Java Script Пен Javaның ортақ қасиеттері
Автор: mikaa01 • Сентябрь 24, 2021 • Контрольная работа • 621 Слов (3 Страниц) • 399 Просмотры
Бақылау сұрақтары :
Java Script Пен Javaның ортақ қасиеттері
•Жеңіл меңгерілуі. Осы параметр бойынша Java Script-ті Visual Basic-пен салыстырады.
•Кроссплатформалы. Java Script коды браузермен орындалады. Браузерлер әр түрлі платформаларда сценарий тілін қолданушы веб парақтар үшін бірдей функцияларды қамтамасыз етуі тиіс;
•Ашықтығы. Тілдің спецификациясы (ережелері) қолданушылар үшін ашық;
•Java Script Интернет ортасы үшін программалауға жақсы бейімделген;
•Java Script тілі нағыз объектіге бағытталған тіл емес, бірақ ол браузер көмегімен әр түрлі объектілермен жұмыс істей алады.
•Сипаттамаларының ұқсастығына қарамастан, Java мен Java Script – әр түрлі тілдер. Java – бұл толық программалау тілі, ал Java Script–HTML тілінің толықтырмасы.
•Компилятор жұмысының нәтижесі сlass кеңейтілуі бар бинарлы файлдарда сақталады. Java-да қолданылатын мәліметтердің 8 типі бар, олар объект болып табылмайды.
Бес бүтін санды типтер бар, олар: byte, short, int, long және символдық тип char. Екі нақты тип float, double және бульдік тип boolean кіреді. Мұндай типтерді қарапайым немесе примитивті типтер деп атайды (ағылшынша primitive )
Басқа барлық типтер объектілі немесе сілтемелі (ағылшынша, reference) тип деп аталады. Java синтаксисі C/C++ тілдерінің негізінде құрылған.
Java тілінің ерекшеліктері қандай ?
Объектіге бағытталған тіл, онда тиімді объектілі модель құрылған;
•С/С++ синтаксисін қолдайды;
Internet ортасында да пайдалануға бағытталған, мұнда желілік қосымшаларды құруға да болады;
•динамикалық: жаңа мүмкіндіктерді қосу және дамыту мүмкіндігі бар;
үйрену үшін қарапайым тіл деп саналады.
3 ) Түсініктемелер қалай жазылады ?
Бір жолға сиятын комментарийлер сол жолдың соңында орналасады да,
символдарынан бастап жазылады.
Бірнеше жолдан тұратын толық мағыналы түсініктемелер /* және */ символдарының арасына орналасады. Осындай түсініктемелер комментарий болып саналады, оларды кездестіргенде, транслятор ешқандай әрекет орындамайды.
/* Мұндай кодтар түсініктемелерді қажет етеді, сондықтан осылай жазылады. Оларды былай түсіндіреміз …. */
Комментарилердің үшінші түрі javadoc сервистік программасы үшін жасалған, оларды Java трансляторы жинақтай отырып, автоматты түрде құжаттама жасау үшін қолданады.
4 ) Java-да қандай түйінді сөздер бар ?
Class – жалпы тип
public түйінді сөзі— қатынасу модификаторы, ол кез келген айнымалы мен тәсілдің қолданылу (көріну) мүмкіндігін басқарады. Мұнда public модификаторы main тәсілінің кез келген класпен қатынаса алатынын көрсетеді;
static түйінді сөзі жалпы осы класпен жұмыс істеу үшін қолданылатын класс айнымалылары мен тәсілдерін хабарлайды. Static сөзі көрсетілген тәсілдер жергілікті және статикалық айнымалылармен ғана жұмыс істей алады.
•void модификаторы тек мәтінді экранға шығару керектігін хабарлайды, мұнда main тәсілінен мән қайтару талап етілмейді.
...