Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сейдахмет Бердіқұловтың «84 жылдың теңдессіз 16 күні»

Автор:   •  Ноябрь 12, 2020  •  Эссе  •  442 Слов (2 Страниц)  •  422 Просмотры

Страница 1 из 2

Сейдахмет Бердіқұловтың «84 жылдың теңдессіз 16 күні» атты  еңбегіне

Рецензия

Сейдахмет Бердіқұлов – қазақтың жазушысы, спортші журналисті, аудармашы. Қаламы қарамды публицист ретінде де танып үлгердік.  Қалам тербеген тақырыптары спорт саласы еді. «84 жылдың теңдессіз 16 күні» атты Несіп Жүнісбаевпен бірге жазған еңбегінде де дүркіреп өткен Мәскеу олимпиадысының әр күнгі тынысы жайлы өз көзімен көріп, кәу болып  жазады. Жалпы Мәскеу қаласында тұңғыш реткен өткен ХХІІ Олимпиадының біз үшін маңызы өте зор. Оған 19 қазақстандық спортшы қатысқан. Олардың алтауы чемпион, ал оны жүлдегер атанды. Бұл – Олимпиада ойындарындағы қазақ спортшыларының ең биік табысы. Сол себепті бұл шығарманың қазақ спортының жетістігін паш етуде, жетілдіруде қосқан үлесі зор.

Сейдахмет Бердіқұловтың бұл еңбекті жазудағы басты ерекшелігін – оқиға хронологиясын тізбектеп шығып, көркем суреттеу арқылы байқаймыз. Спортқа деген ерекше ықыласын теңдессіз теңдеулермен сипаттап беруі де оның шығармашылық шеберлігінің көрінісі іспетті. Көзім шалмаған мына тіркестерді мысалға келтірейін: «спорт атты құдірет», «Орталық стадион мұхит  төсіндегі алып кемедей», «қолында алауы бар жүйрік», «жарыс көрінісі қыза түсті», «жүйріктер үзеңгі қағысты». Міне, осы тіркестерден-ақ Сейдахмет Бердіқұловтың сөз қолдану шебері екенін аңғарамыз.

Бұл еңбектің тағы бір ерекшелігі – авторлардың тақырып қоя білудегі шеберлігі деп айтар едім. «Қалың шаң», «Үзеңгі қағыс», «Тізгін тартар»  тақырыпшаларының өзінен көркем суреттеу үлгісін аңғарамыз.  «84 жылдың теңдессіз 16 күнін» сипаттауда авторлар   Советтік кезеңдегі қазақ халқының намысын қорғап шыққан мықты спортшылардың жеңісін баяндап, жеңіс тұғырына қалай көтерілгендігін, спорт сахнасының сыртындағы қобалжу мен толғанысты  суреттеп береді. Жақсылық Үшкемпіровтың қандай  еңбекпен алтын жүлдені қанжығасына  байлағанын, Серік Қонақбаевтың жанкүйерлерінің қолдауын, спортшы қыздардың қайсарлығын да суреттеп береді.

...

Скачать:   txt (6.1 Kb)   pdf (63.6 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club