Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электроэнергетиканың дамуы

Автор:   •  Октябрь 2, 2020  •  Реферат  •  567 Слов (3 Страниц)  •  326 Просмотры

Страница 1 из 3

Электр халық шаруашылығы мен тұрмысқа берік орын тепті. Радио мен телевизия, телеграф пен телефон арқылы байланыс, трамвай, троллейбус, электр поезд, метрополитен, экскаваторлар электрсіз жұмыс істей алмайды.

1895 ж.А.С.Попов тұңғыш рет радиобелгілер беру тәсілін ойлап шығарды. Сөйтіп, ол қазіргі маңызына баға жетпес радиотехниканың негізін қалаушы болып табылды.

Көрнекті электротехник М.О.Доливо - Добровольский көп фазалы жүйелер саласында үлкен - үлкен табыстарға жетті. Ол үш фазалы токтың генераторын, трансформаторын және асинхронды қозғалтқышын жасап шығарды, ал 1891 ж. тұңғыш рет ол жоғарлы кернеулі үш фазалы токтың желісін жасады.

Электротехниканы онан әрі дамыту ісіне үлкен үлес қосатын аса ірі электр генераторлары, жоғары кернеулі токты жеткізуге арналған қуатты желілер жабдықтары, энергетикалық жүйелерді автоматты түрде басқаруға арналған аппаратуралар біздің елде жасалды.

Ауыл шаруашылығын электрлендіру туралы Қазақстан Республикасының бірнеше қаулылары да жарық көрді. Оның техникалық прогрессті жеделдетудегі, өндірістік процессті механикаландыру мен автоматтандырудағы ролі өте зор. Техникалық- экономикалық көрсеткіштердің де алатын орны зор.

Электрохимиялық өнеркәсіпте электр тогының жәрдемімен алюминий, мыс, қорғасын, цинк және басқа металдар алынады. Болатты жэне әр түрлі қорытпаларды балқытып қорыту үшін тоқтың жылу әсері пайдаланылады.

Электр пештерінде қорытылып алынатын болат жоғары сапалы болады. Машиналар мен аппараттардың болаттан, шойыннан жасалатын бөлшектерін бет жағынан суару үшін, металдарды балқытып қорыту үшін және болат дайындамаларды соғу және штампылау алдында тұтас қыздырып жұмсарту үшін жоғары жиілікті ток кеңінен қолданылады.

Темір жолдармен жүк тасымалдау үшін электровоздар пайдаланылады. Ауыл шаруашылығында электр энергиясы ауыл шаруашылық машиналары мен механизмдерді жүргізу үшін, жылытқыш аппараттарда, сәулелендіру қондырғыларында қолданылады, тұрғын үйлер мен өндіріс орындарын жарықтандыру үшін пайдаланылады. Электр энергиясын қолданудың нәтижесінде өндіріс процесі түгелдей түбегейлі өзгерді. Жылдан

...

Скачать:   txt (7.6 Kb)   pdf (36.4 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club