Жүрек қан тамырлар жүйесінің құрылымдық-қызметтік сипаттамасы
Автор: Макпал Сансызбайкызы • Январь 30, 2021 • Контрольная работа • 807 Слов (4 Страниц) • 677 Просмотры
3-014 Усенова Макпал
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше
атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Тақырыбы: Жүрек қан тамырлар жүйесінің құрылымдық-қызметтік сипаттамасы.
1. тапсырма
[pic 1]
Жүрек қабырғасының құрылысының схемасын сипаттап, белгілерін қойыңыздар.
А- Эндотелий
Б- Жазық миоциттер
В-Пуркинье жасушалары
Г- Жиырылғыш Кардиомиоцит
Д-Мезотелий
Жауабы
Жүрек қабырғасының (жүрекшелер мен қарыншалар) құрамына үш қабық (81 сурет): iшкi-астар (эндокард-endocardium), ортаңғы–бұлшық еттi (миокард-myo), сыртқы-iш жағының табақшасы (эпикард-epicardium) кiредi.
Эндокард (endocardium) жүрекше және қарыншаны, қуыстағы барлық құрылымдар–қақпақшаларды, емiзiктi бұлшық еттi үздiксiз төсейдi. Құрылысы, шығу тегiмен эндокард қан тамырларының қабырғасына өте ұқсас. Жүрекше, қарыншалар аймағында үш қабат ажыратады.
Ең iшкi қабатты эндотелий құрады, оның астында дәнекер ұлпадан тұратын эндотелий асты қабат орналасады.
Ортаңғы - бұлшық еттi-серпiндi қабат, ең қалыңы, тығыз дәнекер ұлпадан түзiледi, оның бетiнде параллель жатқан эластин талшықтары болады. Бұл қабаттың сырт жағында бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары кездеседi.
Үшiншi - сыртқы дәнекер ұлпа қабаты миокардпен шектесiп, борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады.
2. тапсырма
[pic 2]
Өткізгіш кардиомиоциттердің түрлерін сипаттаңыздар
Олардың 3 түрі бар -
А – пейсмекер
Б- аралық
В- Пуркинье
Өткізгіш кардиомиоциттер мөлшері жағынан жұмысшы кардиомиоциттерге қарағанда ірі келеді. Олардың орташа ұзындығы 100 мкм, көлденеңі 50 мкм. Бұл кардиомиоциттердің цитоплазмаларында жалпы органеллалардың барлығы да бар.
3. тапсырма
[pic 3]
Қолқа қабырғасының құрылысының схемасын сипаттап, белгілерін қойыңыздар
ЖАУАБЫ:
Қолқаның ішкі қабығында эндотелий, эндотелий асты және эластин талшықтарының өрімі бар. Адам қолқасының эндотелиі базальді мембранада орын алған, пішіні мен мелшері әр түрлі жасушалардан тұрады.Қолқаның ортаңғы қабығының- құрамында көп мөлшердегі эластянді элементтері бар, бұл оның негізгі каркасын құрайтын қабығыҚолқаның ортаңғы және сыртқы қабықтарында басқа ірі тамырлардағыдай қоректік жолдар (vasa vasorum) мен нерв бағаналары өтеді. Сонымен қоса, сыртқы қабық тамырларды созылып кетуден және жыртылудан сақтайды
4. тапсырма
[pic 4]
Микроциркуляторлық арна тамырларын анықтаңыздар
Жауабы:
Микроайналым арнасына ұсақ тамырлар артериолоалар, венулалар, капилляр және лимфа тамырлары жүйесі кіред
5. тапсырма
[pic 5]
Гемокапиллярдың түрлерін анықтап, сипаттаңыздар.
Жауабы:
Бұл жерде суретте капилярлардың 3 түрі берілген :
А- Сомалық капилярлар -ең жиі тараған тамырлар,теріде , бұлшықетте болады
Б-Синуоидтық капилярлар-мұнда саңылау мен тесіктері бар бауыр мен көкбауырда кездеседе.
В-френстік капилярлар жұқарған жерлері болады -бұл көбінесе бүйрек пен эндокринді бездердЕ боладф
6. тапсырма
[pic 6]
Тамырлардың құрылысын сипаттап, қорытынды жасаңыздар.
1) Артерия қабырғасының құрылымының сызбасы бұлшықет түрі
1- ішкі қабық;
2 - ортаңғы қабық;
3 ашық қабық; а - эндотелий; b - ішкі серпімді мембрана; ортаңғы қабықтағы тегіс бұлшықет жасушаларының ядроларында; d - адвентицияның дәнекер тін жасушаларының ядролары.
2)Көктамырдың бұлшық етті түрінің құрылымы:
1-ішкі қабықшасы.
2-ортаңғы қабықшасы.
3-сыртқы қабықшасы.
а-эндотелий.
в-ортаңғы қабықтың жазық бұлшықет тіні жасушасының ядросы.
...