Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Автономды жарықшамдар моделі

Автор:   •  Сентябрь 17, 2022  •  Контрольная работа  •  1,383 Слов (6 Страниц)  •  201 Просмотры

Страница 1 из 6

Сәлеметсіздерме құрметті қазылар алқасы мен қатысушылар. Мен Қарағанды облысы Балқаш қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы 8 орта мектептің 11 сынып оқушысы Танатова Аяулыммын.

Менің жобамның тақырыбы: Автономды жарықшамдар моделі

Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім:Мен Балқаш қаласындағы Жұмысшылар қалашығында тұрамын. Қаламыздығы ең проблемалы аудан ол жұмысшылар қалашығы болып табылады. Бұл қалашықтағы көшелерде басқа қала көшелеріне қарағанда жарықтандыру желісі өте төменгі деңгейде.Мен өзім тұратын  үлкен көше  Металлургов көшесіне баламалы энергия көздерін қолданып,жарықтандыру жолдарын  ұсынғым келеді.

Жобамның мақсаты:Альтернативті энергия көздерінің күнделікті тұрмыстағы пайдасы мен үнемділігін зерттеу және тұрмыста қолдану.

Жобамның міндеттері:

1.Энергия үнемдеуші шамдар және альтернативті энергия көздері туралы әдебиеттер мен жалпы ақпаратты жинастыру.

2.Энергия үнемдеу шамдарының адам денсаулығына әсерін зерттеу.

3.Альтернативті энергия көздерін көшелерді жарықтандыруда қолдану үнемділігін зерделеп,бизнес жоспар жасау.

4.Альтернативті энергия көздерінің адам өміріндегі пайдасы мен адам денсаулығына әсері жайлы кітапша құрастыру.

Жобаның болжауы: - егер келешекте альтернативті энергия көздерін көшелерді жарықтандыруда жүйелі түрде қолдансақ, аймақтың эстетикалық, экологиялық жағдайының жақсаруына ықпал етер едік;

- альтернативті энергия көздеріне көшу (жел және күн энергиясы) дәстүрлі энергия көздерінің үнемделуіне әсер етер еді.

Өзектілігі: Энергия бағасының өсу факторлары:

•Сұраныстың артуы

•Көмір сутегі көздерінің сарқылуы

•Қаржы нарықтарындағы спекуляция.электр энергиясы бағасының қымбаттауы

•Саяси тұрақсыздық альтернативті энергия көздеріне көшуге бағыттайды.

Менің жобамның зерттеу кезеңдері 5 кезеңнен тұрады.Оны сіздер слайдтан көре аласыздар.

Ал енді зерттеу  нәтижесіне келсек:(возможно айтпаймын)

Энергияны үнемдейтін шамдар қыздыру шамдарына  қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие, бірақ олар да адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсер ететін бірқатар кемшіліктер бар.

Энергияны үнемдейтін шамдар қыздыру шамдарына қарағанда қолайлы болғанымен, оның кемшіліктерін айта кету қажет.

Күнделікті тұрмыста адамдардың энергияны үнемдейтін шамдарды пайдаланатындығын біліп,оларға энергия үнемдейтін шамдарды қалай пайдалану жолдары ұсынылды.

Оқушылардың  факультативтік  сабақтарда  қосымша  құрал  ретінде  қолданатын  зерттеу  материалдары  топтастырылған  кітапша  жасалды.

Бұл  кітапшаның  құндылығы  – қосымша  оқу  құралы  ретінде  оқушының  факультатив, таңдау  курстарында  пайдалануға  болатындығы.

Альтернативті энергия көздеріне көшудің негізгі себептері ол экологиялық, әлеуметтік, саяси, тарихи-эволюциялық, экономикалық жағдайларға байланысты.

Жұмыс барысымен таныстыра кетсем: 

Альтернативті энергия туралы мәліметтер іздеп, ақпарат көздерінен оның қасиеттерін және қолданылуын зерттедім.

Жұмысшылар қалашығындағы  Металлургов көшесін жарықтандыру үшін қолданылатын баламалы энергияның шығындарын есептеп,бизнес жоспарын құрып,автономды жарықшамдар моделін жасадым.

Жұмыс барысында энергияны үнемдейтін шамдар қолданыстағы шамдарға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие болса да, оларда адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсер ететін бірқатар кемшіліктер бар екендігін біліп,мектеп оқушылары мен ұстаздарынан сауалнама алып,зерделедім.

Альтернативті энергия-энергияның қоршаған ортаға аз қауіп төндіретін, дәстүрлі энергия түрлері секілді кең таралмаған, бірақ өзінің тиімді пайдаланылуы мен алынуы, берілуі және қолданылуы жағынан перспективті түрі болып табылады.Қазіргі кезде альтернативті энергетиканың негізгі бағыты дәстүрлі емес энергияны іздеу және оны игеру болып табылады.

...

Скачать:   txt (19.7 Kb)   pdf (109.6 Kb)   docx (439.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club