қураушы сан алуан арналар мен қат-қабаттар, сөздердің активті және пассивті топтарын сөздердің экспрессивті-стилистикалық қасиеті мен қолдану шеңбері туралы мәселелерді қарастырады.

Қазақ тілі лексикологиясы қазақ тіл білімінің фонетика және грамматика салаларымен тығыз байланыста болады. Фонетикамен байланысы қандай сөз болса да дыбыс тіркесімен айтылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Мыс: ақ-а/қ дыбыс тіркесімен айтылып түсті білдірсе, бутақ – заттық уғымды, бес – сандық, бару-қимылдық ұғымды білдіріп тур.

Сөздердің бір-бірінен  ажыратылуы да фонемалардың саралап ажыратушы қызметіне байланысты. Мыс: сан, сен, бар, бер, бүр, кел, кәл, күл, кіл т.б. Тіл дыбыстары әдетте, сөз ішінде айтылады, сөзден тыс өздігінен өмір сүре алмайды.

Лексикология әсіресе грамматикамен байланысты. Тілдегі сөздер номинативті (атау) қызметпен бірге, грамматикалық қызмет те атқарады. Сөздер жеке дара күйінде емес, өзара байланыста қолданылады. Мыс: Жулдыз сабақ жақсы оқы. Осындағы сөздердің жеке турғандағысы – лексикалық мағыналары. Ал, грамматикалық турғыдан алғанда Жулдыз, сабақ – зат есім, жақсы – сын есім, оқы – етістік. Әрқайсысы сөйлемнің дербес мүшелері қызметінде жұмсалады. Мыс: Жулдыз – бастауыш, сабақты – толықтауыш, жақсы – анықтауыш, оқиды – баяндауыш. Міне, сөздің грамматикамен байланысы. Лексикологияның грамматикамен байланысы әсіресе сөз тудыру тәсілдерінен де айқын көрінеді. Бірақ, бул екеуі байланыста болғанмен, әрқайсысының зерттеу объектілері басқа.

Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының мынадай салалары бар: этимология, семасиология, фразеология, лексикография.

Тіліміздің сөздік қурамының шығуы, замандар бойында қалыптасуы мен дамуы т.б. тарихи лексикологияға тиісті, оның бір саласы – этимология. Этимология гректің «ефимос» шындық және «логос» «сөз», «ілім» деген сөздерінен жасалған. Ол сөздердің шығу тегін зерттейді.

Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Ол сөздердің мағыналарын, оның өзгеру, даму жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейді. Сөз затты немесе қубылысты атайды, ұғымды білдіреді. Сөз өзінің мағынасы арқылы ұғым мен байланысты болады. Сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен қуралады. Бірақ, сөздердің бәрі  ұғымды білдіре бермейді. Мыс: одағайларда белгілі мағына болғанмен, ұғымды білдірмейді. Шылауларда солай. Мыс: Сен келесің бе? Осындағы бе? сөзінде сұраулық мағына бар, бірақ ұғымды білдірмейді. Сөз мағыналарының түрлері ауыс, келтірінді т.б. семасиологияда қарастырылады. Гректің «семасиа» белгі – логос ілім сөзінен шыққан.

Шындық болмыстағы заттар мен қубылыстар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестерімен де аталады. Мыс: Қой аузынан шөп алмас (момын), төбесі көкке жету (қуану) т.б. Фразеология турақты сөз тіркестерінің құрамы мен құрылысын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын қарастырады. Фразеология – phrases «сөйлемше» және логос «ілім» жасалған.

Лексикологияның лексикография саласы сөздіктер, олардың түрлерін қарастырады. Грекше лехис – сөз және грапхо «жазамын» сөзінен жасалған. Лексиканың қарастыратыны – табиғат пен қоғамдағы сан алуан құбылыстар мен заттардың аттары болатын дербес сөздер.  Сөз жеке нәрсені аңғартады, сонымен бірге оның жалпылама мәні болады. Мыс: өзен, тау жалпы атама.

...

Скачать:   txt (152.1 Kb)   pdf (451.9 Kb)   docx (65.5 Kb)  
Продолжить читать еще 43 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club