Жобалау мақсатында модель-аналогтарды талдау
Автор: begdillayevazhan • Апрель 26, 2021 • Реферат • 832 Слов (4 Страниц) • 588 Просмотры
1. Жобалау мақсатында модель-аналогтарды талдау
1. Жобалау мақсатында модель-аналогтарды талдау
1.1. Cәннің болашақ бағыты
2. Сырт киім ассортимент үлгілерінің коллекциясы
3. Үлгінің техникалық эскизі. Үлгінің сыртқы түріне көркемдік- техникалық шешімдік сипаттама
3.1. Әйелдерге арналған маусымдық жиынтықтың техникалық сипаттамасы 4. Бұйымға конфекциялық карта жасау
4.1. Әйелдерге арналған маусымдық жиынтықтың материалдарын таңдау және негіздеу
4.2. Әйелдерге арналған маусымдық жиынтықтың материалдарына қойылатын талаптар
4.3. Конфекциялық карта
5. Үлгінің конструктивті ерекшеліктерін талдау
6. Бұйымның базалық және модельдік конструкциясын дайындау (1:4)
6.1. Өлшем белгілері мен бастапқы мәліметтерді жинау. БК есебін тұрғызу
7. Әйелдерге арналған жиынтықтың БК мен МК-сын тұрғызу
8.Үлгіні өндірістік процеске жіберу үшін бөлшектердің лекалоларын дайындау және безендіру
9. Лекал спецификациясы
10. Бұйымның технологиялық бірізділігін әзірлеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жеңіл өнеркәсіп – халық тұтынатын көпшілік қолданатын заттар, ең алдымен мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары – мақта, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары және аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.
Жеңіл өнеркәсіп – бұл саланың мақсаты: тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы «тиімді жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету». Ондай тауарлар өсімдік (мақта, жібек) және жануарлар (тері,былғары) өнімдерінен алынады. Біздің еліміз үшін бұның маңызы зор, өйткені, адамдар суық қыс пен ыстық жазда жасанды теріден гөрі мақтадан тігілген киімдер мен былғары аяқ киімдерін киюді артық көреді.
Жеңіл өнеркәсіптің 13 саласы бар. Оның негізгілері — тоқыма, тігін, мақта-мақга, былғары, тері илеу салалары. Ол басқа салалармен және салааралық кешендермен тығыз байланысқан.
Жеңіл енеркәсіп (кей жағдайда болмаса) – материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізаты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді. Оның дамуы ауыр өнеркәсіпті аудандарда еңбек қорларын толығырақ пайдалануға, айтарлықтай минералдық және басқа табиғи қорлары жоқ жерлерде кәсіпорындар ашуға мүмкіндік береді.
Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала – тоқыма өнеркәсібі. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Әлеуметтік- экономикалық маңызы зор бұл саланы дамытуға әлемнің көптеген елдері әлдеқашан түбегейлі бетбұрыс жасалған. Мәселен, жеңіл өнеркәсіптің үлесі АҚШ, Италия, Германия, Қытай, Үндістан, Түркия сияқты дамыған елдерде 12-20 пайызды құрайды. Қытай, Үндістан, Түркия, тіпті іргедегі Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттері табысының қомақты бөлігін жеңіл өнеркәсіп тауарларының экспортынан түсіруде. Соңғы жылдары қырғыз елінің ішкі жалпы өніміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі 30 пайыздан асты. Ал қазіргі таңда Қазақстандағы қайта
...