Кептіргіштердің түрлері
Автор: nurzhanovaaizat • Октябрь 23, 2021 • Реферат • 1,224 Слов (5 Страниц) • 588 Просмотры
Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Реферат
Тақырыбы: «Кептіргіштердің түрлері»
Орындаған: ТТ-17-9 тобының студенті
Нұржанова Айзат
Тексерген: Саржанова И.О.
Балқаш 2020 ж.
Барабан кептіргіштер
Сусымалы және ұсақ кесек құрылыс материалдарын кептіру үшін барабан кептіргші қондырғыларын барынша үнемді әрі сенімді пайдалануда қолданылады (50-сурет). 2оттыққа - отын, ал үрлеу желдеткішімен жануға қажетті ауа беріледі. Араластыру камерасындағы оттық газдарды3 есептік параметрлерге дейін сыртқы ауамен қоспалайды және кептіргіш қондырғысына береді. Барабан кептіргіш диаметрі 1...3,5 м және ұзындығы 5...27 м, роликті тіректерге5 қарай 4..60 бұрышпен орналасқан және, айналу жиілігі минутына 0,5 ...8 айналым электр жетегімен 6айналатын, болат барабан болып табылады. Барабаннның бойлық орналасуы барабанды бекітілген және сонымен бірге роликті тіректе айналатын бандажға кедергі жасайды. Барабанды айнладыру кезінде 1 тиеу шанабынан алынған материал 7 ақырғы камераға айналады, одан 8 конвейерге жөнелтіледі.
[pic 1]
5.9 – Сурет – Барабанды кептіргіш
Қондырғы тиімділігін арттыру, материалды жақсы араластыру, жылу және масса алмасу жылдамдығын арттыру, кептіру мерзімін қысқарту үшін ішкі саптамалар орнатылады (51-сурет), олардың конструкциясы бөлшектердің түрі мен өлшемдеріне, материалдың ылғалдығына байланысты.
Конвейерлік кептіргіштер
Сусымалы, кесек және түйіршік материалдар, көлденең таспалы немесе тура шөмішті конвейер болып келетін үздіксіз әрекеттегі кептіргіштерде кептірілуі мүмкін. Таспалы конвейерде қалыңдығы 100...300 м материал қабаты конвейердің көтергіш бунақтарына бекітілген металл тормен бірге жылжиды. Кептіргіш агент желдеткіштермен (немесе түтін сорғыштармен) таратқыш қораптар арқылы конвейердің көтергіш торының астына беріледі. Материал қабаты арқылы газды сорған кезде кептірудің жоғары қарқындылығына қол жеткізіледі. Алайда сапалы өнім алу үшін материал қабатының жоғары бір қалыптылығы және оның фракциялық құрамының біртектілігі талап етіледі. Түрлі фракциядағы кесекті материалдарды өңдеу кезінде ауа агенті, ұсақтарының жатып қалған тығыз массасына тиместен үлкен кесектердің жанындағы бос кеңістіктерге өтеді. Жылудың меншікті шығыны 6000...7000 кДж/кг буланған ылғалды құрайды. Кептіргіш агентті псевдосұйылту жылдамдығымен таспада жатқан материал қабатының астына жіберген кезде кептіргіш кептірілген материалды үздіксіз алып тастаған кезде қайнап тұрған қабатпен жұмыс істей алады. Осы жағдайда көп сатылы және тиімді шаң бөлгіш құрылғыларды қарастыру қажет. Алып кетуді төмендету мақсатында кептіргіш агентті қабатқа жоғарыдан төмен қарай жібереді, осының нәтижесінде шаң тәріздес фракциялар материалда және торда қалып қалады. Жылу тасымалдағышты толық пайдалануға мүмкіндік бермейтін қабат арқылы бір реттік сорып алудан басқа сол бір кептіргіш агенттің қабаттың жеке учаскелері арқылы көп рет, біртіндеп, ирек тәріздес өтуін қолданады. Конвейерлік кептіргіштерде кептіргіш үрдіс көп аймақты ретінде, яғни жылу тасымалдағышты әрбір аймаққа келтіру арқылы ұйымдастырылуы мүмкін, бұл үрдіс тиімділігін және оның реттеу икемділігін арттырады. Жылу алмасуды сонымен қатар электр сәулелендіргіштерден немесе түтін газдарымен қыздырылған металл қораптардан инфрақызыл сәулеленудің көмегімен жүзеге асыруға болады.
...