Кәсіпорынның коммуникативтік саясатын талдау және жетілдіру
Автор: 87761421789 • Сентябрь 30, 2020 • Курсовая работа • 11,257 Слов (46 Страниц) • 473 Просмотры
Кіріспе
Елімізде қазіргі уақытта өндірістік және қызмет көрсету саласын жаңа деңгейге көтеру мақсатында арнайы стратегиялық бағыттар таңдап алынған. Атап айтар болсақ, отандық тауар/қызмет өндірушілердң қызметін жан-жақты қолдау және олардың нарыққа ұсынатын тауарлары мен қызметтерінің бәсекеқабілеттілігін арттыру негізгі мақсаттың бірі ретінде саналады. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және халықты сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз ету алғашқы орындарға ие болып отыр. Тамақтандыру орындары негізінен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басым бағыты саналады.
Адамзаттың өмір сүруі жағдайында тамақтандыру үдерісі басым маңыздылыққа ие боладықтан, ежелгі заманнан дамып келе жатқан, қазіргі кездегі қоғамдық тамақтандыру саласы біршама жетістіктерге жеткендігін, дегенмен де, қызмет көрсету саласы біршама дамытуды талап етеді, оның үстіне қызмет көрсетуде сервистік қызметті қолдану арқылы жетілдіру бағыттары заман талабына айналып отыр.
Қазақстан елі - жүзден астам ұлтыаралық, қонақжай халқы. Сондықтан да, қоғамдық тамақтандыру орындарының дамуы тарихы ежелден, өзінің қонақты қабылдау əдеті мен салт-дəстүрінен бастау алады. Ұлтымыздың салт-дәстүрі бойынша, қонақтарға əрдайым ерекше көңіл бөлінген, үйінің төрін ұсынып, үй иесінің оң жағына ортырғызған.
Елімізде мейрамхана орындарының қарқынды дамуын, біздің дәуірімізге дейінгі Ұлы Жібек жолының пайда болуынан бастау алады. Ежелгі кезеңдерде жəне орта ғасырларда Жерортадан Қытайға дейін Еуразияны қосатын керуен жолдары жүйесі, халықтың сауда жəне мəдени байланыстарын құруға алып келді, мейрамхана қызметінің дамуының қайнар көзі болып саналды.
Мейрамхана бизнесінің жаңаша бір түрі ретінде, бұрынғы КСРО, кейінен ТМД елдері аумағында кейтеринг алғаш болып, Мәскеу қаласында тоқсаныншы жылдардың басында пайда болған, кейіннен Санкт-Петербург қаласында дами бастады, ал 2000 жылы Ресей Федерациясының басқа қалаларында және ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан шекарасына да келіп жетті. Қазақстанда кейтерингтің алғашқы даму кезеңдерінде оның тұтынушыларға ұсынатын қызметтерінің ерекшелігіне қрамастан көптеген күмән келтірілген еді.
Қазіргі таңда еліміздің нарығында бірнеше жүздеген тамақтандыру кәсіпорындары қызмет атқарады. Олардың арасында өзара бәсекелестік жайы күнен-күнге күрделене түсуде. Бәсекелестікте нарықтағы өз орнын сақтап қалу мақсатында, шетелдік тәжірибеден көріп отырғанымыздай, мейрамхана бизнесінде маркетингтік құралдары қолдана бастауы өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап қолағ алына бастаған. Бұл жағдайда тұтынушылармен қарым-қатынаста болу, яғни коммуникативтік саясатты іс-жүзіне асыру негізгі орындарға ие болып отырған.
Бүгінгі таңда еліміздің үлкен қалаларында мейрамхана бизнесінің дамуы және мейрамхана бизнесінде сервистік қызметтердің алуан түрлерінің пайда болуы, олардың арасындағы бәсекелестікті шиеленістіре түсуде. Соныдықтан да мейрамхана бизнесінде маркетинг қызметін қолдану арқылы тұтынушыларды өзіне тарту шаралары жиі қолданысқа ие бола бастады.
Жоғарыда атап өтілгендей мейрамхана бизнесінің тарихи дамуы көптеген ғасырларды құрай және оның дамуына адамзаттың өзінің мұқтаждықтары мен қажеттіліктері итермелеп отырады. Соныдқтан да, тамақтандыру орталықтары арасында бәсекелестіктің өте күрделі деңгейде болатындығын сөзге тиек ете отырып, бұл бағытта маркетингтік құрал ретінде коммуникативтік саясаттың алатын орыны зор екендігін атап өтеміз.
Осы аталған жайларға байланысты, дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі кезеңде өзектің мәселелердің бірі ретінде болып табылатындығына көз жеткізі аламыз. Мейрамхана бизнесі жайында көптеген ғылыми жұмыстар жарық көрген, осыған сүйене отырып, елімізде мейрамхана бизнесінде, жергілікті тұтынушылар мен келушілерге қызмет ұсынуда коммуникативтік саясаттың жүргізілуі жұмыста қарастырылатын болады.
Зерттеу нысаны: Нұр-Сұлтан қаласында орыналасқан, тамақтандыру орталығы «Аkdogan Сatering» ЖШС-гінің қызметі алынған.
...