Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Метафизика немесе «тәңірлік ғылым»

Автор:   •  Октябрь 8, 2020  •  Реферат  •  2,256 Слов (10 Страниц)  •  440 Просмотры

Страница 1 из 10

                                   Метафизика немесе «тәңірлік ғылым»

Мұның бәрі оның «Метафизика» деген кітабында баяндалған.

Метафизика үш тарауға бөлінеді.

     Бірінші тарау дүниеде бар заттар мен нәрселерді, яғни бар болғандықтан осылардың нендей жағдайларда тап болатынын зерттейді.

 Екінші тарау теориялық жеке ғылымдардың, әрқайсысы  әлдебір ерекше болмыста бар нәрсені қарастыру үшін дараланып шығатын ғылымдардың дәлелдеме негіздерін зерттейді.Бұлар, мысалы, логика, геометрия, арифметика, және басқа осы тәріздес жеке ғылымдар. Бұл (екінші кішкене тарау) логиканың негіздерін, математиканың негіздерін, физиканың негіздерін зерттейді және осылардың нарқы мен өзгешеліктерін  растайтын және түсіндіретін мәліметтер іздейді. Мұнда осы ғылымдардың  негіздері туралы көне замандағылардың қате гипотезалары : мысалы, нүкте туралы ,(өлшем) единицасы туралы,сызықтар және жазықтар туралы, осылар (бейнебір) субстанциялар болып табылады-мыс дейтін және бірінен бірінің айырмашылығы болады-мыс дейтін гипотезалар тізіп көрсетіледі, сондай-ақ ғылымдардың барлық осы сияқты жорамалдары сыналады ; бұл тарауда осылар жазғырылып, бұлардың қате екендігі түсіндіріледі.

  Үшінші тарауда дүниедегі дене емес және денесі жоқ материялық емес нәрселер зерттеледі. Алғашында олар дүниеде бар ма әлде жоқ па деген тұрғыдан қарастырылып, олардың бар екендігі дәлелденеді. Сонансоң олар көп пе, әлде аз ба деген тұрғыдан қарастырылып, бұлардың көп екендігі көрсетіледі. Сонансоң ол олардың ақыры бола ма, әлде жоқ па деген тұрғыдан зерттеледі де, ақыры болады деп дәлелденеді.

 Сонан соң олардың жетілу дәрежесі  бәрінде бірдей ме, әлде түрліше ме деп зерттеледі. Олардың жетілуінде айырмашылықтар бар екені дәлелденеді.

    Сонан кейін (100-бет ) бұлар көпшілігінде жетілмеген жағдайдан кемелділікке қарай көтеріле береді деп, Кемелділік осы сатылардың ең ақырында тұрады деп, және Онан асқан кемелді ещтеңе бола алмайды, және нақ мұндай дәрежеде ешбір нәрсе болмысқа ие бола алмайды деп дәлелденеді. Оған өзіне тең келетін де, қарама-қарсы тұра алатын да ештеңе жоқ.

Бұл Бастамадан бұрын ешбір бастама болуы, не мұнан бұрын, не мұнан ежелгі ештеңе болуы мүмкін емес. Бұл өзі парық ол өзінің болмысын абсолюттік мағынада ешбір басқа нәрседен тудыра алмайды. Бұл - Бірегей, сонымен бірге Бірінші, ең ежелгі және осы абсолюттік мағынасында жалқы.

Ол (метафизика) не барлық дүниеде бар предметтер болмыста Сонан кейін келеді деп түсіндіреді. Ол-өзінен басқа әрбіреуге болмыс беретін Бірінші болмыс.

Ол-өзінен басқа баршаға бірлік беретін Бірінші Бірегей, Ол өзінен басқа барша ақиқатқа ақиқат

беретін Ақиқат. (Метафизика) осы бірлік пен ақиқатты Оның қалай беретінін түсіндіреді. Онда қай жағынан алып қарасаң да көпшілдік мүлдем болмайды. Болмыстық немесе ақиқат деп атап жүрген барша басқалармен салыстырғанда ол ақиқат есімі мен мағынасы жағынан бірегей, есімі мен мағынасы жағынан Тұлға, есімі мен мағынасы жағынан ең нағыз Ақиқат болып табылады.

Бұдан әрі (метафизика) осы қасиеттері бар, сенгенде сенеріміз кім дегенде ол Алла-тағала деп түсіндіреді (даңқы асып, ұлықтығы арта бергей Оның! Қасиетті бола бергей оның аты!).

Сонансоң метафизика Алла-тағала жазмыш еткендердің бәрі орындалуы үшін осы жазылмыштың бәрін мұқият зерттейді.

Бұдан әрі ол (метафизика) не барлық дүниеде бар заттардың Онан қалай пацда болғандығын және болмыс онан қалай туғанын түсіндіреді.Сонансоң ол дүниеде бар заттардың сатыларын зерттейді, олар (заттар) не осы сатыларға қалай жететінін (101-бет) өздері тұрған сатыдан орын алу үшін олардың әрқайсысы неліктен лайықты екенін зерттейді, біреулердің басқаларымен байланысын, олардың тәртібін және осы байланыстар мен тәртіптің болу себептерін түсіндіреді.

...

Скачать:   txt (33.1 Kb)   pdf (80.7 Kb)   docx (15.4 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club