Стрим онлайн-таратуды
Автор: Алихан Канабеков • Ноябрь 17, 2020 • Реферат • 1,194 Слов (5 Страниц) • 355 Просмотры
Стрим деп ағындық онлайн-таратуды айтуға болады. Алғашқы веб-сайттар бір немесе екі суреті бар қарапайым мәтіннен тұратын парақтар болды. Бүгінгі күні, Интернетке жоғары жылдамдықта қосылуы бар кез-келген адам, фильм трансляциялап, Интернет арқылы бейне-қоңыраулар шалып, вебинарлар өткізе алады. Бұның барлығы stream деп аталатын технологияның көмегімен жүзеге асады.
Стрим – бұл тікелей эфирде қандай да бір әрекеттерді онлайн-трансляциялау. Стримге шынайы уақыт режиміндегі барлық ағындық таратуды жатқызуға болады. Трансляцияларды стримерлер жүргізеді. Олар тұтынушыға, қазіргі уақытта не болып жатқанын көрсетеді. Көбінесе стримдер ойындық болады. Сонымен қатар жай сөйлесу стримдері, саяхат стримдері, т.с.с. болады.
SТREAM- деген сөз әртүрлі ғылымдардың біріктірілуі арқылы оқыту әдісін білдіреді.
SТREAM- Science –жаратылыстану ғылымдары; Technology – технологиялар; Reading – оқу және жазу; Engineering – инжиниринг, жобалау; Art – өнер, дизайн; Mathematics – математика ғылымдарының, білім алушыларда инновациялық ойлауды қалыптастыру үшін біріктірілуін көрсетеді.
Стриминг, стрим – бейне және аудиоконтентті, ары қарай компьютерлік желілер арқылы ақырғы тұтынушыға тарату үшін цифрлық сығу процесі. Әдетте деректердің көлемі кішігірм болғандықтан, бұл технология ағындық бейне трансляциясын шартты шынайы уақыт режимінде жүргізуге мүмкіндік береді.Шартты шынайы деп айтатынымыз, шындығында кодтау, тарату және декодтау процесі қандай да бір уақытты алады және осыған орай кідірстер болады.
Ағындық технология бастапқыда компьютерлік ойындарды сүйетіндер арасында пайда болды . Көбінесе ойыншылар бұл технологияны басқа ойыншыларға ойынның бір немесе басқа қиын бөлігін қалай өту керектігін көрсету үшін қолданады. Бұл келесідей жұмыс істейді: кейбір ойыншылар өздерінің компьютер экранында не болып жатқанын жазады және бұл бейнені басқа пайдаланушылар үшін интернетке орналастырады. Бұл тәжірибе қандай жақсы? Біріншіден, жазба жасамас бұрын, басқа ойыншыларға ойын мәселесін шешудің ең тиімді нұсқасын көрсету үшін ойын кезеңінен бірнеше рет өту керек (қайталау есте сақтау мен арнайы дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететіні белгілі). Екіншіден, ойыншы жасаған мазмұнды қарайтын пайдаланушылар мәселенің көрнекі шешімін көреді және оны бұрынғы адамның сәтті тәжірибесін қолдана отырып қайталай алады. Мұндай бейнелердегі Пікірлер көрсеткендей,
3
олар басқа ойыншыларға шынымен көмектеседі.
Мұндай қызмет ағынды технологияны қолдану арқылы жаңа мазмұнды құруға қатысатын екі тарап үшін де өзара тиімді екендігі белгілі болды.
Онлайн-семинар немесе веб-конференция, вебинар – веб-конференцияның бір түрі, онлайн-кездесулер немесе презентацияларды Интернет арқылы өткізу.
Веб-конференция кезінде қатысушылардың әрқайсысы өз компьютерінде отырады, ал олардың арасындағы байланыс, әрбір тұтынушының компьютерінде орнатылған жүктелетін қосымша арқылы немесе веб-қосымша арқылы жүзеге асырылады. Веб-конференциялар шынайы уақыт режимінде қатынасу мағынасын алды. Қазіргі кезде вебинар қашықтан оқу шегінде пайдаланылады.
Егер Интернет-шара бірнеше адамның онлайн-сұхбаттасуы форматынан асып кетсе, ұжым әдетте вебинарлық қызметтерге ауысады. Мұндай сервистерге Webex, Zoom, GoToMeeting, GoogleMeet және т.с.с. жатады.
Вебинарлық қызметтер қолданылу қарапайымдылығымен, ұқсас интерфейстерімен (тұтынушылар тізімі, тақта мен презентация көрсету, мәтіндік чат және т.б.) ыңғайлы. Әдетте баяндаушыға да қатысушыға компьютерге ештеңе орнатудың қажеті жоқ – браузер жеткілікті.
50-100 қатысушыға арналған бұлттық сервис 0-100$ тұрады, яғни бір адамға $1 шамасында. Бұл қымбат емес, бірақ шараға қатысушы адамдардың саны артса келесідей мәселелер туындайды:
Қатысушылардың үлкен пакеті қымбат тұрады;
Кейбір
...