Гуманизм - Қайта жаңғыру мәдениетінің құндылық негізі
Автор: zarema00 • Ноябрь 18, 2018 • Лекция • 2,480 Слов (10 Страниц) • 2,609 Просмотры
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ ДӘУІРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ
1. Гуманизм - Қайта жаңғыру мәдениетінің құндылық негізі
2. Итальяндық қайта жаңғыру көркем мәдениетінің ерекшеліктері
ГУМАНИЗМ-ҚАЙТА ӨРЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
1. Қайта өрлеу дәуірін (фр. Ренессанс) Кейінгі Ортағасыр мен Жаңа заман арасын қамтыған Еуропа мәдениетінің даму кезеңі деп атайды. Өзінің тарихи жағдайы бойынша Ренессанс-өтпелі дәуір, бірақ мәдени мәні бойынша ол жоғарғы шыңға жеткен. «Қайта жаңғыру» термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512-1574) өзінің «Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев,ваятелей и зодчих» (XVIғ) деген еңбегінде алғаш рет қолданған.Демек,бұл терминнің мағынасы – көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады.
Ренессанс мәдениеті Еуропаның барлық елдерінде қалыптасты. Ол әр түрлі сипатқа ие болды және уақыт бойынша әр түрлі шекараларды қамтыды. Классикалық Қайта жаңғыру елі - Италия болды. Итальяндық Қайта жаңғыру мәдениеті былайша бөлінеді: Проторенессанс (қайта жаңғыру қарсаңы)—XIII-XIV ғғ.; «Бастапқы Қайта жаңғыру дәуірі» (кватроченто)—XV ғ.; Кемелденген Қайта жаңғыру (Чинквиченто) — ХV ғ. соңы —XVI ғ.б; Кейінгі Қайта жаңғыру — XVI ғ.
Қайта жаңғыру мәдениетінің негізгі белгілері: гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық христиандық дәстүрлерді нәрлендіру, көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту (философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.
Мәдениет саласындағы өзгерістердің негізі Еуропаның көптеген елдерінің: Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Англия өміріндегі елеулі өзгерістерге негізделген жаңа дүниетаным болды. Жаңа дүниетанымның мағынасы және дәуірдің басты рухани құндылығы Ренессанс мәдениетінде алғаш рет қалыптасқан көзқарастар жүйесі ретінде гуманизм болды.
"Гуманизм"ұғымын XV ғасырда енгізген. Өзін гуманистер деп атай отырып, олар өз мүдделерінің Құдайға емес, адам істеріне бағытталғанын білдірді. Олардың басты назары адам тұлғасына аударылды. Гуманистер адамның рухани және дене сұлулығына, оның ақыл-ойы мен ерік-жігеріне, оның шығармашылық жетістіктерінің ауқымына тәнті болды. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын,абыройын қорғау-басты орынға қойылды.Міне,сондықтан да болар,шынайы гуманизм адамның бостандық алуға,бақытты болуға, өз қабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жариялады,адамдар арасында қарым-қатынас теңдік,әділдік,адамды сүю және адамгершілік принциптерін жақтады.Ерекше атап өтетін бір жайт,Қайта жаңғыру заманының гуманизмі адамды дін бұғауынан босатуға бағыталды, яғни дін мен шіркеу ықпалын әлсіретуге барынша күш салды. Гуманистердің пікірінше, жазушылар мен суретшілер, олар жырлайтын кейіпкерлерден жоғары, өйткені батырдың даңқы — қаламның ұшында немесе өзінің шығармаларында өшпес сыйлайтын Жаратушының қылқаламында. Басқаша айтқанда, асыл адам-гуманист,"рух аристократы". Жаңа, рухани, аристократизм жаңғыру гуманистік мәдениетінің белгісі болды. Ендеше бұл дәуірдің гуманистікидеялары-рухани төңкерістің негізі болды,ал өз кезегінде бұл төңкерістер буржуазиялық революциялар толқынымен және жаңа Еуропаның мәдениеттің қалыптасу процесімен тығыз байланыста болды.
Гуманизм халық қозғалысы болған жоқ. Оның жақтаушылары ғалымдар мен суретшілердің салыстырмалы аз тобы болды. Тарихи қысқа мерзім ішінде талантты жасаушылардың мәдени байлықты жасау мүмкіндігі,оның көлемі мен кереметтілігі бізді бүгін де таң қалдырады.
Итальяндық гуманизм ошақтары итальяндық Қайта өрлеу феноменіне тән гуманистік академиялар болды. Бұл еркін ұйымдастырылған, кейде эрудиттер мен олардың пікірлестерінің, әр түрлі атағы бар және әр түрлі жағдайдағы адамдардың жиналатын үйірмелері. Оларды, әдетте, антикалық мұраға қызығушылық пен жаңа білімдермен байытуға ұмтылыстары біріктірді. Кездесулердің мақсаты жағымды уақыт өткізу, өзара ағарту, бір-бірінің еңбектерімен танысу болды. Академиялардың жиналысында әр адам өзінің ерекше ойымен көзге түсуі тиіс болды және бұл оларды ғылым мен өнерде жетілдіруге итермеледі. Бұл жерде таза сөйлеу нормалары туралы түсінік пайда болды, өйткені ғалымдар мақұлдаған сөйлеу қабілеті бағаланды, сондықтан да академиялардың құндылықтардың жаңа жүйесін бекітудегі рөлі ерекше болды.Ең танымалы М. Фичино атты Платон академиясы болды.
...