Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау және құрылымдау. 1-ші кезең
Автор: Araika.lopq • Октябрь 30, 2021 • Реферат • 2,435 Слов (10 Страниц) • 1,953 Просмотры
[pic 1] | «Astana Medical university»NJSC «Астана медицина университеті»КеАҚ |
Department of biostatistics,bioinformatics and information tehnologies «Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар»кафедрасы |
[pic 2]
Тақырыбы: : «Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау және құрылымдау. 1-ші кезең»
Орындаған: Елен Арайлым,
жалпы медицина, 133 топ
Тексерген: Джаулыбаева Э.Б
Нұр-Сұлтан қ. 2021 ж.
[pic 3] | «Astana Medical university»NISC «Астана медицина университеті»КеАҚ |
Department of biostatistics,bioinformaties and information tehnologies «Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар»кафедрасы |
Жоспар
I.Кіріспе
Кәсіби орта туралы жалпы түсінік
II.Негізгі бөлім
Деректер ұғымы және оның маңыздылығы.
а)Деректермен жұмыс істеу әрекеті.
б)Деректер базасын құру.
в)Деректер типтері және деректерді ұсынудың модельдері.
Кәсіби орта мен деректер арасындағы байланыстың бірінші кезеңі.
а)Деректерді жинау,талдау және құрылымдаудың кәсіби ортадағы
негізгі принциптері.
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
I Кіріспе
Кәсіби орта-пәндік және әлеуметтік еңбек жағдайларының жиынтығы.Пәндік еңбек жағдайларының жиынтығы және әлеуметтік жағдайлар адамға әсер ететін факторлардың табиғаты бойынша кәсіби орта салыстырмалы түрде жайлы және стрессті немесе экстремалды болуы мүмкін.Негізінен пәндік еңбек жағдайларына ұйым құрылымы, пәні, еңбек құралдары,технологиялық және кәсіби одан басқа да міндеттерді орындаудың ерекшеліктері жатады.Әлеуметтік жағдайлар деп отырғанымыз ол- тұлғааралық қатынастар, ұжымдағы климат,жұмысқа қанағаттану және тағы басқасы жатады.Адамның кәсіби іс-әрекетін әлеуметтік,материалдық және рухани жағдайлар сипаттайды.Материалдық және рухани жағдайларға :
-Өзара әрекеттесу процестері;
-Осы өзара әрекеттесуді ұйымдастыру және жүзеге асыру жолдары;
-Өзара әрекеттесудің мазмұны;
-Белгілі бір жағдай (дамушы,төмендетуші);
-Өзара әрекеттесуге дайындық және қабылдау үшін жеке шарттар;
-Өзара әрекеттесу нәтижелері;
-Ақпаратты қанықтыру және тағы басқа.
Кәсіби ортаны қалыптастырудың негізін мамандардың кәсіби және коммуникативтік іс-әрекеттің қауымдастығы құрайды.Оған белгілі бір мамандықтың мамандары кіреді.Оларды мақсатқа жетудің және оларға жүктелген міндеттерді орындаудың жалпылығы біріктіреді.Кәсіби ортаның маңыздылығы, бір жағынан, салық органдарының сыртқы әлеуметтік ортада қарастырылған қызметін кәсіби түрде жүзеге асыруын қамтамасыз етсе, екінші жағынан, ұйымның ішкі ортасында кадрлардың кәсіби дамуына әсер етеді.Кәсіби орта кәсіпқойлықтың өсуіне ықпал етуі де, кедергі болуы да, басқару органдарының өздері қызметінің тиімділігін арттыруы немесе әлсіретуі мүмкін. Сонымен қатар,жас мамандар немесе студенттер үшін кәсіби орта тәжірибе ғана емес, сонымен қоса нормалық ережелерді үйренуге әсер етеді.Бұл факторлар жас маманның кәсіби ортада деректерді жинауына, оны зерттеуге және құрылымдауға ықпал етеді.
...