Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Май фильтрлерін қосу тәсілдері.Майлау жүйесінің фильтрлері. Оларды реттеу

Автор:   •  Октябрь 7, 2022  •  Реферат  •  2,210 Слов (9 Страниц)  •  283 Просмотры

Страница 1 из 9

Май фильтрлерін қосу тәсілдері.Майлау жүйесінің фильтрлері. Оларды реттеу.

Бөлшектерді майлау шарттары. Майлау жүйесі беттердің қажалуынан болатын тозу мен механикалық шығындарды, майды біркелкі және жеткілікті беру есебінен азайтуға арналған. Мұнан өзге май жағылған беттерге жылуды жолатпайды және оларды тат басудан қорғайды. Механизмнің жұмысы барысында қажалу күші бөл- шектердің өңделу сапасы мен олардың майлану шарттарына байланысты болады.

Жеткіліксіз түрде майланғанда қатарлас бөлшектер жұмысы кезінде қажалудан көп шығын келіп, тозығы артып, едәуір мөлшер- де жылу бөлініп, соның салдарынан қозғалтқыштың механикалық ПӘК күрт төмендейді. Артық майлауға жол беруге болмайды. Артық майланған жағдайда май жану камерасына барып түседі. Осының салдарынан піспектер түбінде, клапандар мен білтелердің электрод- тарында күйенің тұрып қалуы артып, бұл қозғалтқыш жұмысының іркілуіне, сондай-ақ майдың көп мөлшерде шығындалуына апарып соқтырады.

Сөйтіп, қозғалтқыштың механизмдері мен тораптарда қызмет ету мерзіміне дейін қажалудан болатын минималды шығынмен жұмыс атқаруын қамтамасыз ету үшін қозғалмалы қосындылардың барлық өзара әрекеттесуші беттері ең тиімді шартпен майлануы тиіс.

Жұмыс талаптарына байланысты қозғалтқыш механизмдері мен тораптарына майлаушы материалды бірегей майлаушы жүйеге кон- структивті түрде біріктірілген бірнеше әдіспен апарылуы мүмкін. Заманауи қозғалтқыштарда қатарлас бөлшектердің қажалғыш бет- теріне май апарудың түрлі әдістері болғандықтан майлаушы жүйе аралас жүйе деп аталады және онда майлаудың келесі әдістері қол- данылады: қысыммен, (шашыратылатын май көмегімен) тамшылату және майлы тұман.

Қысыммен деген кезде қысымды майлаушы сорап  тудырып,  май иінді біліктің түпкі және бұлғақты мойынтіректеріне, бөліп таратушы біліктің тіреуіш мойындарының мойынтіректеріне, иінағаштар осьтеріне және қарнақтардың жоғарғы ұштарына апары- лады. Жекелеген конструкцияларда қысыммен бұлғақтың жоғарғы басының төлкелері мен піспектіңсұққылары майланып, сонымен қа- тар піспектің төменгі басындағы тесік арқылы цилиндр қабырғасы- ның неғұрлым салмақ көп түсетін бөлігіне майдың тұрақты берілуі қамтамасыз етіледі.

Бөліп таратушы біліктің жұдырықшалары, қарнақтардың төменгі ұштары, клапандардың бағыттағыш төлкелері, шығаруклапанының

айналу механизмдері, газды бөліп таратқыштың тісті дөңгелектері және өзге бөлшектер шашырату және майлы тұманмен майланады.

Дизельдің майлау жүйесі.

Ол аралас майлау жүйесінің әдеттегі мысалы болып табылады. Дизельге май құю оң жақ сермердің картеріне орнатылған іске асырылады. Картер6 табан- дығындағы (4.1-сурет) май деңгейін тұрақты бақылау үшін сілтеуіш қызмет етеді 21. Дизель майлау жүйесінің ерекшелігі онда жіңішке- леп тазалаушы екі сүзгіштің болатындығында: ауыспалы сүзгілеуші элементі бар толық ағынды 13жәнетолық ағынды емес — центрифу- га 19,олар өзара параллель түрде қосылған. Екі секциялы майлаушы сорап, ол айдау 11 және радиатор 10 секцияларынан тұрып, иінді біліктен іске қосылады. Майлаушы сораптың 11 секциясы цилиндр блогының оң қабырғасында майды ауыспалы сүзгілеуші элементі бар толық ағынды 13сүзгішке жіберіп, ол жерден май басты магистральға 14 жіберіледі.

Май басты магистральдан цилиндрлер блогында каналдар бой- ынша иінді біліктің негізгі мойынтіректеріне түседі және оның қысаң тік жағаларындағы тесіктер бойынша бұлғақты мойынтірек- терге барып түседі. Сол бір уақытта май блоктағы тікелей каналдар бойынша бөліп таратушы біліктің тіреуіш мойындарына және еңіс каналдар бойынша иінағаштардың төлкелеріне барып түседі де одан реттеуші бұрамаларға және қарнақтардың жоғарғы ұштарына барады

Май қарнақтардың ішкі тесіктерімен ағып отырып, май қозғал- тқыштың бөліп таратушы білігінің итергіштері мен жұдырықшала- рын майлайды.

...

Скачать:   txt (23.4 Kb)   pdf (1.4 Mb)   docx (770.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club