Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы тұлға психологиясын қарастыру
Автор: Ansag-anerkinuly • Март 10, 2021 • Реферат • 1,111 Слов (5 Страниц) • 1,280 Просмотры
2 тақырып. ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ
Мақсаты: туризм және қонақжайлылық индустриясындағы тұлға психологиясын қарастыру
Қарастыратын сұрақтар:
2.1 Тұлғаның құрылымы және тұлғаны қалыптастыру факторлары
2.2 Тұлғаның психикалық күйі
2.3 Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері: темперамент, мінез, бағыттылығы, қабілеті
2.4 Жеке тұлғаның психикалық қасиеттерінің туризм және қонақжайлылық индустриясын жүзеге асыруға әсер ету ерекшеліктері
3.1 Тұлғаның құрылымы және тұлғаны қалыптастыру факторлары
Начало формы
Конец формы
Тұлға тек психологияның ғана қарастыратын мәселесі емес, сонымен қатар философияның және қоғамдық-тарихи танымның да мәселесі болып табылады. Тұлға дамуының психологиялық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте «тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам», «индивиді және «даралық» түсініктерімен ара-қатынасын, байланысын ашуымыз керек.«Индивид» ұғымы тіршіліктің дамуының ерте сатыларында пайда болатын биологиялық эволюцияның нәтижесі, оның барысында орг андар және функциялардың саралан у процесі ғана жүзеге аспайды, сондай-ақ олардың ықпалдастығы өзара ретке келеді.Индивид —бұл, ең алдымен, генотиптік құрылым. Генотип–организмнің тума, алдын ала белгіленген генетикалық ерекшеліктері. Бірақ оның қалыптасуы оптогенезде де, өмір барысында да жалғасады. Нәтижесінде фенотиппайда болады. Сондықтан индивидтің сипаттамасына онтогенетикалық қалыптасатын қасиеттер және олардың ықпалдасуы да кіреді.Бұл жердегі жалпы ереже: биологиялық эволюция сатысымен жоғары көтерілген сайын индивидтердің өмірлік көріністері және жүре пайда болған ерекшеліктерінің айырмашылықтары анық көрінеді.Сонымен, индивид белгілі бір сыртқы жағдайлардың филогенетикалық және онтогенетикалық нәтижесі бола тұрса да, ол сол жағдайлардың жай көшірмесі емес, ол ортамен өзара әрекеттестіктегі өмірдің дамуының өнімі.Бірақ "индивид" және "тұлға" ұғымдарын айыра алу тұлғаның психологиялық талдауының қажетті алғышартын құрайды.«Тұлға» түсінігі «адам» түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Тұлға —қоғамдық-тарихи категория. Оның қоғамдық мәнімен әлеуметтік функциясы тұлға сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Тұлға—қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз —тұлғаның атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата-ананың ролі —балаларын тәрбиелеу. Тұлғаның позициясы дегеніміз —оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне, өзі мойнына алған міндеттерге, қоғамдық, еңбек міндеттеріне, дегент.б. қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін, оның әлеуметтік бағдарын сипаттайдыТұлғасөзі тек адамға қатысты және тек оның дамуының белгілі бір кезеңінен бастап қана қолданылады.
2.2 Тұлғаның психикалық күйі
Тұлға —бұл адамның қоғамдық тарихи және онтогенетикалық дамуының біршама кеш нәтижесі.Бұл туралы С.Рубинштейн де жазған.Тұлға —ол арнайы адамдық құрылым, яғни адамның санасы, оның қажеттіліктері сияқты, адам тұлғасы да "жасалады", қоғамдық қатынастармен құралады, оған индивид өзінің іс-әрекетімен кіреді. Оның индивид ретінде кейбір ерекшеліктері мүлде өзгереді, өзгеретін жағдай мұның себебі емес, ол оның тұлғасының қалыптасу нәтижесі.Тұлғаның қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай тұрып түсіну мүмкін емес: іс-әрекетпен айналысу себебін, қабілеті мен мінез-құлқын, ал кейбір жағдайларда тіпті дене құрылысын, мысалы нерв жүйесінің типін тексеруге тура келеді. Даралық дегеніміз —өзіндік өзгешелігі бар тұлға. Даралық туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр-сипатын айтады. Әдетте «даралық» деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай да бір басты қасиетін көрсетеді. Даралық мінез және темперамент, шығармашылық іс-әрекет және қабілеттер ерекшелігімен көрінеді. Абсолютті бірдей екі адам болмайды. Яғни, әр адамға өзіндік ерекшеліктері (психикалық, әлеуметтік) бар даралық ретінде қарауымыз керек.
...