Java тілінің тарихы
Автор: USEEEEEER • Март 12, 2018 • Реферат • 2,112 Слов (9 Страниц) • 3,442 Просмотры
1. Теориялық бөлім
1.1. Java тілінің тарихы
Java – қолданбалы бағдарламалаудың әмбебап тілі, Sun Microsystems корпорациясы жобасының негізінде 1995 жылы жасалды.
Java – біртекті емес компьютерлік желілердегі клиент және сервер жағын қолданбалы программалалауға арналған әмбебап тіл,қолданбалы программалаудың әмбебап тілі. Компиляцияланған Java-программа тек виртуальды Java-машина басқаруымен жұмыс істейді., сондықтан оларды Java-қолданбалар деп атайды.
Java – С тілінің синтаксисі секілді объектті бағытталған, платформаға тәуелсіз, компиляцияланатын тіл., оның С++-тен айырмашылығы – ол С тілінің кеңейтілімі емес.
Java тіліндегі бағдарламалар бастапқы код деңгейінде де, компиляцияланған орындаушы код - байт-код деңгейінде де алып жүргізіледі. Java тіліндегі бағдарламалар кластардың жиынтығынан тұрады, «.java» кеңейтілімі бар текстік файлдарға сақталады. Компиляцияланған программа «.class» екілік файлдарға трансляцияланады. Мұндай файлдар байт-кодтардан, яғни абстракты Java-процессорға арналған осы процессордың командаларының байттық тізбектері және оларға деректері түріндегі инструкциялардан тұрады. Байт-код компьютерде орындалу үшін сәйкес процессордың инструкцияларына аударылуы тиіс. Java-машина осы мен шұғылданады. Бір компьютерде әртүрлі өндірушілердің және әр түрлі версиядағы бірнеше Java-машина орнатылуы мүмкін. Оның спецификациясы ашық, Java компиляторына қойылатын талаптар сияқты.
Байт – код нақты компьютердің инструкцияларын қамтымағандықтан платформаға тәуелсіз болып саналады. Ол виртуалды Java –машинасы арқылы интерпретацияланады.
Виртуальды Java-машина тек байт-кодты ғана орындап қоймайды, ОЖ-мен өзара әрекеттесіп файлдарға қатынауды немесе графиканы қолдауды, жадты автоматты түрде босатуды (қоқыс жинау- garbage collection) қамтамасыз етеді. Виртуальды Java-машинаны әдетте орындаушы орта (Java Runtime Environment - JRE) деп атайды.
1.2. Java тілінің алфавиті мен синтаксисі
Java тілінің алфавиті әріптерден, ондық жүйедегі цифрлардан және арнайы символдардан тұрады. Әріп ретінде латындық әріптер (ASCII стандартында кодталады), ұлттық алфавит әріптері (Unicode стандартында кодталады) және басқарушы тізбектер арқылы кодталатын символдар саналады.
Бағдарламада ондық және он алтылық жүйедегі бүтін сандық константаларды қолдануға болады. Он алтылық константа 0х немесе ОХ символынан басталады да, сонан соң он алтылық нотациядағы сан кетеді.
Java тілінің алфавиті:
ASCII латын әріптері: ABCD...XYZ – бас әріптер, abcd...xyz – кіші әріптер
ASCII-дің қосымша «әріптері»: _ - астыңғы сызық, $ - доллар таңбасы.
Орыс алфавитінің әріптері: АБВГ…ЭЮЯ – бас әріптер, абвг…эюя – кіші әріптер
Ондық цифрлар: 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Резервтелген сөздер: abstract boolean break byte case catch char class const continue default do double else enum extends false final finally float for goto if implements import instanceof int interface long native new null package private protected public return short static super switch synchronized this throw throws transient true try void volatile whileБасқарушы тізбектер. Unicode және арнайы символдар. Java-программаның бастапқы коды Unicode символдарының тізбегі түрінде теріледі. Басқарушы тізбектер символды программа мәтініне әдеттегідей енгізу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады, ол “\” символынан басталады. Unicode символын кодтауға арналған басқарушы тізбектер“\u” түріндегі екі символдан басталып, одан соң 4 цифрдан тұратын оналтылық нотациядағы символдың нөмірі жазылады.
Басқарушы тізбектер:\a дыбыс
\b бір символға кейін қайту
\f жаңа бетке өту
\n жаңа жолға өту
\r жол басына қайту
\t көлденең табуляция
\v тігінен табуляция
\’ тырнақша
\” қос тырнақша
\\ кері көлбеу сызық
\? Сұрақ белгісі
\u Unicode символын кодтаудың басы
Арнайы символдар Java тілінің операторлары мен ажыратқыштары ретінде қолданылады, оларды идентификаторларда қолдануға болмайды. Жай және құрама арнайы символдар болады.
Жай арнайы символдар:
+ қосу операторы
– азайту операторы
*көбейту операторы
/ бөлу операторы
...