Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық

Автор:   •  Март 5, 2021  •  Лабораторная работа  •  1,626 Слов (7 Страниц)  •  1,027 Просмотры

Страница 1 из 7

Қысқа мерзімді жоспар

Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық

Бөлімі:

Тербелістер мен толқындар

Мұғалімнің  аты-жөні:

Асанхан Ж

Мектеп:

№264 мектеп-лицей

Күні:

Сыныбы:  9

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.5.15 – дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау;

9.2.5.16 – дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;

9.2.5.17 –  резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: дыбыс толқындарының пайда болу процесін сипаттай алады;

Көптеген оқушылар істей алады:  әртүрлі  ортадағы дыбыс жылдамдығын анықтауға берілген есептерді шығара алады.

Кейбір оқушылар істей алады: дыбыстың әр түрлі ортада таралуын зерттей алу;

Бағалау критерийлері

Дыбыс толқындарының пайда болу процесін сипаттай алады

Есептер шығару кезінде қашықтықты анықтау үшін шағылу толқынында қолданылады.

Әртүрлі  ортадағы дыбыс жылдамдығын анықтауға берілген есептерді шығара алады

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Өткен тақырыптан сұрақтар

  • Толқын ұзындығы дегеніміз не?
  • Толқын ұзындығының өлшем бірлігі?
  • Толқын ұзындығы белгіленуі?

Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Қалыптастыру

шы бағалау: Мадақтау арқылы

Оқулық

 

Сабақтың ортасы  

30 минут

Жаңа тақырып

Дыбыстық толқынның адам құлағының жарғағына әсер күші дыбыс қысымына тәуелді. Дыбыс қысымы деп дыбыстық толқын өткендегі газда немесе сұйықта пайда болатын қосымша қысымды атайды. Дыбыс қысымының жоғарғы шегінде құлақта ауырсыну байқалады.Дыбыс қысымы үлкен амплитудамен өзгеретін дыбыстық толқындар қатты дыбыстар, ал дыбыстық қысымы кіші амплитудамен өзгеретін дыбыстық толқындар әлсіз дыбыстар ретінде қабылданады. Есту мүшесінің дыбысты қабылдауы дыбыс толқынының құрамына қандай жиіліктердің енетініне байланысты.

Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.

1- тапсырма бос орынды толтыр

Адамның есту диапазоны қандай?

Адам ...                                                             Гц-ке дейінгі дыбыстарды ести алады.  

Жиілігі ...                                                                                                                  дыбыс инфрадыбыс деп аталады. Инфрадыбыстар адамдарда мазасыздық пен үрей тудырады деп пайымдалады. Инфрадыбыстар үлкен қашықтыққа тарала алады, піл секілді жануарлар инфрадыбыстарды ...         үшін қолданады деген болжам бар. Дыбыстың жиілігі ...                                                                                   болғанда, ультрадыбыс деп аталады. ...                                                                            ультрадыбыстарды жіберіп, жаңғырығын қабылдау арқылы қорегінің орнын анықтай алады.

2-Тапсырма

1. Қай эксперимент дыбыстың серпімді ортада таралуы туралы болжамды растайды?  

1)Қоңырауды ауасын сорып алуға болатын ыдыстың ішіне орналастырады. Осы ыдыстың ішіне қоңырауды автоматты түрде сыңғырлататын механизмді орнатады. Ыдыс ішіндегі ауаны сорып шығара бастағанда ауа қысымының азаюына байланысты дыбыстың естілуі де бәсеңдейді.             

2)Көлдегі балыққа жем тастаған сайын қоңырау сыңғырлап тұрды. Сосын қоңырауды сылдырлатады, бірақ жем тастамайды, балық жем іздеп су бетіне шығады.    

                                                 

А. 1 және 2.              В. 1 де, 2 де емес.               С. Тек 2               D. тек 1.

2. ν1 = 100 Гц, ν2 = 12 кГц, ν3 = 100 кГц. Акустикалық дыбыстың диапазоны қайсысы?

А.  көрсетілген жиіліктердің барлығы дыбыстың жиіліктері

В.  ν1 мен  ν2 дыбыс, ν3-ультрадыбыс

С.  ν1 –инфрадыбыс,  ν2 -дыбыс, ν3-ультрадыбыс

D.  ν1-дыбыс,  ν2 мен ν3-ультрадыбыс

3. Естілетін дыбыс диапазоны 20 Гц-тен 20 кГц-ке дейін екені және дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 330 м/с екені белгілі. Естілетін дыбыстың толқын ұзындығы бойынша диапазоны қайсысы? 

А. 6,6 мм - 6,6 м.       В. 3,3 см - 33 м.       С. 0,4 мкм - 0,7 мкм.      D. 17 мм - 17 м.

4. Ауада таралатын дыбыстың дыбыстың жиілігі 2 есе артса, толқын ұзындығы қалай өзгереді?                                                                                                                                                                                 А. 2 есе артады.        В. 4 есе артады.       С. 2 есе кемиді.       D. 4 есе кемиді.

5. Жиілігі 680Гц электр тербелістер шығаратын дыбыс генераторының шығысына динамик қосылған. Ауадағы дыбыс жылдамдығының  340 м/с  екенін біле отырып, дыбыс толқынының ұзындығын анықтаңыз.

...

Скачать:   txt (12.2 Kb)   pdf (110.4 Kb)   docx (15.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club