С++ STL мысалдар мен ерекшеліктер
Автор: AIDANA SERGEEVA • Январь 24, 2022 • Курсовая работа • 4,559 Слов (19 Страниц) • 277 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КОКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Политехникалық факультеті
Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖОБА
«Алгоритмдер, берілгендер құрылымдары және бағдарламау» пәні бойынша
тақырыбы:
«С++ STL мысалдар мен ерекшеліктер»
Тақырып № (нұсқасы) және курстық жобаның атауы
Жоба әзірленді:
1 курс студенті
______________ Алибеков А.
ВТиПОК-91 тобы
Ғылыми жетекші
аға оқытушы
Есмағамбетова Ғ.Қ.
Көкшетау 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 3 | |
І | СТАНДАРТТЫ КІТАПХАНА | 4 |
1.1 | Стандартты ағымдар | 5 |
1.2 | Мәліметтерді форматтау | 7 |
ІІ | ТІРКЕСТЕР | 8 |
2.1 | Операциялар | 9 |
2.2 | Функциялар | 9 |
ІІІ | КОНТЕЙНЕРЛІК КЛАСТАР | 11 |
3.1 | Тізбекті контейнерлер | 12 |
3.2 | Ассоциативті контейнерлер | 17 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 22 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 23 |
КІРІСПЕ
С тілі өткен ғасырдың 70-жылдары басында АҚШ-та Bell Telephon Laboratories компания-сының қызметкері Дэннис Ритчидің бастауы-мен дүниеге келді. Бұл тілдің негізі Алголдан басталып, C++ және ПЛ/1 тілдерімен қатар пайда болды. C++ тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесін-де программалаумен тығыз байланысты, өйт-кені бұл жүйе ассемлерде және осы C++ тілінде жазылып шыққан болатын. Бұл тілде жазылған программаны компьютерде орындау кезінде ол алдымен трансляция сатысынан өтіп (машина тіліне аударылып), объектілік программа түріне ауысады да, сонан кейін барып орындалады. Осы сәтте компьютер-де программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – C тіліндегі алғашқы нұсқасы, ал екіншісі – объектілік кодтағы машина тілінде жазылған программа. Есептің нәтижесін тек машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда оның алғашқы нұсқасы өңделіп, оны қайта түрлендіру сатысы жүзеге асырылады.
Жалпы C++ тілінің даму жолына қарасақ:
- Алгол-60 - 1960-ж. халықаралық комитет жасап шығарды
- CPL - (Combined Programming Language) Кембриджде және Лондон университетінде 1963 ж. қатарласа жасалды
- BCPL - (Basic Combined Programming Language) Кембриджде Мартин Ричардс 1967 ж. жасап шығарды
- B - Bell Labs қызметкері Кен Томпсон 1970 ж. жасады
- С - Bell Labs қызметкері Дэннис Ритчи 1972 ж. жасады
- Сонымен, 1983 ж. C++ тілі стандартын жасау үшін (ANSI C) Америка ұлттық стандарттар институты (ANSI) құрылды.
Кез келген С-программа бір немесе бірнеше функция-лардан тұрады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады.
С тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программа қатарларының алдындағы азат жол немесе бос орындар саны өз қалауымызша алынады.
Бір қатарға бірнеше командалар немесе операторлар орналаса алады, олар бір бірінен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, әрі түзетуге жеңіл, әрі ыңғайлы болып саналады.[1]
...