Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары
Автор: Asel28 • Сентябрь 23, 2021 • Реферат • 5,542 Слов (23 Страниц) • 373 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
«Тарих,экономика және құқық»факультеті
«Дүниежүзілік тарих жіне әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы
Өзіндік жұмыс
Тақырыбы:Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары.
Орындаған:Ист-11 топ студенті Онгарбаева Ә.А
Тексерген:аға оқытушы,магистр Мырзабаева Б.М
Орал-2020
ЖОСПАР
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І ТАРАУ.ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.................................................................................................................4
- Рәміздердің қалыптасуы....................................................................................4
- Қазақстан мемлекетінің рәміздеріндегі бейнелік ерекшеліктер....................7
ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ.............................................................................................................8
2.1 Мемлекеттік Елтаңба.........................................................................................8
2.2 Мемлекеттік Ту................................................................................................10
2.3 Мемлекеттік Әнұран........................................................................................12
2.4 Мемлекеттік рәміздер туралы заңдар.............................................................13
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................26
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................27
КІРІСПЕ.
Тақырыптың өзектілігі:Кез келген мемлекеттің өзіне тән ерекшеленетін белгілері болады. Осы белгілері арқылы мемлекет өзін халықаралық қауымдастық алдына ұсына алады. Мемлекетті жекелендіретін белгілер ерте заманнан бері қалыптасқан.Кезінде тайпалардың өзінде оларды басқа тайпалардан айыруға мүмкіндік беретін арнайы белгілер болған. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін жеке мемлкеттік рәміздерін бекітті. Ондай рәміздер Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран ретінде Елбасымыз «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты заң күшіне енді. Төмендегі жұмыстарда мемлекеттік рәміздер туралы сөз болады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін зерттей отырып, құрылу тарихымен танысу.
Жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер тарихымен танысу
- Қазақстан Республикасының рәміздеріндегі бейнелермен танысу, талдау.
Жұмыстың хронологиясы : 1991 жылдан қазіргі уақыт аралығын қамтиды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жұмыста кітаптар мен әлеуметтік желі материалдары қолданылды .
Зерттеудің методологиялық негізі:Рефератты жазу барысында кітаптардағы материалдарды қолдану,әлеуметтік желі арқылы іздену, талдау , жасау, қорытындылау әдісі пайдаланылды.
Өзіндік жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының рәміздер тарихынан мәлеметтер қамтылса, екінші тарауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне жекеше тоқталған мәлеметтерден тұрады.
І ТАРАУ.ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
1.1Рәміздердің қалыптасуы.
Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Рәміздер тарихы алғашқы қоғамдағы тотемге табынудан бастап, кейін түркілер дәуіріндегі көк бөріге табыну, Орта ғасырдағы хандықтар мен патшалықтардың елтаңбалары мен жалаулары және теңгелеріндегі айшықты белгілерімен сабақтасады. Өткен ғасырдың 90-жылдары Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Әнұраны әлемдік рәміздер каталогына еніп халықаралық қауымдастықта мойындалды. Елтаңба-елдіктің, тәуелсіздіктің, мемлекеттіліктің ерекше белгісі, неміс тілінен аударғанда «мұра» немесе «енші» мағынасында айтылады. Қазақ жерінде алғашқы мемлекеттік бірлестіктер қашан пайда болса, елтаңбалар тарихы да сол кезеңнен басталады. Басқаша айтқанда, елтаңба тарихы - бұл мемлекеттің тарихы. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген мемлекеттің Елтаңбасы өзіндік ерекшелігімен бір елді екінші елден ажыратып тұрады. Айталық, ерте темір дәуіріндегі сақ тайпалары өзгелерден «тамға» аталатын тотем белгісі арқылы бөлініп тұрған. Тамға - ерекше белгі, қасиетті рәміз, мөр дегенді білдіреді. Б.з.б.V ғасырда Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның" киімі 4 мыңға жуық әшекеймен безендірілсе, сол әшекейлер барыс, бұлан, тау-теке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «аңдар стилінде» жасалған. Көк Туымыздағы ою-өрнекті «қошқар мүйіз» де осыдан шыққан. Елтаңбаға «Алтын адамның" бас киіміндегі екі жаққа қараған мүйізді қанатты пырақты аттар негіз етіп алынды. Әшекейінің рәмізі болғаны туралы болжамдар айтылса, б.з.д. IV–III ғғ. өмір сүрген көшпелілер көсемі обасынан табылған Берелдің мүйізді пырақтары, өзінің табиғи құдіретімен барлық болжамдарға нүкте қойды».
...