Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы

Автор:   •  Март 27, 2022  •  Лекция  •  665 Слов (3 Страниц)  •  304 Просмотры

Страница 1 из 3

7 тақырып. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы

2. Оқу нәтижелері:

-Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері туралы біледі;

-тарихнамалық міндеттерді шешуде библиографиялық және басқа да ақпараттық дерек көздерін қолдана алады;

Жоспар:

1. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау

3. Құқықтық реформа және заңдарды ізгілендіру

4. Президенттің Қазақстан Халқына алғашқы Жолдауы. «Қазақстан – 2050» стратегиясы:

    қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.

80-ші жылдардың соңында Кеңес мемлекеті ыдырай бастағаны белгілі. Халық депутаттары I съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық дербестік, орталық пен федерациялық мүшелері арасында өкілеттілікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады. Демократиялық қайта құрылыстың және ұлттық сананың ояну процестерінің дамуы, оқиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік  басшылық тарапынан осыған сай орталық пен одақтас республикалдардың қарым-қатынасын үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті. Жаңа шындық жағдайды есепке ала отырып, одақты қайта құру идеясы кеңінен қолдау тапты және ол «төменнен» автономиялық және одақтас республикалардан  көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндірістік құрал-жабдықтарына, оның ішінде өнеркәсіптің негізі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді. Республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңартуға бағытталған қозғалысты Н.Ә.Назарбаев басқарды. Ол демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, ұлтаралық ынтымақтастықты сақтау, саяси тұрақтылықты сақтауға  баса көңіл бөлу саясатын ұстанды. Бірақ Қазақстанда басталған әміршіл-әкімшілдік жүйені  күйретуге мемлекеттік басқару құрылымының Қазақстан коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады. Жекелеген партия ұйымдарының өз жұмыстарының жаңа талаптарға сай қайта құруға бағытталған талпыныстары елеулі нәтиже бермеді.1988 жылдан бастап жаңа туып келе жатқан оппоненттер тарапынан  Қазақстан Ком.партиясына сын айтыла бастады. Бұл партияның іргесі шайқала бастады. Ресми емес қозғалыстың дамуы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі  заңды құбылыс еді, оның бастама негізі экономикалық қозғалыс, сондай-ақ Алматыдағы желтоқсан оқиғасынан кейін республикада туған қоғамдық-саяси ахуал болды.  

        Қоғамдық демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды роль атқарды. Бұл салада 12-ші шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесі (1990ж сәуір) жетекші орын алды. 1990-1991 жылдары  қабылданған  республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды  қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Республика заңдарын жаңарту  құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде  нығайтуға, демократия жолына  бүкіл саналы күштерді топттастыруға тиіс еді. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтті, республиканы мекендейтін барлық ұлттар адамдардың талап-тілегіне жауап беретін болды. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-ң тіл туралы» заңын қабылдауы тарихи оқиға болды. Елдегі мемлекеттік өкімет билігі  жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында Қазақстанда  саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға  көмектесетін президенттік басқарудың енгізілуі заңды еді.

...

Скачать:   txt (9.9 Kb)   pdf (77.6 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club