Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жер серіктік байланыс жүйесінің жиілік диапазоны

Автор:   •  Сентябрь 25, 2018  •  Реферат  •  979 Слов (4 Страниц)  •  1,673 Просмотры

Страница 1 из 4

Мазмұны

I.Кіріспе 3

II.Жер серіктік байланыс жүйесінің жиілік диапазоны 4

III.Жерсеріктік байланыс жүйелері құрылысы мен сипаттамалары 5

IV.Қорытынды 6

Кіріспе.

Жерсеріктік байланыс жүйелерін құрудың негізгі ұстанымы жасанды жер серіктерінде ретрансляторларды орналастыру болып табылады. Осыған сәйкес жерсеріктік байланысқа жер серігінде орналасқан біраралық станциясы бар радиорелейлік желі деп қарауға болады. Жерсеріктік байланыс жүйелерін ұйымдастырғанда радиорелейлік желілерді құрғанда іске асырылатын идеялар мен ұстанымдар пайдаланылады. Сигналды ретрансляциялау әдісіне байланысты жерсеріктік байланыс жүйесін пассивті және активті ретрансляциясы бар деп екіге бөледі. Борттық аппаратурасыз жұмыс істейтін жүйе пассивті жер серігі жоқ жүйе, немесе пассивті ретрансляциясы бар жүйе деп аталады. Бұл жағдайда Жер үстінен жіберілген сигналдар алдын ала күшейтілмей ЖЖС бетінен шағылысып кері қайтады. Пассивті Жер серіктері ретінде арнайы әртүрлі формадағы (сферикалық баллондар, көлемді көп құрылымдар және т.б.) сәуле шағылыстырғыштар, сондай-ақ Жердің табиғи аспандағы серігі Ай пайдаланылады. Мысалы 12 тамызда 1960 жылы АҚШ мамандары 1500 м биіктіктегі орбитаға үрмелі шар шығарды. Осы ғарыштық аппаратты «Эхо-1» деп атаған. Оның металмен қапталған диаметрі 30 м сыртқы қабаты пассивті ретранслятор функциясын атқарды.

Жер серіктік байланыс жүйесінің жиілік диапазоны. Телекоммуникациялық жүйенің глобальді мәселелерін шешуде жерсеріктік байланыс маңызды рөл атқарады, өйткені қиын қатынастағы, шалғай және аз қоныстанған аудандарды радиобайланыспен қамтуға мүмкіндік береді. Дәстүрлі енсіз жолақты радиотелефон, деректерді тарату, телекс сияқты телекоммуникациялық қызмет көрсетумен қатар, перспективті жерсеріктік байланыс жүйесінде видеодеректерді, мультимедиялық хабар және интерактивті теледидарлық бағдарламаларды таратуды іске асырады

Жерсеріктік байланыс жүйесі үшін бөлінген жиілік диапазондары (ГГц)

Мұндағы ғ/ж – ғарыштан жермен байланысуды, ал ж/ғ – жерден ғарышпен байланысуды көрсетеді.

Көптеген ЖСБЖ-с қабылдауда 4 пен 11 ГГц жиілігінде, ал таратуда 6 және 14 ГГц жиілік диапазонында жұмыс істейді, бұған C мен Ku бекітілген жиілік диапазондары сәйкес келеді.

Байланыстың және хабар таратудың жерсеріктік жүйелеріне арналған негізгі жиіліктер диапазоны мынадай:

1. 0,24 – 0,4 ГГц. Әскери арналуы бар мобильді байланыс жүйелеріне арналған жиіліктер диапазоны, бірінші кезекте әскери – теңіз флоты және әскери әуе күштері үшін.

2. 1,5/1,6 Ггц. Бұл диапазонда 29 МГц мобильді нысандарымен байланыс жүйелеріне арналған. Осы жиіліктер диапазонындағы ең ірі жүйе геостационарлық жерсеріктерін пайдаланатын INMARSAT байланыс жүйесі.

3. 1,9/2,1; 1,6/2,5 ГГц. Ені шамамен 30 МГц жиіліктер жолағы төменгі және орташа орбиталды мобильдік пен дербес байланыс жүйелеріне бөлінген.

4. 4/6 ГГц. Осы жиіліктер диапазоны геостационарлық ғарыштық аппараттар негізіндегі байланыс желілері үшін бөлінген.

5. 7/8 ГГц. 500 МГц жолағы бар жиіліктер диапазоны әскери байланыс жүйелерінде пайдаланылады.

6. 11/14 ГГц. 800 МГц жолағы бар жиіліктер диапазоны стационар станциялары бар байланыс желілерін құруға бөлінген.

7. 12 ГГц. 800 МГц жолағындағы «Ғарыш – Жер» арналары стационарлық дербес қабылдағыштарға тікелей теле- және радиохабар таратудың геостационарлық жүйелері үшін бөлінген.

8. 20/30 ГГц. Жолағы 2,5 ГГц жиіліктер диапазоны геостационарлық және геостационарлық емес байланыс жүйелерін құруға бөлінген.

Түрлі радиобайланыс қызмет көрсетуінде жиілік жолақтарын бөлумен Халықаралық Электрбайланыс Одағы айналысады (ХЭО). Қазіргі

...

Скачать:   txt (14.3 Kb)   pdf (132.8 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club