Контрольная работа по "Статистике"
Автор: Мухаметали Нурман • Октябрь 4, 2021 • Контрольная работа • 2,566 Слов (11 Страниц) • 251 Просмотры
[pic 1]
«Статистика» пәні бойынша 1 тапсырма
Орындаған:Қаржы мамандығының
2-курс студенті
Нұрман Мұхаметәлі
Тексерген:Иматаева Әлия
Алматы, 2021 жыл
1 тапсырманың берілгендері
№ | Статистикалық есептіліктің нысандары бойынша тапсырмалар |
1 | 1-П «Кәсіпорынның өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру және жөнелту туралы есебі» статистикалық бақылау нысанына сипаттама беріңіз. |
2 | 2-МП «Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп» статистикалық бақылау нысанына сипаттама беріңіз. |
3 | 1-ПФ «Кәсіпорынның қаржы-шаруашы- лық қызметі туралы есеп» статистикалық бақылау нысанына сипаттама беріңіз. |
4 | 1-Т «Еңбек бойынша есеп» статистикалық бақылау нысанына сипаттама беріңіз. |
5 | 1-Т «Еңбек бойынша есеп» статистикалық бақылау нысаны бойынша қандай заңды тұлғалар есеп тапсырады? |
6 | 1-Т «Еңбек бойынша есеп» статистикалық бақылау нысаны бойынша қызметкерлер саны және жалақы қоры туралы қандай деректерді көрсетеді? |
Жауап:
1-cұрақ «1-П «Кәсіпорынның өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру және жөнелту туралы есебі» статистикалық бақылау нысанына сипаттама беріңіз.»
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Өнім– 1) белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім. Еңбек нәтижелері заттандырылған (шикізат, материалдар, тамақ, химия өнімдері, техикалық қондырғылар мен олардың бөлшектері) және заттандырылмаған (энергия, ақпарат, көрсетілетін қызметтің кейбір түрлері) болуы мүмкін. Өнім даралай, салмақ, ұзындық, бет, көлем өлшемдері және бұйымдардың немесе материалдың, металл балқымасының топтамасы, сұйық немесе сусымалы заттың белгілі бір сыйымдылығы (контейнер,цистерна,бөшке, қап) есебімен есептеледі. Өнім тұтыну құнымен – белгілі бір тиімділікті қанағаттандыра алуымен және құнмен – оны дайындауға жұмсалған қоғамдық еңбекпен сипатталады. Осыған байланысты оны есепке алу мен жоспарлау заттай тұлғада ғана емес, ақшалай тұлғада да жүргізіледі. Өнімге заттай (машина, жабдық, аяқ киім, т.б.) және өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстарға (жөндеу жұмыстары, сақтау, буып-түю, тасымалдау, т.б.)
...