Демалыс пен туризм мақсаты үшін территорияны аудандастыру
Автор: kbolatbek • Ноябрь 29, 2021 • Контрольная работа • 603 Слов (3 Страниц) • 713 Просмотры
Демалыс пен туризм мақсаты үшін территорияны аудандастыру
Орындаған: Абилгаизева Салтанат
- Аумақтың туристік аудандастырылуы не үшін қажет? Аудандастырудың басқа түрлерімен оның қандай байланысы бар?
Жалпы алғанда турихмнің дамып, оның материалдық-техникалық базасының ұлғаюы, туризмнің мақсаты үшін табиғи және мәдени-тарихи элементтерді интенсивті пайдалану , оларды аймақтың әлеуметтік-экономикалық өміріне әсерінің өсуі-осының бәрі территорияны туристік аудандастыру мақсаты үшін арнайы зерттеулерді қажет етеді. Көптеген адамдар туристік аудандастыруды рекреациялық және табиғи аудандастырумен шатастырады. Бұл кең таралған қате пікір.
- «Рекреациялық аудан» мен «туристік аудан» анықтамаларының айырмашылығын түсіндіріп беріңіз.
Рекреациялық аудан деген түсінікке тоқталар болсақ,1991 жылға дейін оның негізіне демалыс,емделу содан кейін туризм үшін табиғат жағдайларының анализі мен бағалануы жатты. Қазір де бұл ұғымды пайдалану тек қана табиғаттану зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді,одан өзге жағдайларды анықтау өте қиын,кейді тіпті мүмкін емес, себебі рекреациялық ауданның нақты белгіленген шекарасы анықталмаған. Ал туристік ауданның шекарасы бар. Оныі шекарасы ретінде әкімшілік аудандардың шекарасын қарастырамыз. Туризм рекреацияға кіргендіктен олардың айырмашылықтарына қарамай осы процесс бойынша аудандастыру жүргізіледі.
- «Туристік аймақ» (аудан) деген не? С. Лишевскийдің «туристік кеңістік» ұғымынан оның қандай айырмашылығы бар?
Туристік аймақ дегеніміз В.С. Преображенскийдің пікірінше, туризм дамуының ауданы. Оны туристік аудандастыру кезінде бөлінген ауданнан айыру керек. Туристік аужан-туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалық аудан. Бұл ауданда туристік іс-әрекеттер басым болып келеді. С.Лишевскийдің айтуынша, туристік кеңістік түрлері туризм дамуының фазаларын және аумақты игеру деңгейін көрсетеді.Мұндай жағдайда туристік аймақтар- таңдалып алған критерийлер бойынша бірқалыпты ареалдар.
- Туристік аудандастырудағы жүйе қалыптастырушы және аймақ қалыптастырушы факторлары деген не?
Басты жүйе қалыптастырушы фактор – сала блоктары (жүйе бөліктері) арасындағы байланыстар болып табылады. Ал аймақ қалыптастырушы фактор – жүйе бөліктерінің нақты элементтерінің бір-бірімен және табиғи, әлеуметтік-экономикалық, мәдени орталары элементтерімен аумақтық үйлесулері болып табылады. Осы байланыстар арқылы аталған аумақтың туристік мамандандырылуы қалыптасады.
- Туристік ауданның негізгі сипаттамаларын беріңіз.
Туристік аудандардың бірқатар ерекшеліктері бар : туристік аудан - өзінің сипаты мен өнімі бойынша әлеуметтік құрылым . Туристік ауданның өнімі - халықтың физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және жетілдіруге арналған туристік қызметтер ; туристік аудандардың өндіріс үдерісі бөлек кезең дерде өтетін басқа салалық аудандардан айырмашылығы - онда қоғамдық ұдайы өндірісінің төрт сатылы процесі қатар жүре ді : өндіріс , алмасу , тарату және тұтыну . Туристік аудандарда екі шеткі сатылар арасында ( өндіріс пен тұтыну ) уақыттық үзі ліс жоқ . Бұл алдын ала жинақталмайтын туристік қызметтерге жататын қасиет ; туристік аудандар ресурстарға бағытталады . Яғни тау - кен , балык , орман өндірістік салалармен және ауыл шаруашылық аудандарымен туристік аудандардың ұқсасты ғы - ұзақ ( жыл бойы ) демалыс функциясын атқаратын туристік аудандарды орналастыру үшін жеткілікті түрде ресурстардың болуы керек ; көптеген туристік аудандарға тән қасиет табиғи ырғақтарға және қоғам өмірінің ұйымдастырылуына сәйкес мез гiлмен жұмыс істеуі .
...