Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қатты отын

Автор:   •  Январь 16, 2024  •  Лекция  •  2,126 Слов (9 Страниц)  •  225 Просмотры

Страница 1 из 9
  1. Қатты отын – отынның ең экологиялық таза түрлерінің бірі. Отын брикеттері өндіріс қалдықтарынан – күріш қауызынан, үгінділерден, қарақұмық және күнбағыс қауызынан, жүгері сабақтарынан, шөптен және басқа шикізаттардан дайындалады.

Энергетика саласы үшін сұйық қазба отындары мұнайдан оның термохимиялық ыдырауы арқылы алынады. Мазут ірі нысандарда (жылу электр станциялары, қазандықтар) пайдаланылады, ал тұрмыстық мақсатта мұнай өнімдерінің дистилляциялық фракциялары (бензин, керосин, дизельдік отын, дизельдік отын) пайдаланылады.

Газ тәрізді отынның құрамына келесі заттар кіреді:

  • жанғыш (қаныққан көмірсутектер, H2, CO, H2S) және жанбайтын (көмірқышқыл газы мен күкірт, азот), оттегі, атмосфералық ауа) газдар;
  • су буы;
  • шайыр;
  • шаң.
  1. Жану — жылу мен жарықтың бөлінуімен жүретін тұтыну немесе тез тотығу процесі. Химиялық жану реакциясы оттегі мен жанғыш зат және температура нәтижесінде жүреді. Жану процесі іштен тұтанатын қозғалтқыштар жұмысында қолданылады.

3,4,5. Қатты отын мен сұйық отынның құрамын массасы бойынша пайызбен, ал газ тәріздес отынды көлемі бойынша пайызбен көрсетеді. Қатты отынның органикалық, жанғыш, құрғақ, жұмыс және аналитикалық массаларын ажыратуға болады.

Органикалық массасы деп оның құрамына кіретін органикалық қосылыстардағы С,Н,О,S және азоттың пайыздық мөлшерін айтады

                                   [pic 1]                            (2.1)

отынның жұмыс массасында 

                                [pic 2]                   (2.2 )

отын қолданушыға қандай күйде жеткізілсе, сондай күйде болады.

Аналитикалық массасында – отын ұсақталған және зертхана жағдайында сақтағанда, ылғалдығы енді өзгермейтіндей болып кептірілген

                            [pic 3]                            (2.3)

Құрғақ маса - отынның ылғалдығынан басқа құрамаларының қосындысына тең

                     [pic 4].                             (2.4)

Күлділіксіз масса – минералдық қоспадан басқа құрамаларының қосындысына тең

                                 [pic 5]                            (2.5)

     Жанғыш масса (құрғақ күлділіксіз) – күлділіксіз құрғақ массаға немесе ылғалдығы жоқ күлділіксіз массаға тең

                           [pic 6]                                        (2.6

             Қатты отынның күлі.

 Отынның жанбайтын бөлiгiнен ошақ қалдығы пайда болады, оларды, қазанның газ жолының әр жерлерiнде және сонымен қатар жағу жағдайларына байланысты, күл немесе қож тдеп атайды. Қатты отынның жұмыстық күйіндегі күл мөлшері  Ар деп белгіленеді.

          Қож - жоғары ыстықтықта қыздырылған, соның нәтижесiнде балқу немесе жентектелу арқылы әжептәуiр берiктiкке ие болған күлдiң бөлiгi.

          Күл - ұнтақ тәрiздi отын қалдығы, ол ұшпа күл және түсiндi (провал) деп екiге бөлiнедi. Ұшпа күл -  күлдің тозаң түрiндегi бөлiгi, түтiн газдарымен бiрге қазан ошағынан шығып кетедi, не оның ағындық (конвективный) газ арнасында шөгедi. Түсiндi - күлдiң iрiлеу бөлiкшелерi (фракция), жылдамдығы кем ағындардан  ошақтың төменгi жағына түсiп кетедi. Яғни отынның күлі екі құраушыдан тұрады                                                                                              

                                               [pic 7]                                        (2.7)

          Ошақ қалдығының негiзгi құраушысы -  SiO2, Al2O3, FeO, Fe2 O3, CaO, MgO тотықтары, аз үлесi CaSO4, MgSO4, FeSO сияқты сульфаттарға тиедi, одан да аз мөлшерде фосфаттар, сiлтi метал тотықтары K2 O, Na2 O және басқа да көп қосылымтар болады.

           Отынды жаққанда қож ошақтан сұйытылған не қатты күйде аластатылады.

           Қожды сұйық күйінде шығару үшін жану процесінде пайда болған күл мен қожды балқыған күйінде ошақ түбірінен үздіксіз әкету қажет.  

...

Скачать:   txt (17.5 Kb)   pdf (123.6 Kb)   docx (205.7 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club