S-12 тарихы мен дамуы
Автор: azizamukhametova • Май 4, 2018 • Реферат • 2,036 Слов (9 Страниц) • 1,585 Просмотры
Кіріспе
S-12 тарихы мен дамуы
S-12 станциясы 1970 жылдың 2- жартысынан бастап тексеріліп, дами бастады. Бұл тексерулер, конфигурациялық жүйеге алып келді. Алғашқы сандық жүйе, тек қана сөзді беру емес және ISDN қызметтерін ұсыну үшін дамыту қажет болды.
Жаңа жартылай өткізгіштің технологиясы, үлкен жиілікті қондырғыларды, еске сақтау, анықтау қондырғысымен 1980 ж. қамтамасыз етті. Сонымен қатар, цифрлық коммутациялық жүйенің негізгі компаненті (коммутациялық порт) дами бастады. Бұл жұмыс, негізгі АҚШ-ң лабораториясында әр түрлі Еуропалық мекемелердің қолдануымен жүргізілді. 1970 жылдың аяғында бұл жоба S-12 Бельгия (BELL), Германия (SEL), Италия (FDCE) және Испания (SESA) қалалардың лабораториялық тексерулер орталығына жіберілді. Ол жерлерде S-12 станциясы толық дамыды.
Алғашқы рет 1981 жылдың аяғында Белгия жүйесінде орнатылды. Кейін 1982 жылы S-12 станциясына 4 қосымша станция мен Германияда орнатылды, цифрлық телефон станциясы ретінде бағдарлама қолданылды. Жаңа өндірілген технология S-12 бүкіл әлемде көпшілік телфондық администрацияларды және компанияларды және фирмаларды қызықтырды.
S-12 станциясы орнатылған басқару және коммутациялық жүйені қамтамасыз етеді. Экономиканы шешу үшін АТС-ң кеңеюі біренеше жүздік желіден 800000 желіге дейін, ал узелдік АТС үшін максималды сыйымдылығы 80000 каналды құрайды. Станцияның екі типті басқару қондырғылары бар:
- Терминалды басқару қондырғысы (TCE),интенсивті терминал.
- Коммутациялық сандық элемент (DSE).
ЦКП 4 сатылы құрылымды болады. 1 саты 2 мүмкінділік коммутаторынан тұрады, ол терминалды модульдан тарифті топтық коммутаторға таратады. Топтық коммутатор 3 сатыдан тұрады. Олардың саны терминал санымен және станция өңдейтін орта трафикпен анықталады. Олардың санын көбейту үшін қосымша DSE қолданылады.
ЦКП-ң максималды конфигурациясы 120000 абонент желісін және 85000 жалғастырғыш желіні қамтамасыз етеді.
1. Алкатель-1000 S-12 негізгі ерекшеліктері және техникалық сипаттамасы.
Алкатель-1000 S-12 коммутация жүйесі қашықтықтағы абонент блоктарын; кіші,орташа және үлкен сыйымдылықты станцияны; қалааралық және халықаралық станцияны; жүйенің оператормен қызмет етуі және желінің қызмет ету орталығын; ұялы байланыстың коммутация орталығын; транзитті сигнализация пунктерін ұйымдастыра алады.
Негізгі техникалық сипаттамасы:
- Абоненттік желі саны – 200000 жоғары;
- Жалғастырғыш желі саны- 85000 жоғары;
- Коммутациялық қабілеттілігі- 35000 Эрл;
- ЧНН шақыру саны- 2000000 жоғары;
- Сигнализация желісін басқару қондырғысы- ОКС №7 1024 желі;
Алкатель-1000 S-12 негізгі архитектурасы келесі принциптерге негізделген:
- Ішкі коммутация элементтері өзіндік маршрутты қамтамасыз етедіжәне ішкі блокировканы тудырмайды;
- Таратылуымен басқару әдісі қымбат емес кеңінен қолданылатын микропроцессорды қолданады;
- Станцияның қондырғысы көлемі талап етілген сыйымдылық пен жүктемеге тәуелді;
- Бағдарламамен қамтамасыз ету модулін соңғы хабар машинасын (FMM) және жүйені қолдайтын машинасын (SSM) қолданады;
Алкатель-1000 S-12 негізгі архитектурасы сандық коммутация өрісінен (DSN) және оған қосылатын әртүрлі терминалды модульдерден тұрады. Әрбір модулде басқару логикасы мен есте сақтау қондырғысынан тұратын терминалды басқару элементі (TCE) болады. ОЛар стандартты интерфейс арқылы DSN- мен жалғанады. Коммутация өрісі бірдей сандық коммутация элементінен тұрады. Олардың әрқайсысы коммутация өрісін басқару үшін логика мен жадыдан тұрады.
Кейбір ТСЕ модулдері Алкатель-1000 S-12 жүйенің ішінде орналасады, ал кейбірі сыртқы желіге қосылады. Сыртқы желіге қосылған модуль қосымша басқару элементі (АСЕ) болып табылады. Бұл модуль бағдарламамен қамтамасыз етуге қосымша қызмет етеді. Қалған модульдердің барлығы қосарланған, яғни біреуі активті, екіншісі- пассивті жұмыс істейді. Біреуі істен шықса екіншісі жедел түрде жұмысты өзіне алады. Сондықтан бірнеше модулдер бірдей функцияны орындауы мүмкін. Барлық ішкі байланыстар 32 каналды ИКМ трактісін құрайды [1].
...