Өндірістік оқыту
Автор: azhar1989 • Май 16, 2018 • Творческая работа • 1,151 Слов (5 Страниц) • 987 Просмотры
Санжар Жандосов атындағы Қаскелең
кәсіптік-техникалық колледжінің
«Тігінші» мамандығы бойынша
арнайы пән оқытушысы және
өндірістік оқыту шебері
Жүнісқан Ажар Тұрсынбекқызы
Алматы облысы, Қаскелең қаласы
Астарлы тік белдемшені дайындау
Пәні: «Өндірістік оқыту»
Программаның тақырыбы: «Астарлы тік белдемшені дайындау»
Сабақтың тақырыбы: «Белдемшенің етегін өңдеу. Соңғы әрлеу жұмыстары»
Сабақтың мақсаты: Өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
- студенттерді жапсырмалы қалта және қосымша бөлшектерді дайындау
алгоритмімен таныстыру;
- белдемшелерді өңдеу бойынша теориялық материалды бекіту;
- белдемшелерді өңдеу бойынша теориялық білімді практика жүзінде көрсету;
- белдемшенің түйіндерін өңдеп үйренуі;
- жұмысты қатесіз орындап үйренуді қалыптастыру;
Дамытушылық:
- өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- шығармашылық және көркемдік-эстетикалық қабілеттерді дамыту;
- студенттердің нұсқама-технологиялық құжаттармен жұмыс істеп үйренуін қалыптастыру;
- кәсіби маңызды сапаларды әрі қарай дамыту: зейінді, ұқыптылықты, көзмөлшерді.
Тәрбиелік:
- жұмысқа шығармашылық көзқараспен қарау;
- өз кәсібін сүюге, еңбекті сыйлауға тәрбиелеу;
- жауапкершілікке, адалдыққа, саналылыққа тәрбиелеу;
- студенттерді кәсіби-денешынықтыруға тәрбиелеу;
- озық технологияларды қолдану қажеттілігін қалыптастыру;
Сабақтың типі: еңбек процесстерін үйрену сабағы.
Сабақтың түрі: аралас (әңгімелесу, көрнекі құралдарды көрсету, еңбек амалдары мен операцияларды орындау).
Оқыту әдісі: практикалық.
Пәнаралық байланыстар:
Тігін өндірісінің технологиясы –«Тік белдемшені дайындау» тақырыбы
Еңбек қорғау – «Қол, машина, ылғалды-жылулық жұмыстарын орындаудағы техникалық қауіпсіздік» тақырыптары
Материалтану – «Маталардың жіктелуі», «Маталардың қасиеттері» тақырыптары
Тігін өндірісінің жабдықтары - «Тігін машиналарының классификациясы», «51-Акл арнайы машинаның сабақталуы».
Материальді-техникалық қамтамасыз етуі:
- компьютер, видеопроектор;
- презентация;
- нұсқамалы-технологиялық карта;
- әйел белдемшесінің үлгі-эталоны;
- белдемшенің бөліктері;
- жіптер, құрал-жабдықтар мен қондырғылар;
- GEMSY 5590 кл ,51 Акл машина, пішу стөлі, жұмыс стөлі, үтіктеу стөлі,
үтіктеу колодкасы, үтік.
Әдебиеттер тізімі:
Солнцева А.В. Юбки, 100 стильных моделей. – Ростов н/Д: «Феникс», 2007г.
И. Захарченко Тігін өндірісіндегі материалтану: Астана – 2012
А. Оралбекова, С. Әбдіжаббарова Тігін өндірісінің жабдықтары: «Фолиант» баспасы, 2011
Труханова А.Т. Иллюстрированное пособие по технологии легкой одежды:
Қосымша әдебиеттер:
Практикум по производственному обучению профессии «Портной»: П 691 Учеб.
пособие для нач. проф. образования/ Т.В. Моргунова, Н.Н. Байкова, Е.В.
Тулупова, Е.В. Стрельцова. – М.: Издательский центр «Академия», 2004.
...