Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау және құрылымдау
Автор: Aman_00000 • Октябрь 30, 2021 • Реферат • 3,416 Слов (14 Страниц) • 3,382 Просмотры
[pic 1] | «Астана медицина университеті» КеАҚ
|
Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы |
РЕФЕРАТ
Theme: Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау және құрылымдау.
Орындаған: Аман Нұрдәулет
Факультет: Стоматология
Топ: 101
Қабылдаған: Баймаханбетова Ә.Қ
Нұр-Сұлтан
2021
Жоспар:
Кіріспе. 3
Негізгі бөлім. 4
1.Деректер базасы, дереққор жүйесі және оны басқаруы жайлы түсінік. 4
2.Ақпараттық жүйе ұғымы,жұмыс жасауы және архитектурасы. 7
3.Деректер базасың модельдері. 9
4.Деректер базасын құру. 13
Қорытынды. 14
Қолданылған әдебиеттер: 15
Кіріспе.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар – ақпаратты жинау,өңдеу,тарату,еңгізу және қабылдау мақсатында жұмыс жасайтын технологиялар мен бағдарламалар,қызметтер жиынтығы. Жыл сайын ақпараттар көлемі артқан сайын және оларды өңдеу, қолдану кезіндегі тиімді жұмыс жасау мақсатында деректер базасы кеңінен қолданылады. Олар деректердің үлкен көлемін өңдеу,сақтау,реттеу және қол жеткізуді ұйымдастырады және құралдардың тиімділігін арттырады.
Дерекетер базасы(әрі қарай – ДБ) – бұл арнайы ұйымдастырылған деректер жинағы, олар есептеу жүйесінің жадында сақталып, обьектілердің күйін және қарастырылатын пәндік аймақтағы өзара қарым-қатынасты бейнелейді. ДБ орталықтандырылған (бір компьютерде сақталады) немесе үлестірілген (бірнеше компьютерде немесе серверде сақталады) болады.[1]
Реферат мақсаты:
- Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау және құрылымдау маңызын,мүмкіндіктерін зерттеу.
- Деректер базасының құрылуын талдау.
Реферат міндеті:
- Деректерді жинау,талдауа,құрылымдау қолданылуын және артықшылықтарын анықтау.
- Деректер базасының құрылымын, құрылу кезеңдерін және процесстерін анықтау.
- Жұмыс жасау модельдерін және типтерін қарастыру.
Реферат өзектілігі:
Ақпараттар көлемі және күрделілігі күннен күнге ұлғаюда және оларды жинау,өңдеу,сақтау процесстерінің өзектілігі,ақпарат көлемімен бірге жоғарлауда. Деректер базасы көптеген салаларда еңгізіліп, деректерді арнайы технологиялармен өңдейтін мекелер саны артуда. Дүкенде,білім алу саласында, ауруханаларда тұтынушулар жайлы ақпарат жиналып олар арнайы базаға еңгізіледі. Осы себептен күнделікті өмірде кездестіретін деректер базасының жұмыс жасауын және құрылымы білу маңыздылығы сөзсіз.
Негізгі бөлім.
1.Деректер базасы, дереққор жүйесі және оны басқаруы жайлы түсінік.
Деректер базасы көптеген салаларда қолданылатын ақпараттарды сақтау,жүйелеу және қолдану базасы екені анық, алайда бұл жағдайда ол қарапайым архивтерден немесе картотекатадан айырмашылығы жоқ болады.Сондықтанда, деректер базасын бірнеше ерекшелігіне байланысты ажыратады:
- Деректер базасы компьютерлік,санау технологияларында қолданылады,сақталады.
- Деректер базасындағы ақпараттар жақсы жүйеленіп, деңгейлер бойынша ерекшеленген. Ақпараттар негізделіп , олардың арасындағы байланыс және еңгізуге қарсы шарттар құрылған.
- Деректердегі жылдам іздеу мен өңдеу мүмкіндігін береді.
Деректер базасының құрайтын бөлшектердің жиынтығын деректер базасының жүйесін – ақпараттық жүйе архитектурасы деп атаймыз. [2]
Кез – келген деректер базасы мына операцияларды орындай алуы қажет:
- Құру(create) – ақпараттарды қосу
- Оқу/көрсету – ақпараттарды алу және оқу
- Жаңарту(update) – ақпараттарды жаңарту
- Жою(delete) – ақпараттарды жою
Деректер базасындағы архитектура бірнеше компоненттерден құралады,олар:
...