Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау және құрылымдау
Автор: elnurzakirov222 • Декабрь 13, 2022 • Реферат • 1,384 Слов (6 Страниц) • 1,541 Просмотры
Астана медициналық унтверситеті КеАҚ | |
[pic 1] | Биостатика ,биоинформатика және ақпараттық технологиялар факультеті |
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау және құрылымдау
Тексерген:Джаулыбаева Эльвира Бейсембайқызы
Орындаған:Закиров Элнур
2021-2022 жыл
Мазмұны
- Деректер базасын құру
- Деректер базасын жобалау
- Деректер базасын талдау
- Деректер базасы
- Қорытынды
Деректер базасын құру
Автоматтандырылған басқару жүйесі- кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, әскери телекоммуникацияла құралдарының, радионавигациялық,ақпаратты есептеуіш және тағы да басқа тиімді басқару жүйесі болып табылады. Ақпараттар ядросы болып деректер базасы болып табылады. Ақпараттардың үлкен көлемді болуы, оймен атқарылатын қызметтердің қиындығы және ондағы деректер сақтау қол жеткізу өңдеуді құралдарын тиімділік мәселесінің маңыздылығын арттырады. Деректер базасы алғашында автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып 20ғасырдың 60 жылдары әскери өнеркәсіпте және бизнесті де пайда болған. Автоматтандырылған ақпарат жүйесі алғашында фотографиялық сипаттамалы ақпаратпен жұмыс істеуге бағытталған болды. Деректер банкі. Бұл деректер базасының қолданылу орталығы бойынша біріктірілген жиынтығы. деректер банкі деректерді бір орталықта сақталған және ұжымдық негізде пайдалануға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл жүйенің құрамында дерекқордың басқару жүйесі, дерекқор, дерекқордың базасының анықтамалары сондай-ақ оларды сұраныс және қолданбалы бағдарлама кітапханалары болады.Деректер базасы. Ұзақ мерзімге сақтауға өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің реттелген жиынтығы. Жазба деректерді реттелген жүйеге келтіру адамзат мәдениетінің ажырамас белгісі болып табылады. Компьютерлік дерек қордың негізін түрліі телефондық кітаптар ,күнтізбелер ,карталар, атластар ,кестелер, каталогтар кезеңде құжаттар т.б құруы мүмкін.Деректер базасын басқару жүйесі. Қолданушыларға деректік базасын құруға анықтауға және сүйеуге мүмкіндік беретін және сонымен бірге оған қадағаланатын рұқсатты беретін бағдарламалық қамтама . Деректер базасын басқару жүйесі әдетте қолданылатын деректерден ерекшеленеді. ДББЖ қолданушының қолданбалы бағдарламалары және деректер базасымен өзара әрекеттесіп келесі мүмкіндіктерге ие болады: 1 Деректер базасын анықтау, деректер базасын анықтауды Data definition language анықтау тілі арқылы іске асырылады. Сонымен қатар деректер базасында сақталатын ақпараттар үшін шектеу құралдарын ұсынады.2 деректер базасында ақпараттарды жою, жаңарту, қою және де басқа да амалдарды орындауға мүмкіндік береді.Бұл data manipulation language DML арқылы орындалады. Деректер базасының әкімшісі.деректер базасын талаптарын әзірлеуге кезеңі жобалауға ,құруға ,тиімді қолдануға ,қызмет көрсетуге, жарамды адам немесе адамдар тобы.Қызмет көрсетуші персонал. жұмыс тәртібіне техникалық және бағдарламалық құралдардың қолдау функцияларын орындайды
Деректер базасын жобалау
Деректер базасының жобалау әдіснамасының көптеген түрлері бар. Олар ANSI/SPARC әдіснамалары болып табылады. Талаптарды қалыптастыру және жеке талдау кезінде ұйымның немесе топтың мақсаттары және де деректер базасының қойылатын талаптары анықталады. Концентуалды жобалау кезеңі бастапқы деректер базасының жобасында қолданушылардың ақпараттық талаптарын сипаттау жәнеде синтездеу ден тұрады.алғашында деректер классикалық тәсілде қолданушы құжаттарының жиынтығы немесе заманауи тәсілдер қолдануда алгоритмдер болуы мүмкін. Деректер базасын жобалаудың алғашқы сатысында деректер базасының моделі таңдалады. Содан кейін деректер базасының сипаттау тілінің көмегімен деректер базасы құрылады. Логикалық процесінде жоғары деңгейде ұсынылған деректерді қолданылатын ДББЖ құрылымына айналады. Негізгі мақсаты арнайы қалыпқа келтіру ережелерін қолдану арқылы артық деректерді болдырмау.Қалыпқа келтірудің мақсаты- туралы деректердің қайталануын азайту және жаңарту процедураларының деректер базасындағы мүмкін болатын құрылымдық өзгерістерді ықшамдау.ДБ ның логикалық құрылымы әртүрлі сипатта сандық бағаланған болуы мүмкін. Осы бағалау негізінде логикалық құрылымды жетілдіруге болады.
...