Visual Studio қолданбалы программасы арқылы C# тілінде есептеуіш құрал жасау
Автор: aslanpro777 • Октябрь 24, 2019 • Практическая работа • 2,024 Слов (9 Страниц) • 692 Просмотры
Мазмұны
Берілген тапсырма: Visual Studio қолданбалы программасы арқылы C# тілінде есептеуіш құрал жасау. [pic 1]
Орындалу барысы:
- Visual Studio қолданбалы программасын іске қосамыз.
- Тінтуір көмегімен жаңа проекті ашамыз.
[pic 2]
- Проектіге есім береміз (Name).
- Жаңа ашылған проектіден элементтер панелінен Button элемінтін таңдап, конструкторға 16 элемент саламыз.
- Келесіде элементтер панелінен TextBox және Label элементтерін таңдап , конструкторға саламыз.
Нәтиже,
[pic 3]
- Бірінші Textbox-тың мөлшерін үлкейту үшін Multi-Line қолданамыз.
- Label1-де ешқандай қаріп болмауы үшін Қасиеттер терезесінен Text деген қатардан Label1 сөзін алып тастаймыз.
- Button-элементтеріне де 7-ші пункті орындаймыз.(Тек қаріп өшірмейміз, оның орынына сандармен математикалық амалдарды қоямыз.)
[pic 4]
- Қасиеттер терезесіндегі Font арқалы Label1, Textbox1 элементтерінің әріп мөлшерін, шрифтісін өзгертеміз. (TextBox1 элементінде MiltiLine-ды қолданамыз).
[pic 5]
- Енді біз сандық батырмаларды басқан кезде TextBox-та сәйкес нөмір пайда болатындай жасаймыз.
- Ол үшін «0» түймесін екі рет шертіп, келесі терезені байқаймыз.
[pic 6]
- Осы жерге келесі кодты жазамыз:
private void button17_Click(object sender, EventArgs e)
{
textBox1.Text = textBox1.Text + 0;
}
- Пуск түймесі арқылы жазылған кодтың дұрыстығына көз жеткіземіз.
[pic 7]
- Ол жұмыс істеді. Қалған сандық батырмалармен бірдей әрекет жасаймыз:
| private void button1_Click(object sender, EventArgs e) { textBox1.Text = textBox1.Text + 1; }
private void button2_Click(object sender, EventArgs e) { textBox1.Text = textBox1.Text + 2; }
private void button3_Click(object sender, EventArgs e) { textBox1.Text = textBox1.Text + 3; }
private void button4_Click(object sender, EventArgs e) { textBox1.Text = textBox1.Text + 4; }
private void button5_Click(object sender, EventArgs e) { textBox1.Text = textBox1.Text + 5; }
private void button6_Click(object sender, EventArgs e) { textBox1.Text = textBox1.Text + 6; }
private void button7_Click(object sender, EventArgs e) { textBox1.Text = textBox1.Text + 7; }
private void button8_Click(object sender, EventArgs e) { textBox1.Text = textBox1.Text + 8; }
private void button9_Click(object sender, EventArgs e) { textBox1.Text = textBox1.Text + 9; } |
- Түймешіктерді басқан кезде, TextBox-та сандар көрсетіледі. Енді біз олармен кез-келген операцияны орындауға арналған бағдарлама жасауымыз керек. Пішінінен көріп тұрғандай, біздің калькулятор стандартты математикалық операцияларды орындай алады: қосу, алу, бөлу және көбейту. Бастау үшін, біз бағдарламаның ең басында бірнеше қажет айнымалыларды жазамыз:
[pic 8]
- Int типін алмаған себебіміз, int типі тек бүтін сандарды қамтиды, ал бізге керек жылжымалы нүктелі сан. Жылжымалы нүктелі сандық тип, ол float. Float типі ол бөлшек сандармен жұмыс істей алады. A және В айнымалысы бізге математикалық амалдарды қолданғанда керек болады.
Екінші айнымалының арқасында біз жоғарыда сипатталған айнымалылармен жұмыс істеу үшін бағдарламаға нұсқаулар береміз. Мұнда бізге бөлшек қажет емес, сондықтан біз int типін қолдана береміз.
...