Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы басқару психологиясы
Автор: AselN2104 • Сентябрь 24, 2023 • Реферат • 782 Слов (4 Страниц) • 226 Просмотры
Дәріс 7. ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
2. Оқыту әдістері/дәрістүрі: шолу лекциясы
3. Оқытудың техникалық құралдары, көрнекі құралдар: слайд, презентациялар, электронндық оқулықтар
4. Дәрістің оқыту нәтижелері: Туризм субъектілерінің психологиясын тану арқылы туризм саласының дамуының заңдылықтарын талдайды; Халықаралық және ішкі туристтердің әлеуметтік, этникалық, саяси, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарына толеранттылық қалыптастырады; Халықаралық және ішкі туризм саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды еркін қолданады; Халықаралық және ішкі туризм өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарында жылжыту үшін психологиялық әдістерді қолдана біледі
5. Дәрістің мазмұны (жоспары)
1 Басқару психологияның теориялық негіздері.
2Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы басқару үрдістері мен жүйесі
6. Дәрістің тезистері;
1 Басқару психологияның теориялық негіздері
«Басқару психологиясы–басқару қызметіндегіпсихологиялық заңдылықтарды оқытатын психология саласы. Басқару психологиясының негізгі мақсаты-ұйымдастыру жүйелерінің тиімді жолдарын өңдеу. Басқару психологиясының негізгі міндетібасқару жүйесінде тиімділікпенжұмыстың сапасын арттыру мақсатында басқару қызметінің ерекшеліктерімен психологиялық шарттарын талдау.Басқару психологиясының пәні-негізгі басқару функциясын орындауда жүзеге асыратын басқарушылардың әрекеті.Басқару психологиясының мазмұны –адам әрекетін, топтық және ұйымның тұтастай психологиялық аспектісін жасау.
Басқару психологияның көздері:-басқару тәжірибесі;-психология ғылымының дамуы;-ұйымның әлеуметтік дамуы.«Басқару психологиясы» өзінің синонимдері бар. Олар: «ұйымдастыру психологиясы», «ұйым психологиясы». Бұлар салыстырмалы жаңа ғылымдар, басқару ғылымының бір саласы. Басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып басқару функциялары табылады. Ол басқарушы әрекеттің бағытымен нақты формасын түсіндіреді.Басқару психологиясында төмендегідей басқару функциялары белгіленген:−жоспарлау;−ұйымдастыру;−мотивация;−бақылау.
Басқару психологиясы - басқарудың психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психологияның бөлімі.Басқару қызметі - жеке тұлғаның қасиеттері мен қасиеттерін ескере отырып, адамдарды басқару жөніндегі ұйымда басқару шешімдерін қабылдауға байланысты іс-шаралар.Менеджмент психологиясының міндеттері тәуелсіз ұйымдарда қаржылық және құқықтық қатынастарда болатын, қызметі корпоративті мақсаттарға бағытталған адамдар.
2 Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы басқару үрдістері мен жүйесі
Басқарудың ұйымдық құрылымы – қатаң бағынушылық тәртіпте орналасқан, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін жүйе элементтерінің жиынтығы. Мұндай құрылымның басты мақсаттарының бірі қонақ үйдің жеке бөлімшелері арасында өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді белгілеу және жіктеу. Басқару құрылымында төмендегі маңызды элементтер бар:
- басқару буындары (бөлімдер, қызметтер);
- басқару деңгейлері (сатылары);
- тік және көлбеу байланыстар.
Басқару буындарына құрылымдық бөлімшелер, сонымен қатар сәйкес басқару функцияларын немесе олардың бір бөлігін жүзеге асыратын жеке мамандар (мысалы, бірнеше құрылымдық бөлімшелердің қызметін реттеу мен координациялауды жүзеге асыратын менеджерлер) жатады. Басқару буынының қалыптасу негізінде бөлімнің белгілі бір басқару қызметін орындауы жатыр. Бөлімдер арасындағы байланыс көлбеу сипатқа ие болып келеді және осы үдеріс басқару деңгейлерінің қалыптасуына әсер етеді. Басқару деңгейі деп басқару жүйесінде нақты бір сатыдан орын алатын қонақ үйді басқару буындарының жиынтығын айтады.
...