Түркістан облысының туристік мүмкіншіліктері
Автор: i_love_fariza_93 • Декабрь 3, 2018 • Реферат • 635 Слов (3 Страниц) • 1,149 Просмотры
Түркістан облысының туристік мүмкіншіліктері.
Қазақ елінің бай тарихы, сирек кездесетін материалдық тарихи ескерткіштер, төл мәдениет, емдік су және балшық - лай көздері, елдің ашықтығы және оның ынтымақтастыққа дайындығы – осының барлығы туристік индустрия мен қонақ үй нарығының дамуына негіз бола алады. Туристер мен басқа да келушілердің санының өсуі қонақ үйлердің қызметіне әсер етуде. Бүгінгі таңда қонақ үйлердің бәсекелесі ретінде жиһаздалған пәтерлер мен коттедждер жалға беретін үй шаруашылық секторы болып отыр. Елімізде туристерді тарту мен демалысты ұйымдастыру үшін климаттық, табиғи және басқа да жағдайы бар,бірақта ол үшін қызмет көрсету саласының сервисін, жолдардың сапасы мен өткізу қабілетін көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету сервисін жақсарту. Сонымен қатар туристік кәсіпорындар мен қонақүй шаруашылығының материалдық-техникалық базасын дамыту, туристік базасын дамыту, қонақ үйлер мен мейрамханаларда қызмет көрсету сапасын жақсарту керек. Еліміздің тұрғындарын демалу үшін шетке шығармай табиғаты таңқалдырар өз жерімізде жағдайын жасап, туризм өркен жаятыны сөзсіз.
Туризм және қонақ үй саласын дамытудағы күрделі жағдай ол еліміздің туристік имиджін насихаттау керек. Бұл бағыттағы жұмыстардың көбі халықаралық көрмелермен тығыз байланысты. Түркістан облысы Шымкент қаласында М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжінде «қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша студенттер бітіріп, ұшқалы отыр. Осы мамандық бойынша оқитын оқушылар Rixos khadisha Shymkent, «Канвас», «Достық», «Жібек Жолы» қонақ үйлерінде іс-тәжірибеден өтуде.
Қазақстандағы туризмнің қалыптасып, дамуы 1920 жылдардан кейін басталды. Республикада құрылған алғашқы оқу орны — Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының дене дайындығы кафедрасынан республика аумағы бойынша жорықтар ұйымдастырыла бастады. Бұл жорықтар шаңғы, тау және жаяу туризм бойынша ұйымдастырылды. Шаңғы туризмі бойынша Іле Алатауымен және оның етегімен және Қырғыз Алатауы етегімен Бурное селосына дейін Жамбыл облысының Жуалы ауданының орталығы жорықтар ұйымдастырылды.
Түркістан облысы бойынша тарихи-мәдени және табиғи орындарға танымдық мақсатта экскурсиялық саяхаттар жасайтын орындар жетерлік. Атап айтар болсақ, Сайрамда бар сансыз баб, Отырар – өте көне қала, Түркістан – мұсылман қауымының екінші Меккесі, Қазығұрт тауы – Кеме қалған, Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Төлеби ауданындағы Біркөлік шатқалы, Ақмешіт шатқалы, Қасқасу шатқалы, Сайрам Өгем ұлттық саябағы табиғаты көркем, ауасы таза, таңқаларлықтай керемет жерлер жетерлік. Туристік саяхаттар, танымдық экскурсиялар, түрлі туристік жарыстар, жорықтар жүргізіліп жатыр.
...