Мета – анализ. Форрест-плот мысалдары мен талдауы
Автор: tanshuak.2002 • Ноябрь 8, 2021 • Реферат • 1,619 Слов (7 Страниц) • 1,061 Просмотры
[pic 1] | «Астана медициналық университеті» КЕАҚ |
Дәлелді медицина курсымен жалпы дәрігерлік практика кафедрасы |
СӨЖ
Тақырыбы: «Мета – анализ. Форрест-плот мысалдары мен талдауы»
Орындаған: Азан Таншуак
Факультет: Жалпы Медицина
Тобы:336
Қабылдады: Махаметова М.Г
Нұр-Сұлтан қаласы 2021 ж
Жоспар:
- Кіріспе
- Мета – анализ туралы түсінік
- Негізгі бөлім:
- Forest plot.
- Forest plot типті диаграммада көрсету, мысалы.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Мета-анализ – жалпы статистикалық көрсеткіштерді алу мақсатында әдебиеттерге сандық жүйелік шолу немесе бастапқы деректердің сандық синтезі. Яғни, мета-анализ бірнеше зерттеулердің нәтижесін жалпылау және зерттеу нәтижелерінің дәлелділігін жоғарылату үшін қолданылады.
Мета-анализ не үшін қажет?
Қазіргі уақытта жыл сайын конференция материалдарын есептемегенде 2 миллионнан астам медициналық мақалалар жарияланады. Мұндай жағдайларда қатаң ғылыми әдістер мен статистикалық өңдеуді қолдана отырып ақпаратты синтездеу қажет
Мета - анализдің артықшылықтары:
- мүмкін болатын қателерді болдыртпайды;
- нәтижені тура бағалайды;
- әртүрлі білім көздерінен алынған ақпараттарды ғылыми негіздеп, ұдайы толықтыру жолдарымен жалпылап отырады;
- зерттеулердің статистикалық шынайы емес мәліметтерін біріктіргенде , шынайы мәлімет алынуы мүмкін;
- жекеленген топтағы наукастар терапиясының нәтижелерін болжауға және болашақтағы зерттеулердің гипотезасын тексеруге мүмкіндік береді;
- ашық жасалады.
Мета - анализдің кемшіліктеріне:
- автор оң нәтижелерді баспаға жариялап, теріс нәтижелерді жасыруы;
- мета - анализ нәтижелерінің бұрмалануына әкеледі;
- ақпаратты іздеуді соңына дейін жүргізбеу және білім көздерін дұрыс таңдамау нәтижелердің бұрмалану себептері болады.
Мета - анализдің кезеңдері:
- анализдің негізгі мақсатын анықтау;
- нәтижелерін бағалау әдістерін таңдау;
- ақпараттарды жүйелі түрде іздеу;
- сандық ақпараттарды жалпылау;
- оны статистикалық әдістердің көмегімен талдау;
- нәтижелерді интерпретациялау.
Мета - анализ жүргізу кезінде кездесетін қиындықтар:
- зерттеу түрлерін таңдау және табу;
- ақпараттың біркелкі болмауы;
- маңызды ақпараттың жoғaлып қалуы;
- салыстырылатын топтар дұрыс сәйкестікпен талданбайды.
Кумулятивті мета-анализ жаңа мәліметтер пайда болған кезде жинақталған мәліметтердің кумулятивті қисығының пайда болуын қамтамасыз етеді. Проспективті және ретроспективті мета - анализ жаңа нәтижелер мен ескі нәтижелерді біріктіреді.
Жекеленген мәліметтердің мета - анализі - жекелеген науқастардың емдеу нәтижелерін зерттеуге негізделген талдау
Мета-анализде 3 негізгі көрсеткішті бағалау қажет:
1. Гетерогенділік: мета-талдауға енгізілген зерттеулердің нәтижелеріндегі, әдіснамасындағы немесе зерттелетін популяцияларындағы айырмашылықтар.
2. Біріктірілген нәтиже: бастапқы зерттеулердің нәтижелерін біріктіруден алынған жалпы біріктірілген нәтиже.
3. Жарияланымның бұрмалануы. Мета-талдаудың мақсаты қосу критерийлеріне сәйкес келетін барлық тиісті зерттеулерді іздеу және бағалау болып табылады, бірақ бұл миссия әрдайым мүмкін емес. Мысалы, кейбір зерттеулерді ағылшын тілінде жазылмағандықтан өткізіп жіберуге болады; немесе олар нәтижелерді кішкентай "эффект өлшемімен" көрсететіндіктен, сондықтан оларды жариялау мүмкіндігі аз және т. б.
...