Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Барлау мақсатында кенорындарды геологиялық құрылысының күрделілігі бойынша топтастыру

Автор:   •  Октябрь 20, 2018  •  Реферат  •  2,969 Слов (12 Страниц)  •  1,401 Просмотры

Страница 1 из 12

                                            ЖОСПАР

    І. Кіріспе

    ІІ. Негізгі бөлім

  1. Барлау мақсатында кенорындарды геологиялық құрылысының күрделілігі бойынша топтастыру.
  2. Зерттелу дәрежесі бойынша кенорындардың топтасуы
  3. Барлану дәрежесі бойынша қорлардың категориялары.
  4. Геологиялық зерттелуінің дәрежесі бойынша болжамдық ресурстардың категориялары .
  5. Қорларды есептеудің әдістері.

   

  ІІІ. Қорытынды

  IV.Пайдаланылған әдебиеттер

                                                     Кіріспе

 

     Жер қойнауындағы пайдалы қазба немесе пайдалы компонент іздеу жұмыстары арқылы           табылса, ол барлау жұмыстары нәтижесінде кенорнына айналуы мүмкін.

  Кенорнына айналмаған шоғырларды жәй кен көзі немесе кен білінімі деп атайды. Кенорындар өнеркәсіптік және бейөнеркәсіптік деп бөлінеді.

Кенорындарды сипаттайтын негізгі көрсеткішке жер қойнауындағы пайдалы компоненттердің жалпы мөлшері – яғни оның геологиялық қоры жатады.

  Қоры жағынан кенорындар: - ұсақ, орташа, ірі, өте ірі және теңдесі жоқ  деп бөлінеді. Геологиялық барлау жұмыстары күрделі, көп сатылы,   ұзақ мерзімді жұмыстар. Көп жағдайларда барлау жұмыстары басталғаннан кейін қор жөніндегі мемлекеттік комиссияға тапсырғанға дейін бірнеше ондаған жылдар өтуі мүмкін.

          Кенорындарды барлаудың негізгі принциптеріне мыналар жатады:  

      1.Зерттеулердің толықтығы.Зерттеулердің толықтығы принципі барлық кенорынды нақты бір дәлділікпен зерттеудің қажеттігімен сипатталады. Зерттеулердің толықтылығы дәрежесі жұмыстардың дәлділігіне байланысты болады. Зерттеулердің толықтығы принципіне сәйкес келесі мәселелер қарастырылады:

  • кен денесін және кенорынды толығымен контурлау;
  • кен денелерін барлау қазылымдарымен толық қиып өту;
  • пайдалы қазбалардың сапасын толық зерттеу;  
  • кенорынды кешенді зерттеу.  

 2.Нақты мәліметтерге бірте-бірте жету.Нақты мәліметтерге бірте-бірте жету принципі кенорны туралы қажетті мәліметтерді біртіндеп алуды қарастырады. Барлау жұмыстарының нәтижесінде кенорынның геологиялық құрылысы туралы, пайдалы қазбаның саны мен сапасы туралы, кенорынды қазып алудың кен-техникалық жағдайлары туралы және кенорынды игеруді жобалауға жеткілікті және қажетті мәліметтер алынуы керек.

3.Біркелкілік (бірдей сенімділік).  Біркелкілік немесе бірдей сенімділік принципі кенорынды біркелкі зерттеудің қажеттілігімен сипатталады. Бұл принципті тау қазылымдар және ұңғымалар арасындағы және кен денелерінің құлау және созылу бағыты бойынша сынамаланатын кенді қиылыстардың бірдей қашықтықтарды таңдау кезінде қолданылады.  

4.Ең аз материалдық мен еңбек шығындары. Ең аз материалдық және еңбек шығындары принципі барлаудың негізгі міндеттерін орындауға жеткілікті геологиялық барлау жұмыстары  көлемінің минималды болғанын білдіреді.  

5.Ең аз уақыт шығындау.Ең аз уақыт щығыны принципі кенорындарды қысқа ғана уақыт аралығында барлауды көздейді. Бұл принцип маңызды экономикалық мәнге ие болып келеді. Барлау жұмыстарының мерзімін қысқарту кенорынды ертерек игеруді бастауға және барлауға кеткен қаражаттардан пайда алуға мүмкіндік береді.

6.Жалпыдан нақтыға көшу;  

7.Жұмыстардың тиімді болуы;

Барлау мақсатында кенорындарды геологиялық құрылысының

күрделілігі бойынша топтастыру.

          Геологиялық құрылысының және пайдалы қазбалардың таралуының күрделілігі бойынша өнеркәсіптік игеруге дайындалған кенорындардың зерттелу дәрежесі анықталады. Кенорындар геологиялық құрылысының күрделілігі бойынша үш топқа бөлінеді.

       Бірінші топқа – пайдалы қазба қорларының басым бөлігі (70% көп бөлігі) бұзылмаған немесе азғантай бұзылған жатысты, бір қалыпты қалыңдықты, негізгі пайдалы компоненттері біркелкі таралған пайдалы қазбалардың біркелкі сапасы және ішкі құрылысы бірдей кен денелерінде орналасатын қарапайым геологиялық құрылысты кенорындар жатады. Кенорынның қарапайым геологиялық құрылысы пайдалы қазбалардың қорларын А, В, С1 и С2 категориялары бойынша барлауға мүмкіндік береді.

...

Скачать:   txt (36.5 Kb)   pdf (239.1 Kb)   docx (24.4 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club