«Демалыс, рекреация, туризм: түсініктердің арақатынасы» – схемасын құрастыру
Автор: DFHJ • Сентябрь 29, 2021 • Реферат • 498 Слов (2 Страниц) • 740 Просмотры
СӨЖ |
Тақырып: «Демалыс, рекреация, туризм: түсініктердің арақатынасы» – схемасын құрастыру» |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
[pic 1] Рекреациялық география және туризм кафедрасы
«Демалыс, рекреация, туризм: түсініктердің арақатынасы» – схемасын құрастыру»
1. Демалыс - «демалыс» ұғымының мәні «еңбек» ұғымымен үйлескенде ғана айқын болады. Еңбек демалысыз мүмкін емес, дәл сол сияқты демалыс еңбексіз мүмкін емес. Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін толықтырады, жүйке жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатындар үшін физикалық қысым азаяды. Н. С Мироненко мен И. Т Твердохлебовтың айтуынша, демалыс - бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті.
Бос уақыт - демалуға, бұлшық ет және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Бос уақыт - рекреациялық процестің дамуының керекті шарты. Бос уақыт басқаша айтқанда белсенді іс әрекетке кететін уақыт. Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына келтіру функциясы; 2) физикалық даму функциясы. Қалпына келтіру функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму функциясына сауықтыру, танымдық, қатынасу жатады. Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді.
Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстар жиынтығы.
Туризм – (француз сөзі tuorisme - серуендеу, саяхат жасау) - бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Рекреация немесе демалысқа қарағанда туризм қысқа түсінік болып табылады. Қазіргі заманғы әдебиеттер бойынша - туризм мағынасы адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Туризм ол тұрақты жерден тыс жерге 24 сағаттан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі.
...