Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Автор:   •  Март 16, 2019  •  Лекция  •  255 Слов (2 Страниц)  •  498 Просмотры

Страница 1 из 2

1Тақырып: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

1992 жылғы 4 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойып, Қазақ елі өзінің мемлекеттік рәміздеріне ие болды. Содан бергі аралықта ҚР дербес, тәуелсіз ел деп бүкіл әлем мойындап, ол негізгі халық-аралық ұйымдарға мүше болып қабылданды.

Мемлекеттік елтаңба - Мемлекеттік елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны киелі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында – Қазақстан деген жазу бар. Елтаңбаның реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

Мемлекеттік ту - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – мемлекетке тән ресми белгілердің бірі. Мемлекеттік ту мемлекеттік мекеме үйлерінде, шетелдегі елшіліктер мен консульдықтарда, мекемелерде, т.б. жерлерде көтерілетін арнаулы белгі. Мемлекеттік ту - тік бұрышты (ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр) көгілдір мата. Мемлекеттік ту екі түстен тұрады: көгілдір және алтын түс. Көгілдір түс – бейбітшілік, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Алтын түс – байлық, молшылық негізінде.

Тудың ортасында көгілдір түс аясында күн бейнеленген. Күннің төменгі жағында бостандықтың рәмізі – қыран құс бейнеленген. Сол жағында қазақтың дәстүрлі өрнегі бар.

Мемлекеттік әнұран - Әнұран – ерлік пен елдік, намыс пен қуаныш жайлы асқақ ән, бұл өзінің қаныңмен де, жаныңмен де берілген мемлекетің мен халқың жайлы, оның бірлігі туралы мадақ жыр. Мемлекеттік әнұранды айтқан кезде әркім өз ішінен: «Мен-өз халқымның ұлымын, мен – соның бір бөлшегімін», - деп қайталап еркіңнен тыс орнынан тұрып кететін сияқты. Әнұранның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

...

Скачать:   txt (3.5 Kb)   pdf (66.1 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club